Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде
Ляззат Ибрагимова
«Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрағасы

Басқарма Төрағасының
үндеуі

Құрметті клиенттер, серіктестер және әріптестер!

Отбасы банк үшін 2024 жыл қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған ауқымды және маңызды бастамалардың уақыты болды. Біз азаматтарды өз тұрғын үйлерін сатып алу үшін қолжетімді құралдармен қамтамасыз ете отырып, өз жұмысымызды мақтанышпен жалғастырамыз.

Биыл Банктің 2024–2033 жылдарға арналған Даму стратегиясы бекітілгені ерекше маңызды. Бұл біздің ұзақ мерзімді көзқарасымызды және тұрақты әлеуметтік трансформацияға бағдарымызды көрсетеді.

Енді біздің миссиямыз жаңаша өзгерді: «Ұзақ мерзімді әл-ауқатты арттыра отырып, отбасыларды өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету арқылы Отанға деген сезімін нығайтамыз».

Банктің жаңа стратегиясы алдағы жылдарға арналған жұмысымыздың іргетасы болды, мұнда әлеуметтік жауапкершілікке және қолжетімділікке баса назар аударылады.

Болашақта біз Отбасы банкін халық пен компаниялар үшін, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік бағдарламалары үшін жинақ пен қаржыландырудың сенімді және тұрақты дамып келе жатқан жүйесі ретінде көреміз.

Біздің құндылықтарымыз – клиенттер, тиімділік, түсініктілік, белсенділік және де команда.

Бекітілген стратегияға сәйкес, 10 жылға біз өз алдымызға өршіл, бірақ қол жеткізуге болатын мақсаттар қоямыз: активтер бойынша ҚР ТОП-2 банкіне кіру, ROA – 2,70 %, ұзақ мерзімді жинақ пен ипотека нарығын тарту нарығының үлесі бойынша көшбасшы болу, Банк нарығында үздік жұмыс беруші болу.

«Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру үшін Банк алғаш рет жалпы сомасы 209,9 млрд теңгеге әлеуметтік облигациялар шығарды.

Биылғы жылдың тағы бір маңызды оқиғасы – «Отау» және «Наурыз» тұрғын үй бағдарламаларын іске қосу және іске асыру болды. Олар қоныс тойын 9 983 қазақстандыққа атап өтуге мүмкіндік берді.

«Отау» – банктің өз бағдарламасы. Бұл тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін пәтер сатып алудың қосымша құралы болды. Оны іске асыру барысында біз жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге баса назар аудардық.

«Наурыз» бағдарламасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылды. Ол ауылдар мен аудан орталықтарының тұрғындарына баса назар аудара отырып, азаматтарды қолдау аясын кеңейтті. Оларға 3 532 қарыз берілді. Бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жоюға маңызды үлес болды.

Жаңа бағдарламалар бойынша қарыздар бойынша мөлшерлеме жылдық 9 % (ЖТСМ 9,4 %-дан 13 %-ға дейін) құрады, бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған қазақстандықтар үшін ол 7 % (ЖТСМ 7,1-ден 9,6 %-ға дейін) құрады, бұл да аса мұқтаж азаматтарды қолдаудың қосымша шарасына айналды.

«Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру үшін Банк алғаш рет жалпы сомасы 209,9 млрд теңгеге әлеуметтік облигациялар шығарды. Бұл бағалы қағаздар біздің Банктің, мемлекеттің және бизнестің елдің әлеуметтік саясатын қолдау және мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін күш-жігерін біріктіретін құралға айналды. Мысалы, «Наурыз» бағдарламасы бойынша қол жетімді қарыздардың ш.м.мен 7 %-ын көп балалы отбасылар алды. Егер отбасында кемінде 4 бала тәрбиеленеді деп есептесек, қазір 2 120 кішкентай қазақстандық өз үйлерінде тұрады. Қор биржасында біздің облигацияларды сатып алған инвесторлар іс жүзінде «Наурыз» бағдарламасының қатысушылары болды. Олар ерекше мұқтаж азаматтардың санаттарына қолжетімді кредиттеу үшін қорландыруды ұсынды.

