Оқыту және білім беру
Персоналды дамыту кез келген ұйымның табысының құрамдас бөлігі болып табылатынын назарға ала отырып, Банк жыл сайын персоналды оқытуға және дамытуға қаражат жоспарлайды. Банктегі білім беру бағдарламалары басшы құрамнан бастап мамандарға дейінгі барлық қызметкерлерді қамтиды.
2024 ЖЫЛЫ ОҚУДАН ӨТКЕН БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САНЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ:
|
Іс-шара |
Оқудан өткен жұмыскерлердің жалпы саны, адам |
Оның ішінде әйелдер саны, адам |
Оның ішінде ерлер саны, адам |
Оның ішінде Орталық аппарат жұмыскерлері, адам |
Оның ішінде филиалдардың жұмыскерлері, адам |
Оқытылған жұмыскерлердің жалпы санынан әйелдердің үлесі |
|---|---|---|---|---|---|---|
|
Сыртқы оқыту |
984 |
460 |
524 |
577 |
407 |
46,7 % |
|
Соның ішінде тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша |
15 |
8 |
7 |
15 |
0 |
53,3 % |
|
Ішкі оқыту |
1 494 |
869 |
625 |
642 |
852 |
58,2 % |
2024 жыл ішінде Банк қызметкерлері үшін тұрақты негізде Банк базасында нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Банк қызметкерлерінің тұрақты даму саласындағы хабардарлығын арттыру, IT-инфрақұрылымды жетілдіру және жаңа ақпараттық жүйені енгізу шеңберінде Банктің жаңалықтары бойынша оқу іс-шаралары өткізілді. Оқыту іс-шаралары сондай-ақ Банк алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті Банк қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және оларды ынталандыру мақсатында өткізілді. Сонымен қатар, Банк қызметкерлері кәсіби дағдыларды дамыту және әлемдік тәжірибені зерделеу мақсатында түрлі бағыттар бойынша онлайн-форматта сыртқы семинарларда, курстарда, тренингтерде оқыды. Банк қызметкерлері кәсіби біліктілігін арттыру және сертификаттаудан өту мақсатында мерзімді негізде міндетті мамандандырылған курстардан өтеді.
Банктің орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері үшін ішкі оқыту бойынша 64 іс-шара өткізілді, 2024 жылға жоспар бойынша – 37 іс-шара.
Сонымен қатар, Банк қызметкерлері өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға және өз міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған сыртқы оқытудан өтті. Сыртқы оқыту аясында Банк қызметкерлері әртүрлі кәсіби тақырыптарға, соның ішінде тұрақты даму мен ESG арналған курстар мен семинарлардан өтті. 15-тен астам жұмыскер тұрақты даму және ESG саласында кәсіби сертификаттар алды. Есепті кезеңде Банк қызметкерлері қаржы нарығының әртүрлі мамандары, оның ішінде реттеуші онлайн және офлайн форматтарда ұйымдастырған 15-тен астам тұрақты даму және ESG конференциялары мен іс-шараларына қатысты.
Жұмыскерлерді оқытудың сағаттар саны (сыртқы оқыту)
|
Көрсеткіштер |
Барлығы, сағаттар |
Бір жұмыскерге орта есеппен сағат саны |
|
2024 |
||
|
Оқыту сағаттары, барлығы |
1 340 |
13 |
|
соның ішінде жоғарғы және орта буын басшылары |
273 |
4,8 |
|
Соның ішінде құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері |
1 067 |
8,2 |
|
Соның ішінде ерлер |
685 |
7,2 |
|
Соның ішінде әйелдер |
655 |
5,8 |
Банкте тоқсан сайынғы негізде Банктің орталық аппараты қызметкерлерінің тиімділігін бағалау барлық қызметкерлерге ҚНК белгілеу және Банктің алқалы органдарының есепті кезеңде оларға қол жеткізуін қарау жолымен өткізіледі. Есепті жылы орталық аппарат қызметкерлерінің 100 % тоқсандық тиімділікті бағалаудан өтті.
Еңбек заңнамасы шеңберінде тараптардың келісімі бойынша қызметкермен еңбек шарты бұзылған кезде қызметтің негізгі көрсеткіштері картасының орындалуы туралы ұсынылған есеп негізінде нақты жұмыс істеген уақыттың есепті кезеңіндегі қызмет нәтижелері бойынша белгіленген екі лауазымдық жалақыға дейінгі мөлшерде өтемақы төлеу және/немесе сыйлықақы төлеу жөнінде шешім қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ, еңбек шарты бұзылған кезде қызметкерге қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа қатынасы туралы мәліметтерді қамтитын ұсыныс хат берілуі мүмкін.
Кадр резерві
Кадрлардың басшы және басқарушы құрамының кадр резервін қалыптастыру рәсімі жоғары әлеуетті қызметкерлерді анықтау және олардың кәсіби, мансаптық өсуін ұйымдастыру жолымен Банктің кадр резервімен жұмысты қалыптастыру және ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес 2008 жылдан бастап жүргізіледі.
2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша Банктің кадр резервінде 65 адам тұрады, оның ішінде 28 адам – орталық аппараттың қызметкерлері және 37 адам – Банк филиалдарының қызметкерлері.
Банк қызметкерлерін аттестаттау
2009 жылдан бастап Банкте қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына қойылатын талаптарға сәйкестік дәрежесін айқындау және аттестаттау нәтижелері бойынша Банк қызметкерлерімен одан әрі еңбек қатынастарына қатысты қажетті басқару шешімдерін қабылдау үшін қызметкерлерді аттестаттау жүргізіледі. Аттестаттау кезеңділігі үш жылда бір реттен жиі емес, тиімділікті бағалау қызметінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері (тиімділік 75 %-ға төмен) кезінде аттестаттау жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі. Аттестаттау кезеңдері – біліктілік талаптарын талдау, тестілеу, аттестаттау комиссиясының отырысы. 2024 жылы аттестаттау өткізілмеді.
Фронт-кеңсе қызметкерлерін тестілеу
Ішкі оқыту бағытында 2024 жылы қызметкерлер бірнеше тақырыптар бойынша оқудан өтті. Ішкі оқыту тақырыбы әртүрлі болды: ішкі бақылау жүйесі, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, заңды тұлғаларға қызмет көрсету, Банк қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, Банктің Даму стратегиясы, Банктік құпияны сақтамаудың салдары, корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты, операциялық тәуекелдерді басқару жүйесі және қызметтің үздіксіздігі. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, комплаенс-тәуекелдерді басқару жүйесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқалар.
Жыл бойы Банктің барлық қызметкерлеріне бағдарланған «Мираполис» қашықтықтан оқыту жүйесіндегі электрондық интерактивті оқу курстарының кітапханасы үнемі толықтырылып, өзектендіріліп отырды. Келесі электрондық курстар әзірленді: 1) Клиенттерге қызмет көрсету стандарттары (Клиенттік сервис), 2) Тренажер – ақпараттық жүйелерде Консультантпен/Топ Көшбасшысымен/Серіктес Консультантпен шартты тіркеу, авторизациялау және бұзу жөніндегі техникалық тәртіп, 3) кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару жүйесі, 4) Адам құқықтары. Әртүрлілік және инклюзивтілік.