Жұмыспен қамту

Банк өз қызметінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдары үшін жауапкершілігін түсінеді, сондай-ақ қоғамның тұрақты дамуына жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажеттілігін мойындайды және мүдделі тараптардың кең ауқымы алдында әлеуметтік жауапты мінез-құлық бойынша ерікті міндеттемелер қабылдайды.

Банк Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарына және Банктің Жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қызметі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау және өзі көрсететін қызметтердің әлеуметтік әсері саласында озық халықаралық тәжірибелерді қолдануға ұмтылады.

Банктің басым міндеттерінің бірі Банктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге және Банк алдында тұрған міндеттерді шешуге бағытталған, Банктің біліктілік талаптарына сай келетін қызметкерлер штатын қалыптастыру және қолдау болып табылады. Еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің еңбек қатынастары және ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен реттеледі.