- Басты бет
- /
- Басқармаға есеп беретін комитеттер
Басқармаға есеп беретін комитеттер
Банкте Банк Басқармасы есеп 12 комитет жұмыс істейді.
1. Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі комитет
Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің (СKДК) негізгі мақсаты Банктің даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға басшылық ету болып табылады.
СKДК-ның негізгі міндеттері:
· Банктің стратегиялық қағидаттарын, даму мақсаттары мен іс-шараларын айқындау;
· Банктің стратегиялық даму жоспарының орындалуын үйлестіру және бақылау;
· Банктің қолданыстағы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.
Есепті жылы СKДК стратегия, даму, теңгерімді көрсеткіштер, тұрақты даму, филиалдар бойынша жоспарлар жобасына, сондай-ақ жоспарлы құжаттардың орындалуын мониторингтеуге қатысты мәселелерді қарады.
2. Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет
Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:
‒ ішкі және сыртқы нарықтарда инвестициялау және қарыз алу, қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыру қағидалары мен рәсімдерін айқындау;
‒ Комитет туралы ережеде және Банктің өзге де ішкі құжаттарында айқындалған өкілеттіктер шегінде кредиттеу мақсатында активтерді әртараптандыру, Банктің өтімділігі, рентабельділігі, Банктің меншікті қаражатының жеткіліктілігі бойынша бағдарларды айқындау.
2025 жылы Комитет Банктің активтері мен пассивтерін басқаруға байланысты мәселелерді, оның ішінде ақша қаражатын тарту және орналастыру мәселелерін, контрагенттерге лимиттер белгілеу мәселелерін, қаржылық және кредиттік тәуекелдер бөлімшесінің және Банктің активтері мен пассивтерін басқару процесіне қатысатын бөлімшелердің есептілігін, сондай-ақ Комитет туралы ережеге сәйкес Комитеттің өкілеттіктері шеңберіндегі өзге де мәселелерді қарады.
3. Комите Банктік өнімдер мен процестер және қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитет
Банктік өнімдер мен процестер және қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитет мынадай құрамдағы 4 (төрт) мүшеден тұрады:
- банктік өнімдер мен технологиялар бөлімшесіне жетекшілік ететін Басқарма мүшелерінің қатарынан Комитет төрағасы;
- Банктің ақпараттық технологиялар және цифрлық трансформация бөлімшесі, бизнесті дамыту бөлімшесі, тәуекелдер және ішкі бақылау бөлімшесі сияқты құрылымдық бөлімшелеріне жетекшілік ететін Басқарма мүшелерінің қатарынан Комитеттің 3 (үш) мүшесі.
Банктік өнімдер мен процестер және қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:
- жаңа банктік өнімдерді енгізу, қолданыстағы банктік өнімдерді өзгерту, Банктің бизнес-процестерін оңтайландыру мәселелері бойынша қарау және шешімдер қабылдау;
- банктік операцияларды жүзеге асыруға арналған мөлшерлемелер мен тарифтерді, депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақының шекті шамаларын, қабылданатын депозиттер мен берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдерін қарау және мақұлдау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Директорлар кеңесінің бекітуін талап етпейтін тарифтік бағдарламаларға қызмет көрсету және кредиттеу шарттарын бекіту;
- Банктің қолданыстағы процестері мен рәсімдерін оңтайландыру бойынша өзекті проблемаларды шешуге бағытталған Банк қызметкерлері мен бөлімшелерінің ұсыныстарын, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды қарау және мақұлдау;
- жеке тұлғаларға арналған өнімдер, тарифтер бойынша жеке шарттарды бекіту, қажет болған жағдайда кейіннен Банктің тиісті ішкі құжаттарына өзгерістер/толықтырулар енгізе отырып, осындай шарттар бойынша бизнес-процестердегі өзгерістерді алдын ала мақұлдау, кредиттік өтінімдер немесе дербестендірілген жеке тұлғалар бойынша жеке жағдайларды қоспағанда;
- жеке тұлғаларға арналған Банктің ипотекалық бағдарламаларын іске асыру шеңберінде заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдерді/шарттарды, кредиттік шарттарды және басқа да мәмілелерді жасасу, бекіту.
