Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Гендерлік саясат

Гендерлік теңдікті жақсарту мен экономикалық дамуды жеделдету арасындағы байланысты әлемде жетекші халықаралық қаржы институттары кеңінен мойындады. Мұны мойындай отырып, Банк күш пен ресурстарды әйелдер мен еркектерді бірдей бағалайтын қоғам құруға бағыттауға міндеттенеді.

Банк бірқатар халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтасады, олардың тәжірибесі гендерлік-сезімтал тәсілдерді қолдану маңызды мәнге ие екенін және ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосатынын көрсетеді. Сонымен қатар, көптеген қаржы ұйымдары бүгінде Еуропалық инвестициялық Банк және басқалары сияқты ұйымдарға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдейді.

Банк мынадай мақсаттарға қол жеткізу мақсатында ішкі құжаттарды, жобалар мен зерттеулерді жоспарлау, іске асыру және бағалау кезінде гендерлік мәселелерді назарға алуға, талдауға және шешуге міндеттенеді:

  1. әйелдер мен ерлер арасындағы теңдікті ілгерілету;
  2. деректерді жынысы бойынша бөлуді ескере отырып, сапалы ақпарат жинау;
  3. ерлер мен әйелдерге тең және әділ қарауға ықпал ететін әлеуметтік, физикалық және психологиялық орта құру.

Банк әйелдердің бастамалары мен әйелдер көшбасшылығына ықпал етеді. Банк БҰҰ әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары жөніндегі жаһандық бастамасына (Women’s Empowerment Principles) қосылды. Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын «БҰҰ-әйелдер» құрылымы және 2010 жылы БҰҰ жаһандық шарты әзірледі. Құжат бизнес пен корпоративтік секторға арналған практикалық нұсқаулық болып табылады және гендерлік теңдікті ілгерілету, сондай-ақ әйелдердің үш саладағы мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ұсыныстар жинағын қамтиды: компания ішіндегі жұмыс орнында; тұтыну нарығымен жұмыс істеуде; әлеуметтік жобаларды іске асыру және азаматтық сектормен өзара іс-қимыл арқылы қоғамдастықта. WEPs қағидаттарына қол қою – Банктің гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге қызығушылық пен белсенді ұстаным туралы қоғамдық бастамасы болып табылады.

Сонымен қатар, Банктің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова өзінің барлық кәсіби қызметі барысында Қазақстандағы гендерлік теңдік идеяларын белсенді түрде насихаттайды. Оның басшылығымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) қаражаты есебінен әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерін қолдау шарасы шеңберінде Орталық Азиядағы алғашқы Кредиттік желіні іске қосты. 2016 жылы ЕҚДБ басшысы Сума Чакрабарти Ләззат Ибрагимоваға гендерлік теңдікті насихаттағаны үшін награданы табыс етті. 2023 жылы Қазақстанның жалғыз Отбасы банк елдегі гендерлік теңдікті белсенді ілгерілеткені үшін Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасынан (ОАӨЭЫ) марапат алды.

2021 жылдан бастап Отбасы банкінде Азиялық даму Банкімен бірлесіп «Ұмай» әйелдер ипотекасы бағдарламасы іске асырылуда, ол Қазақстанның түрлі қызмет салаларындағы әйелдеріне және әртүрлі табыстылықпен өз баспаналарын табуға көмектеседі. 2024 жылы Банк Азия Даму Банкімен өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты: мақсаты гендерлік теңдікті ілгерілету, орнықты экономикалық өсу және жасыл дамуды қолдау болып табылатын Қазақстан Республикасында инклюзивті және жасыл тұрғын үйді қаржыландыруға жәрдемдесу жобасы. Жобаны іске асыру әйелдердің энергия тиімді, тұрақты, жасыл және қолжетімді тұрғын үй сатып алу көлемін ұлғайтуды және жасыл ипотека нарығын дамытуды қамтамасыз етеді.