Бағалы қағаздар туралы мәліметтер
Акционерлік капитал
|
(мың қазақстандық теңгемен, акциялар санынан басқа) |
Акциялар (мың дана) |
Жай акциялар |
Жиыны |
|---|---|---|---|
|
2023 ж., 1 қаңтарда |
7,830 |
78,300,000 |
78,300,000 |
|
Шығарылған жаңа акциялар |
– |
– |
– |
|
2023 ж., 31 желтоқсанда |
7,830 |
78,300,000 |
78,300,000 |
|
2024 ж., 1 қаңтарда |
7,830 |
78,300,000 |
78,300,000 |
|
Шығарылған жаңа акциялар |
– |
– |
– |
|
2023 ж., 31 желтоқсанда |
7,830 |
78,300,000 |
78,300,000 |
Банк Жалғыз акционер үшін дивидендтерді төлеу шарттары мен тәртібіне, Банктің қаржылық жағдайына және басқаларға қатысты барлық қажетті ақпаратты ашады. Дивидендтерді төлеу үшін Банк Жалғыз акционер бекіткен Холдингтің еншілес ұйымдары төлейтін дивидендтердің мөлшерін айқындау тәртібін басшылыққа алады.
Дивидендтер мөлшерін есептеу Банктің жылдық аудиттелген қаржылық есептілігінде көрсетілген Банктің таза кірісінің сомасы негізге алына отырып жүргізіледі. Бұл ретте дивидендтердің мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып айқындалады.
Дивидендтердің мөлшерін Жалғыз акционер тиісті кезеңдердегі пайданы бөлу тәртібін бекіту туралы мәселені қарау кезінде ерекше тәртіппен айқындауы мүмкін.
Акциялардың номиналды құны 1 жай акцияға 10,000.00 теңгені құрайды.
2024 жылғы 15 мамырда Банктің Жалғыз акционері Банктің 2023 жылғы таза пайдасын бөлу және жалпы сомасы 44,258,292 мың теңгеге дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады, бір жай акцияға дивидендтер мөлшері 5 652,40 теңгені құрады. Дивидендтер 2024 жылғы 12 тамызда төленді (2023:2022 жылғы дивидендтердің жалпы сомасы 67,224,699 мың теңгені құрады, бір жай акцияға дивидендтердің мөлшері 8 585,53 теңгені құрады. Дивидендтер 2023 жылдың 18 тамызында төленді).
Бас компанияның шешімі негізінде Банктің жарияланған акцияларын шығару аңдатпасына Банктің жарияланған акцияларының санын 4,990 мың данаға жалпы саны 12,820 мың данаға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді. Жарияланған акциялар шығару аңдатпасына өзгерістер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде 2023 жылғы қаңтарда тіркелді. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жарияланған акцияларды орналастыру жүзеге асырылған жоқ.