4. Кредиттік комитет
Банктің Кредиттік комитеті өкілеттіктері шеңберінде Банктің ішкі кредиттік және депозиттік саясатын жүзеге асырады (2019 жылдың басынан бастап). Комитеттің құрылымы мыналарды қамтиды (31.10.2023 жылдан бастап):
Комитет 1, мынадай құрамдағы 5 (бес) мүшеден тұрады:
- лауазымдық міндеттеріне тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау кіретін Басқарма мүшелерінің қатарынан Комитет 1 төрағасы;
- лауазымдық міндеттеріне бизнесті дамыту кіретін Басқарма мүшелерінің қатарынан Комитет 1 төрағасының орынбасары;
- Басқарманың әртүрлі мүшелері жетекшілік ететін проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі бөлімше, андеррайтинг және кепілмен қамтамасыз ету бөлімшелері, заң бөлімшесі сияқты Банктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Комитет 1-дің 3 (үш) мүшесі.
Коми Комитет 2, мынадай құрамдағы 3 (үш) мүшеден тұрады:
- лауазымдық міндеттеріне бизнесті дамыту кіретін Басқарма мүшелерінің қатарынан Комитет 2 төрағасы;
- Басқарманың әртүрлі мүшелері жетекшілік ететін андеррайтинг және кепілмен қамтамасыз ету бөлімшесі, заң бөлімшесі сияқты Банктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Комитет 2-нің 2 (екі) мүшесі.
Комитет 1-дің негізгі міндеті өз өкілеттіктері шеңберінде Банктің ішкі кредиттік, депозиттік саясаты туралы қағидалардың ережелерін және Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің шешімдерін іске асыру болып табылады. Бұл міндет қарыз беру тәуекелдерін барынша төмендету және тұрғын үй қарыздарын, аралық тұрғын үй қарыздарын, алдын ала тұрғын үй қарыздарын (бұдан әрі - кредиттік өнімдер) беру жөніндегі банк операцияларынан барынша жоғары кіріс алу шарттарында орындалады. Комитет сондай-ақ Банктің кредиттік операциялары бойынша ықтимал залалдарды азайтуға және Банктегі проблемалық қарыздар үлесін төмендетуге бағытталған проблемалық/мерзімі өткен қарыздар бойынша қаражатты басқаруға және/немесе қайтаруға байланысты мәселелерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитет 2-нің негізгі міндеті өз өкілеттіктері шеңберінде Банктің ішкі кредиттік және депозиттік саясаты қағидаларының ережелерін, сондай-ақ Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімдерін қарыз беру тәуекелдерін барынша төмендету және тұрғын үй қарыздарын, аралық тұрғын үй қарыздарын, алдын ала тұрғын үй қарыздарын (бұдан әрі - кредиттік өнімдер) беру жөніндегі операциялардан барынша жоғары кіріс алу шарттарында іске асыру болып табылады. Комитет кепіл мүлкін немесе оның бір бөлігін босату/ауыстыру мәселелерін, оның ішінде Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға қатысты алдын ала шешімдерді, сондай-ақ кепіл беруші бір мезгілде кепілгер болып табылатын жағдайларда кепілді босату/ауыстыру мәселелерін қарау кезінде кепілгерді алып тастау мәселелерін қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды.
5. Ақпараттық ресурстар жөніндегі комитет
Комитет қызметінің негізгі мақсаты ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясын және Банктің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту жоспарын іске асыру бойынша Банк Басқармасына ұсынымдар беру болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері:
- ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, бақылау және үйлестіру;
- бизнесті дамыту мақсатында жаңа жобаларды іске асыру және қолданыстағы жобаларды жетілдіру;
- IT жобаларын, өзгерістерді және инциденттерді басқару процестерін жақсарту.
Есепті жылы Комитет жасанды интеллектіні енгізу бойынша мынадай пилоттық жобаларды жүргізу мәселелерін қарады:
- «LawConform4TechSpec» жасанды интеллектін қолдана отырып, сатып алу бойынша құжаттар жобаларын нормативтік құқықтық актілерге және IT-блок пен Адами ресурстарды басқару және ұйымдастырушылық қызмет департаментінің ішкі құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау және келісу процесін іске асырудың пилоттық жобасы.
