Қоршаған ортаны қорғау
Өз қызметінің сипатына байланысты Банк қоршаған ортаға тікелей елеулі әсер етпейді. Жоғарыда айтылғандай, Банк тұтынатын негізгі ресурстар электр энергиясы, жылу энергиясы және су болып табылады. Банк қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің алдын алуды барынша қамтамасыз ететін ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттары мен әдістерін қолданады. Банк қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді жүзеге асырмайды, өйткені Банк қоршаған ортаға ең аз теріс әсер ететін IV санаттағы объектілердің операторы болып табылады.
Сонымен қатар, Банкте қызметкерлердің экологиялық сана деңгейін арттыруға, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтауға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Жыл сайын Банк қызметкерлерін экологиялық саясат, энергияны, суды және басқа да табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
Банк өз қызметкерлері арасында экологиялық құндылықтар мен жауапты өмір салтын үнемі насихаттайды, соның арқасында Банк қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін компьютерлер мен басқа да электр құрылғыларын қуат көздерінен міндетті түрде ажыратудың маңыздылығы, жұмыс күні аяқталғаннан кейін жарықты өшірудің маңыздылығы, қалдықтарды сұрыптаудың, бір реттік ыдыс-аяқтан бас тарту принциптері мен маңыздылығы туралы толығырақ біле алды, бұл әр қызметкердің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі туралы түсінік қалыптастыруға көмектесті.
Өз тәжірибесінде Банк ел қалаларын көгалдандыру бойынша түрлі экологиялық акциялар өткізеді, Банкпен серіктестікте салынған жаңа ғимараттардың аулаларына ағаш отырғызады. 2024 жылы Банк қызметкерлері Shymbulak тау курортында «Turaqty Jol» жаһандық эко-сенбілігіне қатысып, 50 кг қоқыс жинады. Жиналған пластикалық бөтелкелер, қағаз, шыны және басқа да қоқыс түрлері мұқият сұрыпталып, кейіннен қайта өңдеу үшін жергілікті компанияларға берілді. Сондай-ақ Банк қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған аула және жалпы аумақтарды жинау және көгалдандыру бойынша «Таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Сондай-ақ, есепті жылы Банктің орталық аппаратында «Таза кеңсе» эко-акциясы өткізілді, оның шеңберінде жұмыскерлерге жұмыс орындарында жалпы тазалық жүргізіп, тәртіп орнатты. Нәтижесінде макулатура мен пайдаланылған батареялар жиналды, олар кейіннен қайта өңдеуге тапсырылды.
Даму стратегиясы мен даму жоспарына сәйкес Банктің жоспарлы міндеттерін орындау шеңберінде филиал қызметкерлері есепті жылы бүкіл Қазақстан бойынша 350 көшет отырғызды.