Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Адам құқығын сақтау

Банк Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын, 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартында, Халықаралық еңбек ұйымының еңбек саласында негізгі қағидаттар мен құқықтар туралы декларациясында, Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары аспектісіндегі кәсіпкерлік қызметте басшылыққа алынатын қағидаларында бекітілген Халықаралық Қаржы Корпорациясы халықаралық қаржы институтының адам құқығы саласында, Еуропалық Құрылымдау және дамыту Банкі халықаралық қаржы институтының адам құқығы саласында, Азиялық даму Банкі халықаралық қаржы институтының адам құқығы саласындағы адам құқығын қорғау жөніндегі халықаралық нормалары мен стандарттарын сақтайды.

Отбасы банкінде тең құқықтарды, еңбекті қорғауды, бірлестіктер бостандығын қамтамасыз ету саласындағы ереже әзірленді, ол адам құқықтарының ықтимал бұзылуын анықтау, алдын алу және қадағалау үшін негізгі ең төменгі талаптарды айқындайды. Аталған Ереженің қағидаттарын сақтау Банктің барлық жұмыскерлері/ қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Банктің негізгі тәсілі – барлық адамдар жынысына, тіліне, жасына, дініне, этникалық және нәсілдік тегіне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына немесе басқа белгілері мен ерекшеліктеріне қарамастан өздерінің қадір-қасиеті мен құқықтары бойынша еркін және тең.

Банк қызметінің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы – әлеуметтік-мәдени әртүрлілікке, Банк жұмыскерлері/қызметкерлері үшін тең мүмкіндіктер мен инклюзивтілікке кепілдік беру болып табылады.

Банк адам құқықтарына қолайсыз әсер ету тәуекелдерін, сондай-ақ Банк қызметінің барлық аспектілеріндегі қақтығыстар тәуекелдерін таниды, адам құқықтарының сақталуына жауапкершілік алады және оларды қорғау жөнінде шаралар қабылдайды – адам құқықтарының бұзылуының қандай да бір нысандарына жәрдемдесуге және пайда алуға кедергі келтіреді.

Банк Банктің барлық жұмыскерлері / қызметкерлері және оның контрагенттері үшін ең қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ұмтылады және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы барлық қолданылатын заңдар мен ішкі талаптарды сақтайды.

Банк денсаулық үшін тәуекелдерді азайту мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде ең жоғары стандарттар мен рәсімдерді енгізуге ұмтылады, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді азайту үшін тұрғын үй құрылысының экологиялық стандарттарын сақтай отырып бағдарламаларды іске асыру жолымен азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға, Банк жұмыскерлерінің/қызметкерлердің экологиялық сана деңгейін арттыру үшін экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізуге бағытталған.

Банк мәжбүрлі және еркінен тыс еңбектің кез келген түрін, құлдық пен адам саудасының кез келген түрін пайдалануды қабылдамайды. Банк балалардың құқықтарын сақтауға назар аударады және балалар еңбегін пайдалануды қабылдамайды. Банкте жұмыс уақытының режимі және қызметкерлердің демалу уақыты сияқты еңбек заңнамасының нормалары сақталады. Осылайша, Банк қызметкерлердің жеке өмір сүру құқығын құрметтейді және жұмыс пен жеке уақыт арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Банк мүдделі тараптармен ашық диалог жүргізу, тәуекелдерге мониторинг жүргізу және озық тәжірибелерді енгізу арқылы адам құқықтарын қолдаудың корпоративтік практикасын жетілдіруге ниетті.

Банк клиенттердің, жеткізушілердің, іскери серіктестердің және басқа да мүдделі тараптардың адам құқықтарын, әртүрлілік пен тең мүмкіндіктердің негізгі принциптерін сақтауын құптайды.