Көрсеткіштер және мақсатты мәндер
«Отбасы банк» АҚ климаттық факторлардың ипотекалық портфельге, операциялық қызметке және стратегиялық басымдықтарға әсерін жан-жақты мониторингтеуді қамтамасыз ете отырып, тұрақтылық пен тәуекелдерді басқару жүйесіне климаттық көрсеткіштер мен мақсаттарды енгізеді. Бұл бастамалар халықаралық стандарттарға (IFRS 2, GRI, P CAD) және Қазақстан Республикасындағы декарбонизацияның стратегиялық бағыттарына сәйкес келеді.
2023 жылдан бастап Банк Ұлттық әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 1-қамту және 2-қамту санаттары бойынша парниктік газдар шығарындыларын есептеуді жүзеге асырады. 2024 жылдан бастап «Отбасы банк» АҚ 3-қамту бойынша, оның ішінде ипотекалық кредиттеуге байланысты қаржыландырылатын шығарындылар бойынша парниктік газдар шығарындыларын есептеуді жүзеге асыра бастады. Есептеу әдістемесі PCAF халықаралық принциптеріне негізделген және ғимараттардың сипаттамаларын, құрылыс түрін, географиясын және энергияны бағалауды ескереді.
2024 ЖЫЛҒЫ ПАРНИКТІК ГАЗДАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ АҚПАРАТ
|
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
2024 жылғы мәні |
|---|---|---|---|
|
1 |
1-қамту |
СО2 экв., тонна |
402,46 |
|
2 |
2-қамту |
2 313,22 |
|
|
3 |
3-қамту |
4 414,90 |
|
|
4 |
Қаржыланатын шығарындылар (15-санат) |
1 164 084,94 |
Банк «жасыл» ипотеканы белсенді түрде насихаттайды. 2024 жыл ішінде Банк Банктің өз қаражатынан бөлінген 18,6 млрд теңгені ойдағыдай игерді, бұл жоспарланған 19,8 млрд теңгенің 94 %-ын құрайды. Нәтижесінде, 2024 жылы осы бағдарлама шеңберінде Банк 763 клиентке 18,6 млрд теңге сомасында ипотекалық кредиттер берді. Жасыл ипотека іске асырылған сәттен бастап барлығы 31,4 млрд теңге сомасына 1 255 қарыз берілді. 01.01.2025 жылға арналған жасыл ипотека портфелі 30,7 млрд теңгені құрады, ал Банктің барлық кредиттік портфелінен жасыл ипотека үлесі 0,9 %-ды құрады.
Жалпы портфельдегі «әлеуметтік» ипотекалардың үлесі 39 % немесе 1 362,57 млрд теңгені құрайды.
Стратегиялық бағдарлар ретінде келесі климаттық мақсаттар анықталды:
- 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай 1-қамту және 2-қамту шығарындыларын 10 %-ға төмендету;
- Банктің ипотекалық портфелі бойынша шығарындыларды қоса алғанда, 3-қамту шығарындыларын біртіндеп төмендету;
- Жасыл қаржыландыру үлесін ұлғайту;
- Климаттық ҚНК пен KRI капиталды жоспарлаудың, басқарудың және ішкі ынталандырудың өзекті процестеріне ықпалдастыру.
Осылайша, «Отбасы банк» АҚ климаттық күн тәртібін іске асыруға ашық, сандық негізделген және басқарылатын тәсілді қалыптастырады, сыртқы сын-тегеуріндерге өзінің тұрақтылығын күшейтеді және төмен көміртекті экономикаға көшуге жәрдемдеседі.