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде AI ассистенттерін енгізу бойынша пилоттық жоба.
- ҚҚБ операторларының қоңырауларын мониторингтеу үшін сөйлеу аналитикасын енгізу бойынша пилоттық жоба.
- Дауыстық роботқа ЖИ енгізу бойынша пилоттық жоба.
- ЖИ қолданылатын «Есептіліктің жаңа нысандарын интеллектуалды талдау және бөлу» пилоттық жобасы.
- ZEUS платформасын кіріктірілген ЖИ-модульмен қолдана отырып, Банктің ақпараттық активтерін санаттау және АҚ мен IT тәуекелдерін бағалау процесін автоматтандыру бөлігіндегі пилоттық жоба (КИР-дің 01.07.2025 ж. №П19-2025 шешімі).
Сондай-ақ Комитеттің міндеттері шеңберінде мынадай мәселелер қаралды: «ODS (Operational Data Store)» жүйесін дамыту, «Отбасы банк» АҚ корпоративтік шинасын дамыту, электрондық құжат айналымы жүйесін «Documentolog»-тан (https://doc.hcsbk.kz/) Business Project Management 2.0 (http://bpm2) жүйесіне көшіруді аяқтау, Nomad СЭО пультіне көшу бойынша пилоттық жоба, ақпараттық жүйені (CRM), («Проблемалық қарыздармен жұмыс» модулі) жаңғырту жөніндегі міндетті іске асыруды аяқтау және модульде жұмыс істеу үшін «Отбасы Банк» АҚ филиалдарын қосу бойынша жұмыстарды бастауды бекіту, IT-қызметтерді басқару жүйелерін (ITSM) тестілеу бойынша пилоттық жоба, ТҚО модулін жеке қосымшаға шығару, Банктің IT-инфрақұрылымын жаңғырту, BigFix соңғы құрылғыларын басқару жүйесін енгізу, Қашықтан оқыту жүйесінің пилоттық жобасы, TSA-VIDEOBANKING ақпараттық жүйесін жаңғырту, деректерді сақтау жүйелерін (ДЖЖ) талдау, мобильді құрылғыларды басқару бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің баламалы шешімдерін қарау, CRM мен ССК арасындағы микросервистік интеграцияны іске асыру, Baspana market жылжымайтын мүлік порталының редизайны, офистік баспа инфрақұрылымын оңтайландыру бойынша пилоттық жоба - филиалдардағы баспа сервисі, бизнес-блок үшін Data Governance деректерді басқару стратегиясын енгізу іс-шараларын жоспарлау, Қашықтан қызмет көрсету департаменті операторларының қоңырауларын мониторингтеу үшін сөйлеу аналитикасын енгізу бойынша пилоттық жоба, «Деректерді талдау платформасын» енгізу бойынша пилоттық жоба, Банктің клиенттік базасын Smart Data Ukimet сервисімен интеграциялау бойынша пилоттық жоба, SWIFT хабарламаларын ISO 20022 халықаралық стандарттары бойынша конвертациялау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, әзірлеу процесінің жұмыс істеуі үшін 2025 жылға арналған IDE (Integrated development environment) лицензияларын сатып алу қажеттілігі, AppDynamics платформасын пайдалана отырып, Otbasy Bank мобильді қосымшасының өнімділігі мен тұрақтылығын мониторингтеу үшін телеметрия модулін енгізу, «Отбасы банк» АҚ бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу процесін автоматтандыруды ұйымдастыру (Baspana Market жылжымайтын мүлік порталы мен «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» порталын UI-тестілеу), Банктің ақпараттық инфрақұрылымын талдау, IT-жүйелердегі іркілістер туралы автоматтандырылған хабарлау үшін Service Desk желісінде IVR іске асыру бойынша талдау нәтижелері, алқалы органдар бойынша архивтік құжаттарды қарау үшін Documentolog ЭҚЖ-мен интеграциялауға арналған API әзірлеу, сервистерді мониторингтеу жүйесіне жазылуды ұзарту қажеттілігі, жеке кәсіпкерлердің кірістерін есептеу үшін Банктің ішкі БҚ-сын әзірлеу және жүйені тестілеу бойынша пилоттық жоба, сыртқы көздерден