Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Қалдықтарды басқару

Банк үшін қаржы институты ретінде қалдықтардың негізгі түрлері қағаз, шығын материалдары және пайдаланылған кеңсе жабдықтары болып табылады. 2014 жылдан бастап іс жүргізуде қағаз тұтынуды қысқарту үшін Банк «Documentolog» электрондық кеңсе құжат айналымы жүйесін пайдаланады. Бұл жүйе Банктің барлық ішкі құжат айналымын автоматтандыруға және құжаттарды қалыптастыру, келісу, тексеру, бекіту, олардың орындалуын бақылау, тарату, іздеу және мұрағаттау сияқты бизнес-процестерді электрондық форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, соңғы жылдары Банк минимизацияланған басып шығару және екі жақты басып шығару тәжірибесін белсенді түрде енгізуде. Банктің тәжірибесінде алқалы органдардың/ жұмыс топтарының отырыстарын/кеңестерін өткізудің цифрлық нысандары, яғни ормандар мен ағаштарды сақтауға, әлемдік экологиялық проблемаларды шешуге қосымша үлес қосу үшін материалдарды көрсету бойынша LED экрандарды, планшеттерді пайдалана отырып, қағазды жұмсамай өткізу нысандары қолданыла бастады. Осылайша, 2024 жылы Банк 2023 жылмен салыстырғанда қағазды пайдалануды 15 %-ға қысқартты (2024 жылы пайдаланылған қағаз саны – 23 100 байлам, 2023 жылы – 27 100 байлам).

Сондай-ақ, Банк соңғы бірнеше жыл ішінде Банк ғимараттарында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және үш топқа – шыны және металл, пластик және қағазға сұрыптау жүйесін пайдалану арқылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен кәдеге жаратуды біріздендіру саясатын енгізуде.

2024 жылы Банктің орталық аппаратының екі кеңсесінде (Абылай хан даңғылы 91 және Қарасай батыр көшесі 98), Маңғыстау облыстық филиалында қалдықтарды бөлек жинау контейнерлері орнатылды. Бұл ретте, Маңғыстау облыстық филиалында қалдықтарды бөлек жинау контейнерлерін орнату Банк тәжірибесінде өтеусіз негізде қызмет көрсетудің бірінші жағдайы болып табылады. 2025 жылы Банк осы қағида бойынша және Банктің басқа филиалдарында қызмет көрсету мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отыр.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Банктің Орталық аппараты 1 720,20 кг макулатура-қағаз, 1 111,70 кг шыны, 131,06 кг пластикті қайта өңдеу және кәдеге жарату жолымен қайта өңдеуге тапсырды.

Қалдықтарды басқару

 

2021

2022

2023

2024

Жалпы пайда болған қалдық (тонна)

112,43

113,34

114,45

428,30

соның ішінде:

 

 

 

 

Қауіпті қалдықтар

 

Қауіпсіз қалдықтар

112,43

113,34

114,45

428,30

Қайта өңделген және қайта қолданылған қалдықтар (тонна)

0

0

0,33485

8,35

Банк қалдықтар жайлы қосымша нақты деректерді өзінің ресми сайтында «Тұрақты даму» / «ESG есептілік» бөлімінде ESG Databook шеңберінде келтіреді.