- Басты бет
- /
- Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің қызмет нәтижелері
Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің қызмет нәтижелері
2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің 20 отырысы ұйымдастырылып, өткізілді, оның ішінде 14 отырыс күндізгі нысанда өткізілді, 5 отырыс сырттай дауыс беру арқылы өткізілді, 1 отырыс жабық форматта өткізілді. 160 мәселе қаралды, олар бойынша шешімдер қабылданды: 127 мәселе бойынша - күндізгі тәртіппен, 32 мәселе бойынша - сырттай дауыс беру арқылы, 1 мәселе бойынша - жабық дауыс беру арқылы.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Директорлар кеңесі ұтымдылық, тиімділік және тұрақтылық қағидаттарын негізге ала отырып, жыл сайын алдағы жылға арналған отырыстар өткізу кестесі бар жұмыс жоспарын жасайды. 2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің қызметі Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Банктің Директорлар кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес атқарылды.
Есепті кезеңде Банктің Директорлар кеңесі қабылдаған неғұрлым маңызды шешімдер ретінде Банктің 2024-2028 жылдарға арналған даму жоспарын, Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды қарау және бекіту, Банктің ұйымдастырушылық құрылымын бекіту, Банктің Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістерді, жеңілдікті шарттар бермей, Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалатын мәмілелерді қарау атап өтіледі.
Банктің Жалғыз акционерінің қарауына Жылдық қаржылық есептілік, Банктің 2024 жылға арналған жылдық есебі, Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар, Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту шығарылып, кейіннен бекітілді.
2025 жыл бойынша Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің отырыстарға (күндізгі және сырттай) қатысуы туралы ақпарат:

2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің күндізгі отырыстарына және сырттай дауыс беру форматындағы отырыстарына Директорлар кеңесі мүшелерінің 100% қатысуы атап өтілді (дәлелді себеппен болмаған жағдайларды қоспағанда). Директорлар кеңесі мүшелерінің бірі күндізгі отырысқа физикалық түрде қатыса алмаған жағдайда, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір отырыс басталғанға дейін рәсімге сәйкес жазбаша түрде білдірілді немесе Директорлар кеңесінің мүшесі отырысқа телефон байланысы арқылы қатысты.
Банктің Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз етуді, Банктің акционердің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін рәсімдік талаптарды сақтауын, Банк туралы ақпаратты сақтауды, ашуды және ұсынуды Корпоративтік хатшылық жүзеге асырады.