Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Тұрақты дамуды басқару

Банк ұзақ мерзімді болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономикаға, экологияға және қоғамға әсер етудің маңыздылығын түсінеді. Аталған қағидатты Банкте іске асыру шеңберінде Банктің Директорлар кеңесінің 28.12.2023 жылғы шешімімен өзектендірілген Тұрақты даму саясаты (бұдан әрі – Саясат) бекітілді (өзекті саясатты Банктің сайтында, «Тұрақты даму»/ «ESG саясаты» бөлімінде табуға болады).

Тұрақты даму саясатының міндеттері:

  • Банктің Тұрақты даму саласындағы, оның ішінде мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың тиімді және ашық жүйесін құру бөлігінде қызметінің қағидаттары мен бағыттарын айқындау;
  • тұрақты даму қағидаттарын іске асыру үшін Банктің әрбір органы мен барлық қызметкерлерінің рөлін, құзыретін, жауапкершілігін бекіту;
  • тұрақты даму мен Банктің негізгі процестерінің өзара байланысын анықтау.

Тұрақты даму саласындағы міндеттерді шеше отырып, Банк өз миссиясына, Банктің Даму стратегиясының ережелеріне сүйенеді, сондай-ақ Тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттармен бекітілген халықаралық мінез-құлық нормалары мен қағидаттарын пайдаланады. Банктің миссиясы – қазақстандық отбасыларды өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету және Отан сезімін нығайту болып табылады. Осыған байланысты Банк тұрғын үй құрылысы саласында мемлекет жүзеге асыратын саясатты қолдайды.

Саясаттың ережелеріне сәйкес Тұрақты дамуды басқару жүйесінде Тұрақты даму саласындағы қағидаттар мен стандарттарды іске асыру үшін әрбір органның және барлық қызметкерлердің рөлдері, құзыреттері, жауапкершілігі нақты айқындалған және бекітілген.

Тұрақты дамуды енгізуге стратегиялық басшылық пен бақылауды Банктің Директорлар кеңесі жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Тұрақты даму мәселелері Банктің Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитетінің құзыретіне берілді.

Басқарма Тұрақты даму саласында тиісті жүйені қалыптастыруды және оны енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ тиісті іс-шаралар жоспарын қалыптастырады.

Банктің Стратегия және корпоративтік даму комитеті Тұрақты даму саласындағы іс-шараларды үйлестіруге жауапты, ESG мәселелерін қарауды және ұйымдастыруды, ESG саласындағы саясаттың стратегиялық құжаттарын бекіту, ESG бойынша ҚНК және стратегиялық мақсаттарды айқындау бойынша Банк Басқармасына ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады, оларды бекіту басқару органының құзыретіне жатады.

Барлық деңгейдегі барлық қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар тұрақты дамуға үлес қосады. Тұрақты даму саласындағы қызмет бағытына жетекшілік ететін Банктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы осы саясатты басқаруды қамтамасыз етуге жауапты болады, сондай-ақ ESG бастамалары бойынша мақсаттар мен тиімділікке қол жеткізу жөніндегі тәсілдерді үйлестіруді және ESG саласындағы корпоративтік стандарттардың іске асырылуын бақылауды, Тұрақты даму туралы есептің дайындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Банктің құрылымдық бөлімшелері Банктің Даму стратегиясында белгіленген Тұрақты даму саласындағы тиімділікке қол жеткізуді қамтамасыз ететін ESG саласындағы іс-шаралар жоспарын іске асырады, ESG саласындағы жүйені енгізуді, ESG саласындағы тәуекелдерді айқындауды жүзеге асырады.

Тұрақты даму саласындағы есептілік жыл сайын Банктің Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылады.

Банктің Тұрақты даму мәселелерін үйлестіретін негізгі Департамент келесі жұмыстарды орындайтын жоспарлау және Стратегиялық талдау департаменті болып табылады:

  • Тұрақты даму саласындағы қызметті жоспарлауды жүзеге асырады – ішкі және сыртқы ахуалды талдау, Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды, сондай-ақ нысаналы көрсеткіштерді, Тұрақты дамудың үш құрамдас бөлігі бойынша қызметті жақсарту және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды, жауапты тұлғаларды, қажетті ресурстар мен орындау мерзімдерін айқындау;
  • осы Саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған Банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
  • тұрақты даму саласындағы іс-шаралар жоспарының орындалуы және ҚНК бойынша есепті дайындауды жүзеге асырады;
  • тұрақты даму туралы бөлімді қоса отырып, Банктің жылдық есебін дайындауды жүзеге асырады;
  • Банктің тұрақты дамуы туралы есепті дайындауды жүзеге асырады;
  • Адами ресурстарды басқару және ұйымдастыру қызметі жөніндегі бөлімшемен бірлесіп сыртқы жаттықтырушыларды тарта отырып немесе өз бетінше тұрақты даму саласындағы Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Банк қызметкерлері үшін оқыту семинарларын өткізеді;
  • Банктің Тұрақты даму саласындағы ішкі құжаттары мен іс-шаралар жоспарларын келісуді қоса алғанда, Тұрақты даму мәселелері бойынша Банктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  • тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен, институттармен, агенттіктермен өзара іс-қимыл жасайды.

Банк өз қызметі шеңберінде БҰҰ 9-және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізеді, олар бойынша ақпарат Банктің есепті жылдағы Тұрақты дамуы туралы есепте келтіріледі (есепті Банктің сайтында, «Тұрақты даму»/ «ESG есептілігі» бөлімінде табуға болады).