Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер

Банк барлық қызметкерлер құнды саналатын, сондай-ақ Қазақстанның барлық ұлт өкілдеріне жұмысқа орналасу үшін тең мүмкіндіктер берілетін ізгі ниеттілік пен қолдау атмосферасын қалыптастыруға ұмтылады. Ерлер мен әйелдердің арақатынасы, олардың сыйақысы, қызметкерлердің орташа жасы Банктің персоналы туралы есеп бөлімінде келтірілген.

Банк қызметкерлерінің этномәдени әртүрлілігінің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Мысалы, Банкте қазақтар, орыстар, балқарлар, еврейлер, әзербайжандар, татарлар, корейлер, украиндар, өзбектер, ұйғырлар, немістер сияқты ұлт өкілдері жұмыс істейді. Банк басқарушы құрамдағы этномәдени әртүрлілікті кеңейту арқылы корпоративтік мәдениетін жетілдіріп келеді және персоналды іріктеу қағидаларын қатаң сақтайды.

 

Қызметкерлерді ұлттық тиесілігі бойынша бөлу

 

Әйелдер мен ерлер үшін тең мансаптық мүмкіндіктер жасау, еңбекті әділ бағалауды қамтамасыз ету және еңбекақы төлеуде кемсітушілікке жол бермеу гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін салмақты мәнге ие және лайықты еңбектің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Банк құндылығы тең еңбек үшін тең сыйақы қағидатын ұстанады.

Банкте әйелдер мен ерлердің мынадай бағыттар бойынша тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасалған:

-                   жұмысқа орналастыру - жас мамандарды, ерлерді де, әйелдерді де жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындары барынша пайдаланылады;

-                   өндірістік және басқарушылық шешімдер қабылдауға әйелдер мен ерлердің паритетті қатысуы;

-                   әйелдердің мансаптық өсу мүмкіндіктерін іске асыруы;

-                   әйелдердің көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған іс-шараларға қатысуы;

-                    әйелдердің де, ерлердің де бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалысқа құқықтарын іске асыруы.

2025 жылы қызметкерлер санаттары бойынша ерлер мен әйелдердің орташа базалық айлықақысының арақатынасы 1:0,8 құрады. Бұдан басқа, Банк әйелдер бастамалары мен әйелдер көшбасшылығына жан-жақты жәрдемдеседі. Банк БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары жөніндегі жаһандық бастамасына (Women’s Empowerment Principles) қосылған.

 

 

Әйелдердің өкілдігі

 

Банктің Директорлар кеңесі құрамындағы әйелдердің үлесі, Директорлар кеңесі құрамының жалпы санына %-бен

40

Қызметкерлердің жалпы санындағы әйелдердің үлесі

56

Банк қызметінің бағыттары бойынша басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі, Банктің басшы қызметкерлерінің жалпы санына %-бен (Басқарма мүшелері, бас бухгалтер)

50

Барлық басшылық лауазымдардағы, оның ішінде төменгі, орта және жоғары басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі, барлық басшы қызметкерлердің, оның ішінде төменгі, орта және жоғары басшылық лауазымдардағы басшы қызметкерлердің жалпы санына %-бен (Басқарма мүшелері, басқарушы директорлар, департамент директорлары, филиал директорлары, басқарма бастықтары)

50

Төменгі басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі, төменгі басшылық лауазымдардағы қызметкерлердің жалпы санына %-бен (басқарма/бөлім бастықтары)

53

Жоғары басшылық лауазымдардағы, яғни Басқарма төрағасынан ең көбі екі деңгей төмен лауазымдардағы әйелдердің үлесі, жоғары басшылық лауазымдардағы, яғни Басқарма төрағасынан ең көбі екі деңгей төмен лауазымдардағы қызметкерлердің жалпы санына %-бен

53

Банктің кіріс әкелетін қызмет бағыттары бойынша басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі, қызметкерлердің жалпы санына %-бен

47

Әртүрлі көтермелеулерді (наградалар, т.б.) алған әйел қызметкерлердің үлесі, наградалар алғандардың жалпы санына %-бен.

50

 

Есепті жыл ішінде Банк қызметкерлеріне қатысты кемсітушілік жағдайлары тіркелген жоқ.