Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Орталық аппараттың құрылымы

Банктің ұйымдық құрылымы Банк алдына қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді тиімді шешуге ықпал етеді. Есепті жылы қызметті дамыту қажеттіліктеріне сүйене отырып, Банктің ұйымдық құрылымына кейбір өзгерістер енгізілді. Қазір Банктің Орталық аппаратының құрылымы бизнесті және ауылдық аумақтарды дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, ақпараттық қауіпсіздік, құқықтық мәселелер, қаржы және есептілік, тәуекелдер және ішкі бақылау, ақпараттық технологиялар және цифрлық трансформация, операциялық қызмет, Банк өнімдері мен процестері бойынша блоктардан тұрады.