Корпоративтік басқару жүйесін сипаттау
Банк корпоративтік басқаруды өз қызметінің тиімділігін арттыру, транспаренттілік пен есептілікті қамтамасыз ету, оның беделін нығайту және оған капитал тартуға жұмсалатын шығындарды азайту құралы ретінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы заңның үстемдігін қамтамасыз етуге өз үлесі және Банктің қазіргі заманғы экономика мен тұтастай қоғамдағы орнын айқындайтын фактор ретінде қарастырады.
Банктің корпоративтік басқаруы әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және құзыреттілік негізінде құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Банк қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейді және Банктің табысты қызметіне, оның ішінде оның құндылығының өсуіне, қаржылық тұрақтылық пен табыстылықты қолдауға ықпал етеді.
Банктегі Корпоративтік басқару жүйесіндегі қатысушылар арасындағы қатынастар халықаралық практика негізінде әзірленген Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі. Банктің корпоративтік басқару құрылымы заңнамаға сәйкес келеді және Банк органдары арасындағы міндеттердің бөлінуін айқындайды.
Банктің корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Банктің корпоративтік басқару қағидаттары:
- өкілеттіктердің аражігін ажырату қағидаты;
- Қазақстан Республикасының азаматтық, Банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес көзделген Банктің Жалғыз акционерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және осы құқықтар мен мүдделердің іске асырылуын қолдау қағидаты;
- Банкті Директорлар кеңесі мен басқарманы тиімді басқару қағидаты;
- тұрақты даму қағидаты;
- тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және ішкі аудит қағидаты;
- корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу қағидаты;
- Қазақстан Республикасының Банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес Банктің қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен объективтілігі қағидаттары.
- Банк қызметінің ауқымы мен сипатының, оның құрылымына, тәуекелдер бейініне, Банктің бизнес-моделіне сәйкестік қағидаты.
- өз міндеттерін орындау үшін Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің Банк қызметі туралы толық, өзекті және уақтылы ақпаратқа қол жеткізу қағидаты.
Корпоративтік басқару жүйесінің диагностикасын жүргізуді Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес Банктің ішкі аудит департаменті үш жылда бір рет жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 182-бабының 3-тармағына сәйкес корпоративтік басқаруды тәуелсіз бағалауды мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) кемінде үш жылда бір рет жүргізуі тиіс. 2024 жылы «КПМГ ТАКС ЭНД ЭДВАЙЗОРИ» ЖШС Банктің корпоративтік басқаруына тәуелсіз бағалау жүргізілді, оның нәтижелері бойынша корпоративтік басқару деңгейінің сәйкестігі 95,4 %-ды құрады, бұл «Барабар» рейтингіне сәйкес келеді.