Энергияны тұтыну және энергия тиімділігі
Банктің қызметі экологиялық қауіпті емес және жоғары экологиялық тәуекелге әкелмейді. Банк сақтық принципіне негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдайды және экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуы мен таралуына ықпал етеді.
Есепті жыл ішінде экологиялық заңнаманы бұзушылықтар болған жоқ, өндіріп алу болған жоқ.
Банк – филиалдардың кең желісі бар қаржы институты болып табылады. Осыған байланысты өз қызметін қолдау үшін Банкке электр және жылу энергиясының едәуір көлемі қажет. Банк қоршаған ортаға әсерін азайту және операциялық тиімділікті арттыру үшін энергия үнемдеу шараларын қолданады. Қаржы қаражатын үнемдеу және электр энергиясын үнемдеу мақсатында Банктің Орталық аппараты мен филиалдарының ғимараттарында қуаты 12-60 Ватт жарық диодты ш.м.ар орнатылды. Банктің Орталық аппарат ғимаратында энергия ресурстарын тұтынуы келесі кестеде келтірілген:
|
Энергия түрі |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
|---|---|---|---|---|
|
Электр энергиясы (сатып алу), кВт*сағ |
2 639 507,27 |
2 556 782,62 |
1 829 498,76 |
2 961 216,43 |
|
Соның ішінде жаңартылатын көздерден |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
Соның ішінде жаңартылмайтын көздерден |
2 639 507,27 |
2 556 782,62 |
1 829 498,76 |
2 961 216,43 |
|
Жылу энергиясы, Гкал |
13 807,38 |
9 159,20 |
8 598,63 |
5 581,79 |
Электр энергиясы Банкке «Алматы Энерго өткізу» ЖШС жасалған шарт негізінде ТП 21-44-тен қалалық электр беру желісімен жеткізіледі. Ғимаратты жылытуды орталық жылу желілері (ЖЭО) «Алматы жылу желілері» ЖШС жылумен жабдықтаушы компаниясы шарт негізінде жүзеге асырады.
Өзінің операциялық процестерінің қоршаған ортаға әсерін азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында Банк орталық аппараттағы дәліздерде (қозғалыс датчиктерінде) жарықтандыруды автоматты бақылау жүйесін, 2026 жылы Банктің 10 филиалында, 2027 жылы Банктің барлық 20 филиалында орнатуды мақсат етіп қояды.