түсетін төлемдерді басқару және бөлу бағдарламалық қамтамасыз етуінің пысықтауларын сатып алу қажеттілігі, Банктің Деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) тестілеу, «Құрылыс салушы кабинеті» жүйелеріндегі, «RPS» әкімшілік панеліндегі ағымдағы процестерді оңтайландыруды ескере отырып, жаңа архитектураға көшу және no-code/low-code қағидаты бойынша Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында бағдарламалар конструкторын енгізу, Creatio UNLIM лицензиялаудың жаңа моделіне көшу және Банктің CRM-платформасын жаңарту, жеке кәсіпкерлердің кірістерін есептеу үшін бақылау-касса машиналары деректерін өңдеуді қосуға байланысты «Landau Graviton» бағдарламалық қамтамасыз етуінің функционалын кеңейту, Банктің маңызды АЖ үшін предпродуктивті орталар құру, Банктің мақсатты IT-архитектурасын қалыптастыру.
6. Бюджеттік комитет
Комитеттің негізгі мақсаты жоспарланатын кезеңге арналған Банктің жылдық бюджетін/Кірістер мен шығыстар жоспарын, Инвестициялық жоспарын, Сатып алу жоспарын/Ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын уақтылы және сапалы әзірлеуді, сондай-ақ оларды жақсарту, орындау және бақылау бойынша ұсыныстарды қамтамасыз ету болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеті Банктің Даму стратегиясына және Даму жоспарына сәйкес жылдық бюджет/Кірістер мен шығыстар жоспары, Инвестициялық жоспар және Банктің Сатып алу жоспары/Ұзақ мерзімді сатып алу жоспары жобаларын жасау кезінде негізделген шешім қабылдау үшін қаржылық және қаржылық емес ақпаратты қарау болып табылады.
Есепті жылы Комитет Бюджетке, Орталық аппарат/филиалдардың Кірістер мен шығыстар жоспарына, Орталық аппарат/филиалдар бөлімшелерінің қажеттіліктеріне, лимиттерге, олар бойынша есептерге, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарының орындалуы туралы есеп пен талдауға және т.б. қатысты мәселелерді қарады.
7. Контроллинг жөніндегі комитет
Комитет қызметінің негізгі мақсаты Банктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, басқарушы директорларының және Банк Басқармасы төрағасы кеңесшілерінің қызметінің негізгі көрсеткіштері карталарын қарау, жоспарлау және бағалау бөлігінде контроллинг функцияларын іске асыруда Банк Басқармасына жәрдемдесу болып табылады.
Комитеттің міндеттері:
‒ Банктің Даму стратегиясына сәйкес қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін жұмысты жоспарлау процесін қолдау;
‒ Банктің Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, басқарушы директорлары және Банк Басқармасы төрағасының кеңесшілері жоспарлы іс-шараларды орындауына бақылауды ұйымдастыру.
Есепті жылы Комитет басқарушы директорлардың, Банк Басқармасы төрағасы кеңесшілерінің және Банктің Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелері басшыларының ҚНК-сін бекіту, түзету және мониторингтеу, Банктің филиалдарының жоспарлы көрсеткіштерін бекіту және түзету мәселелерін қарады.
8. Кадр мәселелері жөніндегі комитет
Кадр мәселелері жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:
‒ Банктің ішкі кадр саясатын іске асыру;
‒ қызметкерлерді аттестаттау бойынша жұмысты, оның ішінде даулы мәселелерді шешу кезінде үйлестіру;
‒ Банктің кадр резервін қалыптастыру үшін кандидатураларды қарау;
‒ моральдық көтермелеу үшін кандидатураларды қарау;
‒ Банк қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, Банктің ішкі құжаттарының талаптарын бұзу фактілерін қарау.
