- Басты бет
- /
- Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Өз қызметінің сипатына байланысты Банк қоршаған ортаға тікелей айтарлықтай әсер етпейді. Банк тұтынатын негізгі ресурстар электр энергиясы, жылу энергиясы және су болып табылады. Банк қоршаған ортаға қолайсыз әсердің алдын алуды барынша қамтамасыз ететін ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттары мен әдістерін қолданады. Банк қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем жасамайды, өйткені Банк қоршаған ортаға ең төменгі теріс әсер ететін IV санаттағы объектілердің операторы болып табылады.
Сонымен бірге Банкте қызметкерлердің экологиялық санасын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтауға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Жыл сайын Банк қызметкерлерін экологиялық саясат, энергияны, суды және басқа да табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша оқыту жүргізіледі.
Банк өз қызметкерлері арасында экологиялық құндылықтар мен жауапты өмір салтын үнемі насихаттайды, соның арқасында Банк қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін компьютерлер мен басқа да электр құралдарын қуат көздерінен міндетті түрде ажыратудың, жұмыс күні аяқталғаннан кейін жарықты өшірудің маңыздылығы, қалдықтарды сұрыптау қағидаттары мен маңызы туралы толығырақ білді, сондай-ақ бірреттік ыдыстан бас тарту арқылы пайдалы әдеттерді қалыптастыруды бірге үйренді. Бұл әрбір қызметкердің қоршаған ортаны сақтауға қосатын орасан үлесі туралы түсінік қалыптастыруға көмектесті.
Банк қатысу қалаларын көгалдандыруға және абаттандыруға бағытталған экологиялық бастамаларды жүйелі негізде іске асырады. Осы жұмыс шеңберінде ағаш отырғызу, оның ішінде Банкпен серіктестікте салынған тұрғын үй кешендерінің аулаларында ағаш отырғызу жүзеге асырылады.
Орталық аппарат қызметкерлері Алматы қаласының Алмалы ауданында жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған «Алматы - біздің ортақ үйіміз» қалалық экологиялық акциясына қатысты. Іс-шара шеңберінде ағаш отырғызу, аула және қоғамдық аумақтарды тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Банктің филиалдық желісі де қатысу өңірлеріндегі экологиялық акциялар мен сенбіліктерге тұрақты негізде қатысады.
Бұдан басқа, есепті жылы Орталық аппаратта «Таза офис» экологиялық акциясы өткізілді, оның шеңберінде қызметкерлер жұмыс орындары мен офис үй-жайларына жалпы тазалау ұйымдастырды. Іс-шара қорытындысы бойынша макулатура және пайдаланылған батарейкалар жиналып, кейіннен қайта өңдеуге берілді.
2025 жылы Банк Smart Plastic Zone бағдарламасына қатысып, жалпы 650 баллмен GOLD деңгейіне қол жеткізді. Бұл қызметкерлердің жоғары деңгейде тартылғанын және Банктің тұрақты дамуға жүйелі тәсілін растайды.
Даму стратегиясы мен Банктің даму жоспарын іске асыру шеңберінде есепті жылы Қазақстан бойынша филиал қызметкерлері 270 көшет отырғызды.
Өткізілген іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қызметкерлердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі санасын арттыруға және салауатты өмір салтын танымал етуге ықпал етті.