Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Демеушілік және қайырымдылық

Қайырымдылық пен демеушілік Банктің корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі болып табылады және қоғам өміріне қатысудың дәстүрлі бағыттарының бірі ретінде Банк қызметін жүргізетін аумақтағы әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Банк үшін қайырымдылық қызметі мен демеушілік Банктің іскерлік беделін нығайту және ішкі корпоративтік мәдениетті дамыту тұрғысынан маңызды. Банк қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету бойынша келіп түскен барлық өтініштерді қарастырады және қызметкерлерді қайырымдылық жобаларға әртүрлі форматта қатысу арқылы тарту бағдарламасын дамытады: жеке ақшалай және өзге де қайырымдылықтар, әрбір қызметкердің ортақ іске өзінің жеке үлесін қосуға мүмкіндігі бар.

2024 жылы Банк қызметкерлерінің күшімен «Асар» акциясы аясында Банк филиалдарының үш қызметкерінің онкологиялық ауруын емдеуге ақшалай қаражат жинау ұйымдастырылды.

2024 жылғы мамырда «Жеңіс Күні» акциясы өткізілді, оның шеңберінде Банктің Орталық аппаратының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне азық-түлік себеттері түрінде көмек пен қаржылық көмек көрсетті.

Сондай-ақ, Банк қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қайырымдылық қорына қаражат жинауды ұйымдастырды, оның ішінде бір күндік жалақысы 9 378 805 теңге көлемінде аударылды.

2024 жылғы маусымда Банктің орталық аппаратында Алматы қаласының қан орталығымен бірлесіп «Донор күні» акциясы өткізілді, нәтижесінде онкогематологиялық аурулары бар балалардың донорлық қан тапшылығы проблемасын шешу үшін 36 литр қан жиналды.

2024 жылдың қыркүйегінде «Мектепке жол» акциясы аясында «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жандардың жастар ұйымы» қоғамдық ұйымдарының балаларына мүмкіндігі шектеулі балалар (атап айтқанда көру қабілеті бұзылған балалар) есепке алынып, Банк қызметкерлерінің өз қаражаты есебінен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу бойынша, мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға арналған мамандандырылған дүкенге сертификаттар түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

2024 жылғы желтоқсанда Банктің Астана қ., Орталық филиалының қызметкерлері Холдинг «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп ұйымдастырған «Донор күні» қан тапсыру науқанына қатысты.

2024 жылдың желтоқсан айының соңында «Айналайын» қайырымдылық науқаны өткізілді, онда Банк қызметкерлері пісірілген өнімдер, кітаптар және т.б. өнімдерді сатуға ұсынды. Түскен қаражатқа ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «SOS» Балалар ауылында» тұратын жетім балаларға 250 дана тәтті сыйлықтар сатып алынды.

2024 жылы Банк бюджеті есебінен қайырымдылық, демеушілік және қайырымдылық көмек жасалмады.