- Басты бет
- /
- Мүдделер қақтығысы
Мүдделер қақтығысы
Банкте корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясат бекітілген, ол Банкте мүдделер қақтығысының алдын алуға бағытталған шаралар тізбесін айқындайды. Оның негізінде қарама-қарсы бағытталған мүдделердің, пікірлердің, мақсаттардың, оларға қол жеткізу тәсілдері туралы әртүрлі түсініктердің қақтығысы жатыр.
Саясатта лауазымды тұлғалардың (Банктің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің), Банк қызметкерлерінің Банктің және оның Жалғыз акционерінің мүддесінде әрекет ету міндеті нақты бекітілген, сондай-ақ олардың жауапкершілігі айқындалған.
Саясат талаптарына сәйкес Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері мүдделер қақтығысына жол бермеу мақсатында мүдделер қақтығысын ықтимал туындатуы мүмкін кез келген әрекеттер мен өзара қарым-қатынастардан аулақ болуға міндетті. Банктегі жеке мүдделер мен кәсіби міндеттер арасындағы кез келген мүдделер қақтығысы Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларына және Саясатқа сәйкес ашылып, реттелуі тиіс. Мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Банк қызметкерлері мүдделер қақтығысының туындау тәуекелін шектейтін әрекеттерді сақтау туралы міндеттемеге қол қояды.
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Банктің Директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жасалуы мүмкін. Банктің кредиттік саясатында Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелерге қатысты көзделген шектеулер мен талаптар Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалатын мәмілелердің барлық түрлеріне қолданылады.
Сондай-ақ Банктің Директорлар кеңесі туралы ережеде корпоративтік қақтығыстар туындаған жағдайда Директорлар кеңесінің төрағасы оларды шешу және Банктің қызметіне теріс әсерін барынша азайту бойынша шаралар қабылдайтыны және мұндай жағдайларды өз күшімен шешу мүмкін болмаған жағдайда Жалғыз акционерді уақтылы хабардар ететіні көзделген. Банк 2025 жылы Банкпен және оның лауазымды тұлғаларымен корпоративтік қақтығысқа байланысты Жалғыз акционердің өтініштері болмағанын растайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Банктің ішкі құжаттарының талаптарын түсіндіру, сондай-ақ мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу мақсатында Комплаенс-бақылау басқармасы Банктің барлық қызметкерлері үшін «Отбасы банк» АҚ-да корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясат» тақырыбында оқыту курсын өткізді, ол теориялық бөлімді де, материалды меңгеру деңгейін бағалау және алынған білімді бекіту үшін қорытынды тестілеуді де қамтыды.