- Басты бет
- /
- Халықаралық ұйымдарға мүшелік
Халықаралық ұйымдарға мүшелік

Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясы (ЕҚЖКФ)
ЕҚЖКФ тұрғын үйді қаржыландыруды ілгерілететін және қолдайтын кредиттік және өзге де институттардың қауымдастығы болып табылады. Федерация 1962 жылғы 29 тамызда құрылды және еуропалық деңгейдегі алғашқы кредиттік федерациялардың бірі болып табылады.
Еуропа саяси және экономикалық интеграцияға қарай жылжыған сайын, Федерация тұрғын үйге меншік құқығы идеясын ілгерілетеді, Еуропалық одақта өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді, өз мүшелерінің еуропалық бірігу барысы және осы мақсатта Еуроодақ органдары қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар болуын қадағалайды.
Бұдан басқа, Федерация тұрғын үйді қаржыландыру және тұрғын үй саясаты саласында өз мүшелері арасындағы өзара ақпарат алмасуды және тәжірибе алмасуды қолдайды әрі жандандырады. Бүгінгі таңда қауымдастыққа Еуропа мен Азия бойынша 36 мүше кіреді. Отбасы банктің ЕҚЖКФ-ға толыққанды мүшелігі қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін одан әрі дамыту және құрылыс жинақ кассаларының әлемдік қоғамдастығына ықпалдастыру процесін ілгерілету үшін бірегей мүмкіндік болып табылады.
Халықаралық тұрғын үй қаржыландыру одағы (ХТҚО)
ХТҚО 1914 жылы құрылған тұрғын үйді қаржыландыру саласындағы халықаралық ұйым болып табылады. Негізгі міндеттері: тәжірибе және өзекті ақпарат алмасу, дамушы елдерде тұрғын үйді қаржыландыру жүйелерін дамыту, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шешімдерді ілгерілету. 2014 жылғы қыркүйекте ХТҚО Отбасы банкті ұйым мүшелерінің құрамына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.