- Басты бет
- /
- Оқыту және білім беру
Оқыту және білім беру
Персоналды дамыту кез келген ұйым табысының құрамдас бөліктерінің бірі екенін ескере отырып, Банк жыл сайын персоналды оқытуға және дамытуға қаражат жоспарлайды. Банктегі білім беру бағдарламалары басшылық құрамнан бастап мамандарға дейін барлық қызметкерлерді қамтиды.
2025 жылы оқудан өткен Банк қызметкерлерінің саны туралы ақпарат келесі кестеде келтірілген:

* Көрсеткіш сыртқы оқудан өткен әйелдер санының қызметкер-әйелдердің жалпы нақты санына қатынасы ретінде есептеледі.
** Көрсеткіш сыртқы оқудан өткен ерлер санының қызметкер-ерлердің жалпы нақты санына қатынасы ретінде есептеледі.
Банк қызметкерлерін оқытуға жұмсалған шығындар

* Қызметкерлерді оқытуға байланысты іссапар шығыстарын есепке алмағанда.
2025 жылға арналған жоспар 27 іс-шараны көздегеніне қарамастан, Банктің Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері үшін ішкі оқыту бойынша 47 іс-шара өткізілді. Ішкі оқыту Банктің барлық қызметкерлерін 100% қамтиды. Ішкі оқыту тақырыптары әртүрлі бағыттарды қамтыды: ішкі бақылау жүйесі, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, заңды тұлғаларға қызмет көрсету, Банктің қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, Банктің даму стратегиясы, банк құпиясын сақтамаудың салдары, корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты, операциялық тәуекелдерді және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, комплаенс-тәуекелдерді басқару жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқа да тақырыптар.
Есепті кезеңде Банкте қашықтан оқытудың жаңа платформасы - HR Portal енгізілді, оған ресми көшу 2025 жылғы 31 шілдеде жүзеге асырылды. Персоналды оқыту және дамыту процестерін цифрландыру мен автоматтандыру, сондай-ақ HR Portal функционалын одан әрі жетілдіру шеңберінде мынадай модульдер іске қосылды: «Каталог» (курстар базасын құрылымдық санаттарға бөлу), курстар мен оқу бағдарламаларын «Автоматты түрде тағайындау», «Іс-шаралар», «Күнтізбе», іс-шараларға қатысуға арналған «Өтінім беру жүйесі» және «Білім базасы».
Есепті жыл ішінде Банктің барлық қызметкерлеріне арналған HR Portal қашықтан оқыту жүйесіндегі электрондық интерактивті курстар кітапханасын тұрақты түрде жаңарту және кеңейту қамтамасыз етілді. Бұл оқытудың қолжетімділігін арттыруға және персоналдың кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етті.
Білім беру контентін дамыту шеңберінде мынадай оқыту курстары әзірленіп, енгізілді:
1) «Отбасы Банкке қош келдіңіз!» (жаңа қызметкерге арналған welcome-курс);
2) «Гендерлік теңдік».
Сонымен қатар Банктің қызметкерлері өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға және еңбек міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған сыртқы оқытудан өтті. Сыртқы оқыту аясында Банктің қызметкерлері әртүрлі кәсіби тақырыптарға, оның ішінде тұрақты даму және ESG мәселелеріне арналған курстар мен семинарларға қатысты. 54 қызметкер тұрақты даму және ESG саласында кәсіби сертификаттарға ие болды. Есепті кезеңде Банктің қызметкерлері қаржы нарығының түрлі кәсіби қатысушылары, оның ішінде реттеуші ұйымдастырған тұрақты даму және ESG саласындағы әртүрлі конференциялар мен іс-шараларға онлайн және офлайн форматтарда қатысты.
Қызметкерлердің сыртқы оқыту сағаттарының саны

* Көрсеткіш өткізілген сыртқы оқытудың жалпы сағат санының қызметкерлердің нақты санына қатынасы ретінде есептеледі.
2025 жыл бойынша оқыту сағаттарының орташа саны