«Асыл мекен» пилоттық бағдарламасы да маңызды жоба болды. Оны іске қосу үшін банк 2 млрд теңге бөлді, соның арқасында ауылдық өңірлердегі 208 отбасы тұрғын үй сатып алды немесе үй салуға қаржы алды. «Асыл мекен» – өңірлердің тұрақты дамуына және ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыруға қосқан үлесіміз болды.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 9 004 кезекте тұрғандар азаматтар тұрғын үй сатып алды. Олардың барлығы 2 % (ЖТСМ 2,0 %-дан 2,1 %-ға дейін) және 5 % (ЖТСМ 5,2 %-дан 5,8 %-ға дейін) мөлшерлемелері бойынша жеңілдікті қарыздар алды. Қаржыландыру сомасы 108,1 млрд теңгеден асты.

Биыл біз жастарға ерекше назар аудардық. Еліміздің 17 өңірінде әкімдіктермен бірлесіп еліміздің жас азаматтары үшін арнайы тұрғын үй бағдарламалары іске асырылды. Ынтымақтастықтың жалпы сомасы 70,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде әкімдіктер 61,1 млрд теңгені, Банк 9,7 млрд теңгені бөлді. Жастар бағдарламалары мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне жеке тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді.

2024 жылы тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі аясында Банк 71 452 қарыз берді. Күн сайын біздің клиенттеріміздің 280-ге жуығы Банктен кредит алды. Бұл сандар жай статистика емес, бұл бірнеше ондаған мың қазақстандық отбасылардың тағдырындағы нақты өзгерістер.

Біз тек тұрғын үй бастамаларына тоқталмаймыз. Қазақстандықтарға өз шаршы метріне ақша жинауды үйрете отырып, Банк 2024 жылы азаматтарға балаларының болашақ білімі үшін ақша жинауға көмектесе бастады. Жыл басында Отбасы банк мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) қатысушысы болды. Бұл дегеніміз, енді сіз «AQYL» депозитінің көмегімен Отбасы банкінде білім алуға ақша жинай аласыз. Бір жыл ішінде Банкте осындай 70 220 жинақ шоты ашылды.

Отбасы банкіндегі «AQYL» депозитін Ұлттық қордан алынған жинақтармен толықтыруға болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторларының бірі Отбасы банк болды.

Оның көмегімен Ұлттық қордың қаражатын 4,2 млн АҚШ доллары сомасын 43 591 қазақстандық пайдаланды. Олар ақшаны білім беру ақысын төлеуге және тұрғын үй жағдайын жақсартуға аударды. Осылайша, еліміздің жас азаматтары өз болашағына инвестиция салды.

Біз Қазақстанның экономикалық белсенді халқының 29,8 %-ы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің қатысушылары екенін мақтан тұтамыз. 2024 жылы 660 147 жаңа салымшы болашақта елдегі ең қолжетімді тұрғын үй қарыздарын пайдалану үшін Банкке өз жинақтарын сеніп тапсырды.

Есепті кезеңдегі цифрлық трансформацияның негізгі қадамдарының бірі – 1 миллионнан астам клиент пайдаланған Otbasy bank мобильді қосымшасын жаңарту болды. 2024 жылы Банктік операциялардың 78,2 %-дан астамы онлайн режимінде жасалды, бұл Банктің ыңғайлы және заманауи қызметке деген ұмтылысын растайды.

2024 жылы тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі аясында Банк 71 452 қарыз берді.

2025 жылы Отбасы банк қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін жаңа мүмкіндіктермен жұмыс істеуді жалғастырады. «Наурыз», «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламаларының екінші кезеңін іске қосу жоспарлануда.

Біздің күш-жігеріміз қазақстандықтардың өз үйі туралы арманын орындауға көмектесетініне сенімдіміз. 2025 жыл әр отбасыға одан да көп қоныстану, тұрақтылық пен әл-ауқат әкелсін!