- Басты бет
- /
- Еңбек қатынастары тәжірибесі
Еңбек қатынастары тәжірибесі
Адам құқықтарын сақтау және еңбек қатынастарын құру саласында Банк БҰҰ Жаһандық шартының, Банктің Корпоративтік басқару кодексінің, Банктің Тұрақты даму саясатының қағидаттарын басшылыққа алады.
Есепті жылы еңбек қатынастары тәжірибесін бұзғаны үшін Банкке берілген шағымдар болған жоқ. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес жеке еңбек дауын/шағымдарды қарау үшін жүгінуге құқылы:
- Банктің келісу комиссиясына;
- Банктің Омбудсменіне;
- Банк қызметкерлерінің өкіліне.
Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен регламенттеледі.
2025 жылы Банкте адам құқықтарының Банк қызметі үшін маңызды аспектілеріне байланысты саясаттар мен рәсімдер бойынша оқыту жүргізілді. Атап айтқанда, «Банк қызметкерлерінің гендерлік теңдік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру» қашықтан оқыту курсы өткізілді, осы оқыту шеңберінде Банктің 1 352 қызметкері қамтылды. Сондай-ақ «Адам құқықтары» және «Көптүрлілік пен инклюзивтілік» тақырыптары бойынша оқыту өткізілді. Осы оқытулар шеңберінде Банктің 1 171 қызметкері қамтылды.
Балалар еңбегі және мәжбүрлі еңбек пайдаланылатын, сондай-ақ жас қызметкерлер қауіпті жұмыстарды орындайтын бөлімшелер жоқ.