Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Жалғыз акционер

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ акциялардың мемлекеттік пакетін иеленуге және пайдалануға 100 % құқығы бар Банктің Жалғыз акционері болып табылады. 2013 жылдан бастап Банктің 7 830 000 жай акциясы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ меншігінде.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ миссиясы: бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарында азық-түлік қауіпсіздігін нығайту.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ негізгі міндеттерінің бірі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету» қызметінің стратегиялық бағыты шеңберінде шешілетін халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру жөніндегі қызметін еншілес ұйым – Отбасы банк іске асырады.