Әлеуметтік қорғау

 

Банк қызметкерлерін әлеуметтік қолдау саясаты ұжымды тұрақтандыруға және әрбір қызметкерге қамқорлық жасауға бағытталған. Банк қызметкерлеріне Банк қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларына сәйкес кеңейтілген әлеуметтік пакет құрамына кіретін жеңілдіктер мен өтемақылар береді. Барлық төлемдер Банк бюджетінің тиісті баптарының қаражаты шегінде жүргізіледі. Әлеуметтік қолдау уақытша немесе толық емес жұмыспен қамту шарттарымен қабылданған қызметкерлерге қолданылмайды.

Қағидаларда Банк қызметкерлеріне әлеуметтік қолдаудың мынадай түрлері көзделеді:

1.    Материалдық көмек;

Материалдық көмек қызметкерлерге мынадай жағдайларда төленеді:

‒                    ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы берілген кезде сауықтыру үшін;

‒                    некеге тұруына байланысты;

‒                    жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (жаңа туған балаларды) асырап алған қызметкердің демалысына байланысты;

‒                    баланың тууына/балаларды асырап алуына немесе қамқорлығына алуына байланысты;

‒                    қызметкердің немесе оның отбасы мүшелері болып табылатын адамдардың емделуіне/операциясына байланысты;

‒                    қызметкердің/қызметкердің отбасы мүшелерінің қайтыс болуына байланысты.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Банк бір жарым жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшін үзілістер береді. 2025 жылы 1 әйел қызметкер осы құқықты пайдаланды.

 

 

* Қайтып оралу коэффициенті есепті жылы бала күтімі бойынша демалыс аяқталғаннан кейін жұмысқа оралған қызметкерлер санының бала күтімі бойынша демалыс аяқталғаннан кейін есепті кезеңде жұмысқа оралуы тиіс қызметкерлер санына қатынасы ретінде есептеледі.

** Ұстап қалу коэффициенті алдыңғы есепті кезеңде бала күтімі бойынша демалыс аяқталғаннан кейін жұмысқа оралған қызметкерлер санының алдыңғы есепті кезеңде бала күтімі бойынша демалыс аяқталғаннан кейін жұмысқа оралып, Банкте 12 ай ішінде жұмысын жалғастырған қызметкерлер санына қатынасы ретінде есептеледі.

 

Ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы (ауру жағдайына сақтандыру);

Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасына сәйкес медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі. Медициналық сақтандыруға арналған қаражат қызметкердің ауру жағдайына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымдарымен жасалған шарттарға не медициналық ұйымдармен медициналық қызмет көрсету шарттарына сәйкес жұмсалады. Бір қызметкерге медициналық сақтандыруға арналған шығыстар тиісті қаржы жылына 100 АЕК-тен аспауға тиіс.

2025 жылы ауру жағдайына ерікті сақтандыру шарты бойынша медициналық қызмет көрсету қызметтерін орта есеппен 2 198 адам, оның ішінде 1 697 қызметкер және 501 отбасы мүшесі пайдалана алды.

Сонымен бірге медициналық сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру бағдарламасына Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Орал қалалары бойынша жүктілік пен босануды патронаждау кіреді. Жылына барлығы 40 жағдай ұсынылады және ол мыналарды қамтиды:

‒                    жүктіліктің 12 аптасынан бастап тіркеу, физиологиялық жүктілікті жүргізу және босану бойынша шығыстарды жабу (ерекшеліктер: көпсулылық, көпұрықтық жүктілік, асқынған жүктілік, ана мен ұрықтың резус-қақтығысы, анадағы жүректің созылмалы патологиялары, кесарь тілігінен кейінгі жүктілік);

‒                    босанғаннан кейінгі алғашқы 40 күнде ана мен жаңа туған нәрестені жүргізу.

Өтемақы төлемдері;

Басқа жердегі жұмыс орнына байланысты тұрғылықты жерін өзгерткен қызметкерге нақты жұмсалған шығыстар бойынша растайтын құжаттар болған кезде біржолғы тәртіппен мынадай өтемақы төлемдері төленуі мүмкін:

‒                    шақырылған/ауыстырылған қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің теміржол/автомобиль көлігімен жол жүру құнын төлеу;

‒                    шақырылған/ауыстырылған қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің мүлкін теміржол/автомобиль көлігімен тасымалдау құнын төлеу.

 

 

Тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу.

Банктің қаржылық жағдайына байланысты тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу шақырылған/ауыстырылған қызметкерге тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу бойынша шығыстарды ішінара өтеу арқылы көрсетілуі мүмкін (2 жылдан аспайтын мерзімге).

Қызметкерлерді қайта орналасу кезеңінде қолдау шаралары

2025 жылы Банктің орталық аппаратын Астана қаласына қайта орналастыру туралы қабылданған шешім шеңберінде қызметкерлердің кезең-кезеңімен көшуі басталды. 2025 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін елордаға қызметкерлердің 54%-ы көшті. Кадрлық әлеуетті, жинақталған сараптаманы және институционалдық жадты сақтаудың стратегиялық маңызын ескере отырып, Банк қызметкерлерді жаңа жұмыс орнында қолдау және бейімдеу үшін кешенді шаралар іске асырды.

Банк 408 қызметкердің жол жүру және багажды тасымалдау шығыстарын өтеуге көмектесті. Аталған өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 128-бабына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес төленді.

Қосымша, Астана қаласында меншікті тұрғын үйі жоқ көшіп келген қызметкерлерге Банк тұрғын үйді жалдау шығыстарын нақты шығындар мөлшерінде, бірақ бір қызметкерге айына 80 АЕК-тен аспайтын көлемде өтеді. Бұл өтемақы қызметкер өз тұрғын үйін сатып алғанға дейін беріледі. Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тұрғын үйді жалдау шығыстарын өтеудің ең ұзақ мерзімі 12 айды құрайды. 2025 жылы осы қолдау шарасын 178 адам пайдаланды.

Банк қызметкерлерін жаңа қалада меншікті тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Банк жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп, іске асырды. Аталған бағдарлама тұрғын үй сатып алу және жөндеу үшін алдын ала қарыздар беруді көздейді. Кредиттеу мерзімі - 10 жылға дейін. Қарыз бойынша мөлшерлеме 7%-ды құрайды. Егер Банк қызметкері қарыз алған күннен бастап үш жыл ішінде жұмыстан шықса, кейіннен ол кредитке 12% мөлшерлеме бойынша қызмет көрсетеді. Осылайша, есепті жылы Банк қызметкерлеріне 243 қарыз берілді.

Аталған шара өз қызметкерлерін қолдауға ғана емес, сонымен қатар Банктің тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін білікті мамандар командасын сақтауға бағытталған.