Жылдық есеп 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Банк туралы

Отбасы банкі 2003 жылы тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыруды жетілдіру және тиімділігін арттыру және халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесін дамыту мақсатында құрылды.

Банк қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:
Банк қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:

Банктің Құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады, ол Банк акцияларының мемлекеттік пакетіне билік ету құқығына ие. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Банктің Жалғыз акционері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) болып табылады. Банк Холдингтің компаниялар тобына кіреді және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері жоқ.

Банк акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және мыналарға ие:

толық атауы:

  • мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы»;
  • орыс тілінде: «Жилищный строительный сберегательный Банк «Отбасы банк»;
  • арналған ағылшын тілінде: «joint stock company «Otbasy bank» house construction savings bank».

қысқартылған атауы:

  • мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» АҚ»;
  • орыс тілінде: АО «Отбасы банк»;
  • ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank».

Банктің атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A05A2X0, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91.

Банктің Басқарма Төрағасы Ибрагимова Ләззат Еркенқызы.

Рейтингтер

Moody's

Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг:

Ваа1

Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша қысқа мерзімді рейтинг:

Prime-2

Кредиттік қабілеттіліктің базалық бағасы:

Ваа1

Рейтингтер бойынша болжам:

тұрақты

FitchRatings

Эмитенттің ұлттық валютадағы дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі:

BBB

Эмитенттің ұлттық валютадағы дефолтының қысқа мерзімді рейтингі:

F2

Рейтингтер бойынша болжам:

тұрақты