Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Директорлар кеңесі мен Директорлар кеңесі жанындағы Комитеттер қызметтерінің нәтижелері

2024 жылы Банктің Директорлар кеңесінің 15 отырысы ұйымдастырылып, өткізілді, оның ішінде 13 отырыс күндізгі нысанда өткізілді, 2 отырыс сырттай дауыс беру арқылы өткізілді. 153 мәселе қаралды, олар бойынша шешімдер қабылданды: 144 мәселе бойынша – күндізгі тәртіпте, 9 мәселе бойынша – сырттай дауыс беру арқылы.

Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі жыл сайын ұтымдылық, тиімділік және жүйелілік қағидатын негізге ала отырып, өткен жылға арналған отырыстарды өткізу кестесімен өз жұмысының жоспарын жасайды. Банктің Директорлар кеңесінің қызметі 2024 жылы Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Банктің Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Есепті кезеңде Банктің Директорлар кеңесі қабылдаған аса маңызды шешімдерде Банктің 2024–2033 жылдарға арналған Даму стратегиясын, Банктің 2024–2026 жылдарға арналған ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясын, Банктің 2024–2028 жылдарға арналған даму жоспарын, Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды, Банктің Басқарма мүшелерін сайлауды, Банктің Директорлар кеңесі Комитеттерінің құрамындағы өзгерістерді қарау және бекіту атап өтіледі.

Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жеңілдікті шарттар ұсынылмай мәмілелер бекітілді.

Банктің Жалғыз акционерінің қарауына Жылдық қаржылық есептілік, Банктің 2023 жылғы жылдық есебі, Банктің Жарғысына және Банктің корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар, Банк үшін 2024–2026 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы мәселе шығарылып, одан әрі бекітілді.

Комитеттердің жұмысы төмендегі кестеде келтірілген

Р/Н

Комитеттің атауы

Өткізілген отырыстардың саны

Қаралған мәселелердің саны

2022

2023

2024

2022

2023

2024

1.

Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті

10

11

11

65

56

56

2.

Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеті

10

10

10

33

40

34

3.

Директорлар кеңесінің кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті

10

11

12

26

11

25

4.

Директорлар кеңесінің Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитеті

10

11

10

63

61

72