Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Мүдделер қақтығысы

Банкте корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты бекітілді, ол Банктегі мүдделер қақтығысын болдырмауға бағытталған шаралардың тізімін анықтайды, оның негізі қарама-қарсы бағытталған мүдделер, пікірлер, мақсаттар, оларға қол жеткізу тәсілі туралы әртүрлі идеялар қақтығысы болып табылады.

Саясатта лауазымды тұлғалардың (Банктің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің), Банк қызметкерлерінің Банк пен оның Жалғыз акционерінің мүддесі үшін әрекет ету міндеті нақты бекітілген, сондай-ақ олардың жауапкершілігі айқындалған.

Саясаттың талаптарына сәйкес, Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін кез келген әрекеттер мен қатынастардан аулақ болуға міндетті. Банктегі жеке мүдделер мен кәсіби міндеттер арасындағы кез келген мүдделер қақтығысы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына және саясатқа сәйкес ашылуға және реттелуге тиіс. Мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Банк қызметкерлері мүдделер қақтығысының туындау қаупін шектейтін әрекеттерді сақтау туралы міндеттемеге қол қояды.

Сондай-ақ Банктің Директорлар кеңесі туралы ережеде корпоративтік жанжалдар туындаған жағдайда Директорлар кеңесінің төрағасы оларды шешу және Банк қызметіне теріс әсерді барынша азайту жөнінде шаралар қабылдауы және мұндай жағдайларды өз күшімен шешу мүмкін болмаған жағдайда Жалғыз акционерді уақтылы хабардар етуі көзделген. Банк 2024 жылы Банкпен және оның лауазымды тұлғаларымен корпоративтік жанжалға байланысты Жалғыз акционердің өтініштері болмағанын растайды.

2024 жылы мүдделер қақтығысы, оның ішінде Банктің лауазымды тұлғалары тарапынан фактілер анықталған жоқ.