Жұмыспен қамтылу
Банк өз қызметінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық зардаптары үшін өзінің жауапкершілігін түсінеді, сондай-ақ қоғамның тұрақты дамуына жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажеттігін мойындайды және мүдделі тараптардың кең ауқымы алдында әлеуметтік жауапты мінез-құлық бойынша ерікті міндеттемелер қабылдайды.
Банк Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Банктер және Банк қызметі туралы» заңдарына және Банктің Жарғысына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет шеңберінде қоршаған ортаны қорғау және өзі көрсететін қызметтердің әлеуметтік ықпалы саласында озық халықаралық тәжірибелерді қолдануға ұмтылады.
Жұмыспен қамтылу
Банктің басым міндеттерінің бірі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және Банк алдында тұрған міндеттерді шешуге бағытталған Банктің біліктілік талаптарына жауап беретін қызметкерлер штатын қалыптастыру және қолдау болып табылады. Еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің еңбек қатынастары және ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен реттеледі.