Халықаралық ұйымдардағы мүшелік
Еуропалық құрылыс жинақ кассалар федерациясы (ЕҚЖКФ)
ЕҚЖКФ – тұрғын үйді қаржыландыруды ілгерілететін және қолдайтын кредиттік және басқа институттар қауымдастығы. Федерация 1962 жылы 29 тамызда құрылды және еуропалық деңгейдегі алғашқы кредиттік федерацияларының бірі болып табылады. Еуропа саяси және экономикалық интеграцияға бет бұрған кезде Федерация үйге иелік ету идеясын алға тартады, Еуропалық Одақтағы өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді, оның мүшелерінің еуропалық бірлестіктегі прогресс туралы және осы мақсатта қабылданған шаралар туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Федерация өз мүшелері арасында тұрғын үйді қаржыландыру және тұрғын үй саясаты саласындағы өзара ақпарат пен тәжірибе алмасуды қолдайды және жандандырады. Бүгінгі таңда қауымдастыққа Еуропа мен Азия бойынша 36 мүше кіреді. Отбасы банкінің ЕҚЖКФ толыққанды мүшелігі Қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін одан әрі дамыту және құрылыс жинақ кассаларының әлемдік қауымдастығына интеграциялау процесін ілгерілету үшін бірегей мүмкіндік болып табылады.
Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағы (ХТҚО)
2014 жылдың қыркүйегінде ХТҚО Отбасы банкін ұйым мүшелерінің құрамына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. ХТҚО 1914 жылы құрылған және өз мүшелеріне бүкіл әлемдегі тұрғын үй құрылысын қаржыландыру саласындағы соңғы оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік беретін ұйым болып табылады.