Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Жұмыскерлер мен басшылықтың қарым-қатынасы

Қызметкерлер мен басшылық арасындағы қарым-қатынас аясында Банкте келесі шаралар үнемі өткізіліп тұрады:

  1. операциялық қызмет мәселелері бойынша басшы қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен апта сайынғы жоспарламалар;
  2. Басқарма Төрағасының құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен есепті кезеңде бекітілген мақсаттар карталарына қол жеткізу мәселелері бойынша тоқсан сайынғы кездесулері;
  3. Банктің қызметкерлері мен басшылығы арасындағы тұрақты еркін және тиімді жұмыс өзара іс-қимылы.

Сондай-ақ, Банкте бірлескен команда құрушы корпоративтік іс-шаралар, тренингтер және Банк басшылығының қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Банктегі жұмыс уақытын реттеу бес күндік жұмыс аптасында күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 8 сағаттан аспауға негізделеді. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістердің уақыты жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, Банктегі еңбек қатынастары және ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен, еңбек шарттарымен және ұжымдық шартпен айқындалады.

Ұжымдық шарттың күші олардың атынан ұжымдық шарт жасалған жұмыс берушіге және Банк қызметкерлеріне және оған қосылған қызметкерлерге жазбаша өтініш негізінде қолданылады. Банкте қызметкерлердің жалпы санының 100 % ұжымдық шарттармен қамтылған.

Банк Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары мен талаптарын қатаң сақтайды. Банк қызметіне қатысты елеулі өзгерістер болған кезде қызметкерлер белгіленген тәртіппен (күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей) хабардар етіледі.