АЛУАНТҮРЛІЛІК және тең мүмкіндіктер
Банк барлық қызметкерлердің, сондай-ақ Қазақстанның барлық халықтарының өкілдеріне жұмысқа орналасуға тең мүмкіндіктер беріп, ізгі ниет пен қолдау атмосферасын құруға ұмтылады. Ерлер мен әйелдердің арақатынасы, олардың сыйақылары, қызметкерлердің орташа жасы Банк қызметкерлері туралы есеп бөлімінде келтірілген.
Банк жұмыскерлердің үлкен этномәдени әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, Банкте келесі ұлттардың өкілдері жұмыс істейді: қазақтар, орыстар, балқарлар, еврейлер, әзірбайжандар, татарлар, корейлер, украиндар, өзбектер, ұйғырлар, немістер. Сонымен қатар, Банк басқару құрамындағы этномәдени әртүрлілікті арттыра отырып, өз мәдениетін жетілдіреді, сондай-ақ жалдау ережелерін қатаң сақтайды.
Қызметкерлерді ұлттық тиесілігі бойынша бөлу
|
|
Жұмыскерлердің жалпы санынан % |
Кіші, орта және жоғарғы басқарушы лауазымдарды қоса алғанда, барлық басқарушы лауазымдардың жалпы санынан% |
|---|---|---|
|
Қазақтар |
92 |
94 |
|
оның ішінде ер адамдар |
59 |
49 |
|
оның ішінде әйелдер |
41 |
51 |
|
оның ішінде 30 жасқа дейінгі жұмыскерлер |
18 |
2 |
|
оның ішінде 30-50 жастағы жұмыскерлер |
73 |
87 |
|
оның ішінде 50 жастан асқан жұмыскерлер |
9 |
11 |
|
Қалған ұлттар жиыны |
8 |
6 |
|
оның ішінде ер адамдар |
50 |
48 |
|
оның ішінде әйелдер |
50 |
52 |
|
оның ішінде 30 жасқа дейінгі жұмыскерлер |
20 |
0 |
|
оның ішінде 30-50 жастағы жұмыскерлер |
67 |
86 |
|
оның ішінде 50 жастан асқан жұмыскерлер |
13 |
14 |
Тең мансаптық мүмкіндіктер жасау, әйелдер мен ерлер еңбегін әділ бағалауды қамтамасыз ету және еңбекақы төлеуде кемсітушілікке жол бермеу гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін айтарлықтай маңызға ие және лайықты еңбектің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Банк еңбегі үшін бірдей сыйақы қағидатын ұстанады.
Банкте әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасалған:
- жұмысқа орналастыру – ерлер де, әйелдер де жас мамандарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындары барынша пайдаланылады;
- әйелдер мен ерлер өндірістік және басқарушылық шешімдер қабылдауға тепе-тең қатысуы;
- әйелдердің мансаптық өсу мүмкіндіктерін іске асыру;
- көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған іс-шараларға әйелдердің қатысуы;
- әйелдердің де, ерлердің де бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыс алу құқығын іске асыру тәртібі.
Сонымен қатар, Банк әйелдердің бастамалары мен әйелдер көшбасшылығына барлық жағынан ықпал етеді. Банк БҰҰ әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды (Women’s Empowerment Principles).
Әйелдердің өкілеттігі
|
Банктің Директорлар кеңесі құрамындағы әйелдердің үлесі, Директорлар кеңесі құрамының жалпы санынан, % |
40,0 |
|
Қызметкерлердің жалпы санындағы әйелдердің үлесі |
58,2 |
|
Банк қызметінің бағыттары бойынша басшы лауазымдардағы әйелдердің үлесі, Банктің басшы қызметкерлерінің, (Басқарма мүшелері, бас бухгалтер) жалпы санынан, % |
50,0 |
|
Кіші, орта және жоғары басшылық лауазымдарды қоса алғанда, барлық басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі кіші, орта және жоғары басшылық лауазымдарды қоса алғанда, басшы қызметкерлердің (Басқарма мүшелері, басқарушы директорлар, департамент директорлары, филиал директорлары, басқарма бастықтары) жалпы санынан, % |
45,9 |
|
Кіші басшы лауазымдардағы әйелдердің үлесі, кіші басшы лауазымдардағы қызметкерлердің (басқарма/ бөлім бастықтары) жалпы санынан, % |
53,3 |
|
Жоғары басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі, яғни Басқарма төрағасынан екі деңгейге төмен, жоғары басшылық лауазымдардағы, яғни Басқарма төрағасынан екі деңгейге төмен қызметкерлердің жалпы санынан, % |
48,2 |
|
Банк қызметінің жұмыскерлердің табыс әкелетін бағыттары бойынша басшы лауазымдардағы әйелдердің үлесі жалпы санынан, % |
0,3 |
|
Марапаттарға ие болғандардың, әртүрлі көтермелеулерді (наградаларды, т.б.) алған қызметкер әйелдердің үлесі жалпы санынан, % |
50,3 |
Есепті жылда Банк жұмыскерлері арасында кемсітушілік жағдайлары орын алмады.