Есепті жылы Комитет Банктің кадр саясатына қатысты мәселелерді қарады.
9. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитет
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:
- ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- Банктің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ішкі құжаттарын өзекті күйде ұстау;
- ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің туындау ықтималдығын және олардың ықтимал залалын барынша азайтуды қамтамасыз ету;
- Банк Басқармасының қарауына шығарылатын ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін толық және жан-жақты талдау;
- Банктің ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын өзекті күйде ұстау.
Комитет өз функциясы шеңберінде IT стратегиясына, АҚБЖ-ға, Банктің АҚ мәселелері жөніндегі ішкі құжаттарына, АҚ инциденттеріне, ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарына, АҚ және IT тәуекелдері бойынша есептілікке, Банктің маңызды ақпараттық активтерінің тізбесіне және т.б. қатысты мәселелерді қарайды.
10. Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және өтпей қалған тауар-материалдық қорлардың құнын айқындау және оларды есептен шығару мәселелерін қарау жөніндегі комиссия
Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және өтпей қалған тауар-материалдық қорлардың құнын айқындау және оларды есептен шығару жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері мына мәселелерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау болып табылады:
- Банктің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің құнын, нормативтік және пайдалы қызмет мерзімдерін айқындау;
- Банктің мүлкін шығару тәртібін реттейтін Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Банктің мүлкін есептен шығару;
- тәуелсіз бағалаушының қорытындысы негізінде Банктің Есеп саясатына сәйкес Банктің негізгі құралдарын (ғимараттарын, құрылыстарын) қайта бағалау;
- негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануына тест жүргізу.
Есепті жылы Комиссия ұзақ мерзімді активтерді өткізу және олардың бастапқы, ең төмен бағаларын айқындау, материалдық емес активтердің құнын ұлғайту және басқа да мәселелерді қарады.
11. Тәуекелдер жөніндегі комитет
Тәуекелдер жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:
‒ Банк Басқармасы үшін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін (бұдан әрі - ТБЖ) және ішкі бақылау жүйесін (бұдан әрі - ІБЖ) ұйымдастыру және қолдау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
‒ Банктің тәуекелдерін сәйкестендіруге, бағалауға, қадағалауға және бақылауға арналған процестерді дамыту;
‒ Банктің құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процесін үйлестіру;
‒ тәуекел мәдениетін, ТБЖ мен ІБЖ ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында Комитет мүшелері арасында Банктің тәуекелдері, ішкі бақылауы туралы ақпаратпен тұрақты алмасуды қамтамасыз ету және осындай ақпаратты тәуекел иелеріне, сондай-ақ тәуекел-факторлар туралы ақпаратты жеткізу;
‒ клиенттердің өтініштері (шағымдары) бойынша есеп шеңберінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
‒ Банктің бизнес-процестерін/процестерін/функцияларын/операцияларын аутсорсингке беру процесін үйлестіру және бақылау;
‒ Қауіпсіздік департаментінің қызметтік тергеп-тексерулері мен қызметтік тексерулері нәтижесінде анықталған фактілердің Банктің тәуекелдеріне әсерін бағалау және олар бойынша шаралар қабылдау.
Есепті жылы Комитет операциялық тәуекелдер, ақпараттық технологиялар тәуекелдері, ақпараттық қауіпсіздік және ішкі бақылау мәселелерін, сондай-ақ Тәуекелдер жөніндегі комитет туралы ережеге сәйкес өзге де мәселелерді қарады.
12. «Шешімдер қабылдау орталығы» кредиттік комитеті
«Шешімдер қабылдау орталығы» кредиттік комитеті (бұдан әрі - ШҚО) өкілеттіктері шеңберінде Банктің ішкі кредиттік және депозиттік саясатын жүзеге асырады (2019 жылдың басынан бастап).
ШҚО құрамы бірнеше параллель жұмыс істейтін құрамнан тұрады, әрбір құрамның мүшесі BPM жүйесінде Андеррайтинг басқармасының (бұдан әрі - АБ) әрбір тәуекел-менеджеріне/бас тәуекел-менеджеріне түсетін жүктеменің біркелкілігіне байланысты автоматты түрде айқындалады.
