- Басты бет
- /
- Корпоративтік басқару құрылымы
Корпоративтік басқару құрылымы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің ұйымдастырушылық құрылымы мынадай басқару органдарынан тұрады:
- жоғары орган - Жалғыз акционер;
- басқару органы - Директорлар кеңесі. Банктің Директорлар кеңесі жанында 4 комитет жұмыс істейді: Аудит жөніндегі комитет (қаржылық бақылау, ішкі және сыртқы аудит, қаржылық есептілік және тәуекелдер мәселелерін қарайды), Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитет (стратегиялық даму, инвестициялық және қаржылық қызмет, корпоративтік басқару және тұрақты даму мәселелерін қарайды), Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитет (тәуекелдер, ішкі бақылау, комплаенс және қаржылық тұрақтылық мәселелерін қарайды) және Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет (кадрлық тағайындаулар, уәждеме және корпоративтік басқару мәселелерін қарайды);
- атқарушы орган - Басқарма. Банктің Басқармасы жанында 11 комитет жұмыс істейді: Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі комитет, Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет, Банктік өнімдер, процестер және қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитет, Кредиттік комитет, Ақпараттық ресурстар жөніндегі комитет, Бюджеттік комитет, Контроллинг жөніндегі комитет, Кадр мәселелері жөніндегі комитет, Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитет, Тәуекелдер жөніндегі комитет, Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, өтпей қалған қорлардың құнын айқындау және оларды есептен шығару мәселелерін қарау жөніндегі комиссия;
- Банктің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орган - ішкі аудит бөлімшесі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Банктің қызметінің әртүрлі бағыттарын іске асыру үшін құрылатын Банктің өзге де тұрақты жұмыс істейтін алқалы органдары.
Банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы арасындағы қатынастар корпоративтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі. Директорлар кеңесі мен Басқарманың құқықтары, міндеттері мен құзыреттері Жарғы, Корпоративтік басқару кодексі сияқты ішкі және құрылтай құжаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметін реттейтін заңнама мен нормативтік актілерде айқындалып, бекітілген.
Банктің ашықтығы (транспаренттілігі) және ақпаратты ашу процестерінің тиімділігі
Банк өз қызметінде клиенттермен және серіктестермен өзара қарым-қатынаста сенімділік, сенім және жоғары сапа, бизнестің және корпоративтік басқарудың ашықтығы қағидаттарын ұстанады. Банктің ақпараттық ресурстары ашықтық және қолжетімділік талаптарына сәйкес келеді.
Банктің интернет-ресурсында тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша баланс туралы ақпарат, кірістер мен шығыстар туралы есеп жарияланады, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпарат орналастырылады. Сондай-ақ сыртқы аудиторлардың қорытындысымен бірге қаржылық есептілік жарияланады.
Сондай-ақ сайттың жеке лендинг парақшасында Жалғыз акционерге арналған ақпарат жарияланады.
Қосымша түрде Банктің негізгі қызметі туралы ақпарат, жылдық есеп, Банк қызметіндегі салмақты оқиғалар туралы ақпарат, Директорлар кеңесі мен Басқарма құрылымы туралы ақпарат, қолданыстағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат, филиалдардың тізбесі мен мекенжайлары, Банктің үлестес тұлғаларының тізімі, Банктің акционерлері мен серіктестері және оның стратегиялық дамуы туралы ақпарат орналастырылады.
Банктің интернет-ресурсында азаматтардың алаяқтық және сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша өтініш білдіруіне арналған байланыс деректері бар жеке лендинг парақшасы бар (https://hcsbk.kz/ru/hotline/ ). Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша өтініштер [email protected] электрондық мекенжайына және пошта мекенжайына қабылданады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 2А ғимараты, қауіпсіздік бөлімшесінің басшысына («жеке қолына» деген белгімен). Банктегі алаяқтық және сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (727) 330-94-82.
Банк клиенттері үшін байланыстардың лендинг парақшасында https://hcsbk.kz/ru/contacts/ бөлімшелер туралы ақпарат, онлайн-консультанттармен байланысу мүмкіндігі орналастырылған, азаматтарды қабылдау кестесімен танысуға, сенім телефонын табуға болады.
Банктің интернет-ресурсындағы жеке бөлім тұрақты дамуға және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесіне арналған https://hcsbk.kz/ru/ustoychivoe-razvitie/vklad-banka-v-dostizhenie-tsur-oon/ .
Банктің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның қоғамдағы іскерлік беделін арттыру және БАҚ-та оң қоғамдық пікір қалыптастыру үшін Банктің өнімдері, тұрғын үй бағдарламалары мен акциялары туралы пресс-релиздер тұрақты негізде жарияланады.
Ақпаратты орналастыру кезінде Банк банктік, коммерциялық және заңнамамен қорғалатын өзге де құпияларды сақтау туралы заңнама нормаларын сақтайды.
