Басқарма және Басқармаға есеп беретін комитеттер қызметінің нәтижелері
Банктің Директорлар кеңесі бекіткен Басқарма туралы ереже негізінде әрекет ететін Басқарма Банктің атқарушы органы болып табылады. Банк Басқармасы Банктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Банк Басқармасы Банктің атынан әрекет етеді, оның ішінде оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің Жарғысында белгіленген тәртіппен мәмілелер жасайды, штат кестесін, оның ішінде орталық аппаратты, филиалдарды бекітеді, Банктің барлық қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер шығарады және нұсқаулар береді.
Банк Басқармасы есепті кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Банк Жарғысында Жалғыз акционердің, Банктің Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылмаған Банк қызметінің барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырды.
Банк Басқармасы 2024 жылы 162 отырыс өткізді (2023 жылы – 195 отырыс).
БАНК БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ КОМИТЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ
|
р/н № |
Комитеттің атауы |
Өткізілген отырыстардың саны |
Қаралған сұрақтардың саны |
||
|
2023 |
2024 |
2023 |
2024 |
||
|
1. |
Стратегия және корпоративтік даму комитеті |
35 |
25 |
43 |
34 |
|
2. |
Активтерді және пассивтерді басқару комитеті |
46 |
54 |
197 |
212 |
|
3. |
Банк өнімдері мен процесстер және қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитет |
66 |
77 |
132 |
145 |
|
4. |
Кредиттік комитет: 1-комитет 2-комитет |
81 51 30 |
90 60 30 |
204 135 69 |
310 245 65 |
|
5. |
Ақпараттық ресурстар жөніндегі комитет |
46 |
48 |
129 |
93 |
|
6. |
Бюджеттік комитет |
51 |
54 |
118 |
146 |
|
7. |
Контроллинг жөніндегі комитет |
31 |
24 |
39 |
35 |
|
8. |
Кадр мәселелері жөніндегі комитет |
18 |
21 |
74 |
71 |
|
9. |
Ақпараттық қауіпсіздік комитеті |
29 |
49 |
110 |
110 |
|
10. |
Негізгі құралдарды, материалдық емес активтер мен жатып қалған тауар-материалдық қорлардың құнын анықтау және оларды шығысқа шығару мәселелерін қарау жөніндегі комиссия |
12 |
11 |
12 |
11 |
|
11. |
Тәуекелдер жөніндегі комитет |
45 |
41 |
95 |
76 |
Басқарма мүшелерінің ҚНК жетуі
Банк Басқармасы қызметінің нәтижелілігі Банктің Директорлар кеңесі бекіткен 2024 жылға арналған ҚНК негізінде бағаланады. Есепті кезеңдегі Банк Басқармасының қызметі тұтастай алғанда оң деп сипатталады. Басқарма мүшелерінің 2024 жылға арналған Корпоративтік негізгі қызмет көрсеткіштерінің (ҚНК) және жеке ҚНК жоспарланған деңгейіне қол жеткізілді. 2024 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы:
- Басқарма Төрағасы Ибрагимова Л.Е. – 121 %,
- Басқарма Төрағасының орынбасары Айдарбекова А.К. – 118 %,
- Басқарма Төрағасының орынбасары Ақшанов Н.С. – 119 %,
- Басқарма Төрағасының орынбасары Әзімбеков М.М. – 119 %,
- Басқарма Төрағасының орынбасары Талтұсов Р.А. – 122 %,
- Басқарма Төрағасының орынбасары Распекова Э.С. – 122 %,
- Басқарма Төрағасының орынбасары Матай Ж.О. – 121 %.
Ірі мәмілелер және мүдделі мәмілелер
Есепті 2024 жылда ірі мәмілелер (Банк активтер мөлшерінің 25 %-ы және одан жоғары) және Банкпен ерекше қатынастағы тұлғалармен мәмілелер жасалмады.