ШҚО комитетінің құрылымы мыналарды қамтиды (13.01.2025 жылдан бастап):
1. В ШҚО құрамына комитеттің екі мүшесі кіреді - Бірінші ШҚО мүшесі ретінде Андеррайтинг және кепілмен қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - АКҚД) АБ бас тәуекел-менеджері не тәуекел-менеджері және Екінші ШҚО мүшесі - негізгі және алмастыратын Екінші ШҚО мүшесінен тұратын Банк Басқармасының мүшесі.
Негізгі Екінші ШҚО мүшесі еңбек демалысында болуына, сырқатына байланысты болмауына немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда, өтінім бойынша кредиттік шешімдерді қабылдауды алмастыратын Екінші ШҚО мүшесі жүргізеді.
2. ШҚО 2 құрамы Банк Басқармасының мүшелерінен қалыптастырылады және негізгі және алмастыратын құрамнан тұрады. ШҚО 2 құрамына комитеттің екі мүшесі кіреді - Бірінші ШҚО 2 мүшесі және Екінші ШҚО 2 мүшесі, сондай-ақ олардың алмастыратын тұлғалары, олар Банк Басқармасы төрағасының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен тағайындалады.
Негізгі құрамдағы ШҚО 2 мүшесі еңбек демалысында болуына, сырқатына байланысты болмауына немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда, өтінім бойынша кредиттік шешімдерді қабылдауды алмастыратын құрамдағы ШҚО 2 мүшесі жүргізеді.
ШҚО құрамы мүшелері (Бірінші және Екінші (негізгі, алмастыратын) ШҚО мүшелері) АКҚД-ға жетекшілік ететін Банк басшысының - Банк Басқармасы мүшесінің не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен, АКҚД директорымен келісім бойынша тағайындалады.
ШҚО-ның (ШҚО құрамы және ШҚО 2 құрамы) негізгі міндеті Банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыру және алдын ала, аралық және тұрғын үй қарыздарын беру бөлігінде Банктің активтері мен пассивтерін басқару, сондай-ақ BPM жүйесі арқылы қабылданған кредиттік өтінімдер/қарыздарға кредит беруден кейінгі қызмет көрсету мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдау, BPM жүйесі арқылы қабылданған филиалдардың кредиттік өтінімдері бойынша банктік қарыздар беру туралы мәселелерді қарау және шешімдер қабылдау, Банкте BPM жүйесі арқылы қабылданған қарыздарға кредит беруден кейінгі қызмет көрсету өтінімдері бойынша мәселелерді қарау және шешімдер қабылдау болып табылады, бұл ретте мыналарға байланысты шешімдер кірмейді: қарыздарды қайта құрылымдау, айыппұлдар мен өсімпұлдар сомаларын есептен шығару және жою бөлігінде; проблемалық/мерзімі өткен қарыздар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару; кепіл мүлкін не оның бір бөлігін босату/ауыстыру, оның ішінде Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар үшін алдын ала шешімдер; Банктің мерзімі өткен/проблемалық қарыздары бойынша проблемалық/үмітсіз берешекті кешіруді қарау және алдын ала мақұлдау; банктік қарыз шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық компанияларға беру, сондай-ақ жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимыл және жұмыс мәселелері.
Банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыру мақсатында ШҚО құрамының Бірінші мүшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады: BPM жүйесі арқылы қабылданған филиалдардың барлық кредиттік өтінімдері және Банктегі қарыздарға кредит беруден кейінгі қызмет көрсету бойынша Банктің ішкі талаптарына сәйкес қорытынды дайындай отырып, андеррайтинг жүргізу және кредиттік тәуекелдерді бағалау.
Банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыру мақсатында ШҚО құрамының Екінші мүшесі және ШҚО 2 құрамы мүшелері BPM жүйесінде енгізілген кредиттік өтінімдер/қарыздарға кредит беруден кейінгі қызмет көрсету мәселелері бойынша автоматты режимде шешімдер/алдын ала шешімдер қабылдау функцияларын жүзеге асырады.