- Басты бет
- /
- Заңнама талаптарына сәйкестік
Заңнама талаптарына сәйкестік
Банк Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңында көзделген және тыйым салынбаған қызметті жүзеге асырады.
Есепті жылы бәсекелестікке кедергі келтіруге байланысты жағдайлар және монополияға қарсы заңнама бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Банк өз қызметінде артықшылық алу немесе оны сақтау мақсатында саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді қаржыландырмайды.
Есепті жылы Банк лоббистерге немесе лоббистік ұйымдарға, сауда қауымдастықтарына және салық төлеуден босатылған басқа да топтарға ақшалай жарналар мен шығыстар жасаған жоқ.
2025 жылы «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ тарапынан Банкке қатысты жазбаша нұсқамалар түрінде 3 шара қолданылды.