Атмосфераға парник газдары мен басқа ластаушы заттардың шығарындылары
Банк Қазақстан Республикасының 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ұлттық мақсатына ұмтылады және жаһандық климаттың өзгеруін митигациялау және бейімдеу жөніндегі жаһандық күш-жігерге өз үлесін қосады.
Банк стационарлық және жылжымалы қондырғыларда парниктік газдар (бұдан әрі – ПГ) шығарындыларының, сондай-ақ Банктің операциялық процестерінде пайдаланылатын сатып алынатын энергияның жаһандық климаттың өзгеруіне әсерін азайтуға тырысады. Экспозицияны төмендетудің алғашқы қадамы – бұл процестерден ПГ шығарындыларын сандық бағалау.
2023 жылы Банк сыртқы консультанттармен бірлесіп Банктегі парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесін әзірледі және алғаш рет 1 және 2 қамту бойынша есептеулерді кең ауқымға ұсынды.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ КЛИМАТҚА ӘСЕР ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ:
|
Парникті газдардың шығарындылары |
2023 |
2024 |
|---|---|---|
|
ПГ тікелей шығарындыларының жалпы көлемі жылына (1-қамту) СО2 (тонна) баламасында |
305,13 |
402,46 |
|
1-қамту бойынша шығарындылардың қарқындылығы, бір жұмыскер/қызметкерге жылына СО2 (тонна) баламасында |
0,16 |
0,27 |
|
ПГ жанама шығарындыларының жалпы көлемі жылына (2-қамту) СО2 (тонна) баламасында |
5 808,44 |
2 313,22 |
|
2-қамту бойынша шығарындылардың қарқындылығы, бір жұмыскер/қызметкерге жылына СО2 (тонна) баламасында |
2,96 |
1,55 |
2024 жылы 1-қамту бойынша тікелей ПГ шығарындыларының 32 %-ға өсуі байқалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда дизель отыны мен бензинді тұтынудың өсуімен байланысты болды.
Бұл ретте 2-қамту бойынша жанама ПГ шығарындыларының 60 %-ға қысқаруы байқалады, бұл жылу энергиясын тұтынудың қысқаруына, сондай-ақ ПГ шығарындыларын есептеу тәсілінің өзгеруіне байланысты болды. Бұрын Банк барлық үй-жайлар бойынша, соның ішінде жалға берілетін үй-жайлар бойынша электр энергиясы мен жылу энергиясын тұтыну шығындарын ескерген. 2024 жылдан бастап жалға берілетін үй-жайлар бойынша электр энергиясын және жылу энергиясын тұтынуға арналған шығыстар өзге де жанама ПГ шығарындыларында ескеріледі (3-қамту).
2024 жылы Банк алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерді ұстануды жалғастыра отырып, 3-қамту бойынша парниктік газдар шығарындыларын, оның ішінде ипотекалық портфель бойынша есептеу әдістемесін әзірледі және сыртқы сараптама ұйымымен серіктестікте басқа да жанама шығарындылардың сандық есептеулерін жүргізді.
Басқа жанама шығарындыларды бағалау үшін (3-қамту) GHG Protocol сәйкес Банк үшін келесі маңызды санаттар анықталды:
- 1-санат: өнімдер мен қызметтерді сатып алу (кеңсе қағазы);
- 5-санат: ұйым қызметі процесінде пайда болған қалдықтар;
- 6-санат: қызметкерлердің іссапарлары;
- 7-санат: қызметкерлердің жұмысқа және кері сапарлары;
- 8-санат: жалға алынған мүлік;
- 15-санат: қаржыландырылатын шығарындылар (ипотека).
Осы санаттардың барлығын 3-қамту шығарындыларын талдауға қосу Банкке дәлірек бағалауға және көміртегі ізін азайтуға және қызметтің тұрақтылығын жақсартуға болатын аймақтарды бөлуге көмектеседі.
3-қамтудың жанама шығарындыларының өзге де санаттары парниктік газдар шығарындыларының сандық мәндерін есептеу жөніндегі халықаралық әдістемелік нұсқауларға (GHG Protocol) және климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының парниктік газдарды ұлттық түгендеу қағидаттарына (ҮКӨСТ, 2006 ж.) сәйкес бағаланды. 15-санат бойынша қаржыландырылатын шығарындылар парниктік газдар шығарындыларын есепке алу мен есеп берудің жаһандық стандартының (PCAF) талаптарына негізделген:
|
|
СО2 экв., тонна |
|---|---|
|
ПГ жанама шығарындылары (3-қамту) |
4 414,90 |
|
1-санат: өнімдер мен қызметтерді сатып алу (кеңсе қағазы) |
54,75 |
|
5-санат: ұйым қызметі барысында пайда болған қалдықтар |
132,41 |
|
6-санат: іссапарлар |
313,83 |
|
7-санат: қызметкерлердің жұмысқа және кері сапарлары |
500,88 |
|
8-санат: жалға алынған мүлік |
3 413,03 |
|
3-қамту шығарындылардың қарқындылығы, 1 қызметкерге |
2,96 |
|
Қаржыландырылатын шығарындылар (15-санат) |
1 164 084,94 |
|
Ипотекалық кредиттеу |
1 164 084,94 |
|
Қаржыландырылатын шығарындылардың қарқындылығы, кредиттелетін жылжымайтын мүлік ш.м. тонна |
0,052 |
|
Шығарындылардың жиыны 3-қамту |
1 168 499,84 |
2024 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Банк өзінің көміртегі ізі және өз қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы толық түсінік ала алды, Тұрақты дамудың заманауи талаптарын жақсарту және сәйкестендіру үшін ықтимал тәуекелдерді немесе мүмкіндіктерді анықтай алды, сондай-ақ көміртегі ізін азайту және осы сараптамалық компаниядан тиісті іс-шаралар мен бағдарламаларды әзірлеу бойынша нақты ұсыныстар ала алды.
Банк парниктік газдар шығарындылары бойынша қосымша нақты деректерді Банктің hcsbk.kz ресми сайтында «Тұрақты даму» / «ESG есептілігі» бөлімінде орналастырылған ESG Databook шеңберінде жүргізеді.