* Көрсеткіш оқыту сағаттарының жалпы санының қызметкерлердің нақты санына қатынасы ретінде есептеледі.
Тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша қызметкерлердің сыртқы оқыту сағаттарының саны

* Көрсеткіш тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша өткізілген сыртқы оқытудың жалпы сағат санының тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша сыртқы оқытудан өткен қызметкерлер санына қатынасы ретінде есептеледі.
Банкте тоқсан сайын Банктің Орталық аппараты қызметкерлерінің тиімділігі бағаланады. Бағалау барлық қызметкерлерге ҚНК белгілеу және есепті кезеңдегі олардың орындалуын Банктің алқалы органдарында қарау арқылы атқарылады. Есепті жылы Орталық аппарат қызметкерлерінің 100%-ы тиімділікті тоқсандық бағалаудан өтті.
Еңбек заңнамасы шеңберінде қызметкермен еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзған кезде белгіленген екі лауазымдық айлықақыға дейінгі мөлшерде өтемақы төлеу және/немесе нақты жұмыс істеген уақыты үшін есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері бойынша, қызметтің негізгі көрсеткіштері картасының орындалуы туралы ұсынылған есеп негізінде сыйлықақы беру және/немесе өткен оқытуға жұмсалған шығыстарды өтемеу туралы шешім қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ еңбек шарты бұзылған кезде қызметкерге оның біліктілігі және жұмысқа деген көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын ұсыным хат берілуі мүмкін.
Кадр резерві
Банкте басшы және басқарушы құрамның кадр резервін қалыптастыру рәсімі 2008 жылдан бастап Банктің кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес жоғары әлеуетті қызметкерлерді анықтау және олардың кәсіби, мансаптық өсуін ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша Банктің Кадр резервінде 42 адам бар, оның ішінде 17 адам - Орталық аппарат қызметкерлері және 25 адам - Банк филиалдарының қызметкерлері.
Банк қызметкерлерін аттестаттау
2009 жылдан бастап Банкте қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына қойылатын талаптарға сәйкестік дәрежесін айқындау және аттестаттау нәтижелері бойынша Банк қызметкерлерімен одан әрі еңбек қатынастарына қатысты қажетті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қызметкерлерді аттестаттау жүргізіледі. Аттестаттау кезеңділігі үш жылда бір реттен жиі емес, ал қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда (ҚНК 75%-дан төмен) жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі. Аттестаттау кезеңдері - біліктілік талаптарын талдау, тестілеу, Аттестаттау комиссиясының отырысы. 2025 жылы аттестаттау жүргізілген жоқ.
Фронт-офис қызметкерлерін тестілеу
Ішкі оқыту бағыты бойынша 2025 жылы қызметкерлер бірнеше тақырып бойынша оқудан өтті. Ішкі оқыту тақырыптары әртүрлі болды: Ішкі бақылау жүйесі, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, заңды тұлғаларға қызмет көрсету, Банк қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, Банктің даму стратегиясы, банктік құпияны сақтамаудың салдары, корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясат, операциялық тәуекелдерді басқару және қызметтің үздіксіздігі жүйесі, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, комплаенс-тәуекелдерді басқару жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқалар.
Жыл ішінде Банктің барлық қызметкерлеріне арналған «HR Portal» қашықтан оқыту жүйесінде оқу электрондық интерактивті курстарының кітапханасы тұрақты түрде толықтырылып, өзектендірілді. Мынадай электрондық курстар әзірленді: 1) Клиенттерге қызмет көрсету стандарттары (Клиенттік сервис), 2) Тренажер - ақпараттық жүйелерде Консультантпен/Команда көшбасшысымен/Консультант-серіктеспен шартты тіркеу, авторизациялау және бұзу бойынша техникалық тәртіп, 3) Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару жүйесі, 4) Адам құқықтары. Көптүрлілік және инклюзивтілік.
Ай сайынғы негізде Банк қызметкерлері үшін алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық материалдар жіберіліп отырды.