Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Банктің тұрақты дамуға деген көзқарасы

"ОТБАСЫ БАНК" АҚ-НЫҢ 2023 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

"ОТБАСЫ БАНК" АҚ-НЫҢ 2022 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

"ОТБАСЫ БАНК" АҚ-НЫҢ 2021 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ 2017 ЖЫЛҒЫ КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ 2018 ЖЫЛҒЫ КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

"ОТБАСЫ БАНК" АҚ-НЫҢ 2020 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

«Отбасы банк» АҚ Тұрақты даму стратегиясы

«Отбасы банкі» АҚ Стейкхолдер картасы

"Отбасы банк" АҚ Іскерлік этика кодексі

Банк ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңыздылығын түсінеді

Банктің тұрақты дамуы – бұл Банктің өз қызметін жүзеге асыруы кезінде басшылыққа алатын қағидаттар мен міндеттемелер жиынтығы, оның ішінде:

  • 1) мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынастарды басқару;
  • 2) ұлттық экономикаға, әлеуметтік салаға және экологияға әсерді бағалау және басқару.

Тұрақты даму саласындағы міндеттерді шеше отырып, Банк өзінің миссиясына, Банктің Даму стратегиясының ережелеріне сүйенеді, сондай-ақ, тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттармен бекітілген халықаралық мінез-құлық нормалары мен қағидаттарын қолданады.

Тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттарды пайдалануды Банк өз қызметінің үздік халықаралық практикаға сәйкестігін қамтамасыз етудің және тұрақты даму саласындағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің қажетті шарты ретінде қарайды.

Банкте тұрақты дамуды басқаруды іске асыру аясында Банктің директорлар кеңесінің 2019 жылғы 04 маусымдағы шешімімен (№7 шешім) Тұрақты даму саясаты бекітілді.

Банктің тұрақты дамуы
Экономикалық
құрауышы
Экологиялық
құрауышы
Әлеуметтік
құрауышы
Банк қызметінің шығынсыздығы; биологиялық және физикалық табиғат жүйелеріне ықпалды азайту; жұмысқа қабылдау кезінде айқын конкурстық рәсімдерді және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
Жалғыз акционер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз ету; шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану; әділ сыйақы және жұмыскерлердің құқықтарын сақтау;
процестердің тиімділігін көтеру; экологиялық, энергия және материал үнемдейтін технологияларды қолдану. еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыскерлердің денсаулығын сақтау;
неғұрлым жетілген технологияларды құруға және дамытуға инвестициялардың өсуі;   жұмыскерлерді оқыту және кәсіби дамыту;
еңбек өнімділігін арттыру;   ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру.
жаңа жұмыс орындарын құру.    

Банктің Тұрақты даму қағидалары

  • ашықтық;
  • есеп берушілік;
  • айқындық;
  • әдепті тәртіп;
  • мүдделі тараптардың мүдделерін сақтау;
  • заңдылық, адам құқықтарын сақтау;
  • жемқорлыққа төзімсіздік;
  • мүдделер қақтығысына жол бермеушілік.

Банк, сонымен қатар, өз қызметінде БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаларына бейімділігін мәлімдейді:

  1. адам құқықтарын қорғау саласында:
    • Банк халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және құрметтейді;
    • Банк адам құқықтарының бұзылуына қатысы жоқтықты қамтамасыз етеді.
  2. еңбек қатынастары саласында:
    • Банк ұжымдық шарттарды жасасу құқығын қолдайды және мойындайды;
    • Банк мәжбүрлі және бала еңбегін, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюға қолғабыс көрсетеді.
  3. қоршаған ортаны қорғау саласында:
    • Банк экологиялық мәселелерге сақтық қағидасына негізделген тәсілді қолдайды;
    • Банк қоршаған ортаның жағдайы үшін жауаптылықты көтеруге бағытталған бастамаларды қабылдайды;
    • Банк экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуына және таралуына қолғабыс көрсетеді.
  4. сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында:
    • Банк сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына және басқа заңға қайшы әрекеттерге, соның ішінде бопсалаушылық пен парақорлыққа төзімсіздікті мәлімдейді.
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік

Банкте тұрақты дамудың сәтті және тиімді саясатын жүргізу үшін мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікке лайықты көңіл бөлінеді.

Банк ықпал ету саласына байланысты мүдделі тараптардың үш тобын белгілейді: өкілеттіктер және жауапкершілік саласы, тікелей ықпал ету саласы, жанама ықпал ету саласы.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттестіктің негізгі нысандары: бірлескен бағдарламалар мен жобалар, ынтымақтастық туралы меморандумдар, бірлескен жұмыс топтары, қызмет туралы есептілік, кездесулер, кеңесулер, жарияланымдар, сұхбат және басқалар болып табылады.

Банктің мүдделі тараптармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру процесі мүдделі тараптардың мүдделерін Банк қызметін басқару процесінің барлық кезеңдерінде есепке алуды және мүдделі тараптарды мағыналы тақырыптар мен маңызды мәселелерді, әлеуетті тәуекелдер мен жауапкершілік шекараларын талқылауға тартуды білдіретін еліктіру қағидасына негізделген.

Мүдделі тараптармен қарым-қатынастарды басқаруды ұйымдастыру мақсатында Банк өз қызметін келесі базалық қағидаларына аударады:

  • барлық мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу және ескеру;
  • мақсатты аудиторияларды өз қызметі туралы белсенді хабардар етуге тырысу;
  • объективтілікті, анықтықты, тәуелсіздікті және ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржы қаражатын пайдалану;
  • барлық мүдделі тараптармен ашық және өнімді ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
  • мүдделі тараптардың арасында өзіне алған міндеттемелерді орындау;
  • мүдделі тараптардан кері байланысты тұрақты негізде алады.
Ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қолғабыс көрсету

Өз қызметінің шеңберінде Банк өңірлердің дамуына елеулі қолғабыс көрсетеді, осыған байланысты Банк кезең сайынғы негізде сабақтас салаларға және тұтастай экономикаға мультипликативтік әсерді бағалайды.

2019 жылы Банктің жалпы құрылған экономикалық құны 85,7 млрд теңгені құрады. Ірі коммерциялық ұйым бола отырып, Банк негізгі мүдделі тараптардың мүдделері үшін құрылған экономикалық құнды бөлу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосады.

Сонымен қатар, Банк еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту жөніндегі операциялық қызметті жүзеге асыру барысында қоғамға және экономикаға неғұрлым елеулі үлес қосады. Қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесе отырып, Банк мемлекеттің дамуы мен азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін тұрақты тірек жасайды.

Экономикалық тиімді және тұрақты қызмет мақсатына қол жеткізген кезде, Банк экологиялық және әлеуметтік мәселелерде, сондай-ақ корпоративтік басқару мәселелерінде (ESG факторлары: Environmental, Social and Governance) озық халықаралық практиканы ұстанады.

Банк ESG факторларын және жобаларды басым ету құралын – қаржылық қолдау көрсету бойынша шешімдер қабылдау барысында Даму индексін Банктің ESG факторларымен және Даму индексімен таныстырудың көмегімен ендіруге және интеграциялауға тырысады.

Өзіндік экологиялық ықпалды басқару

Өз қызметінің сипатына орай Банк қоршаған ортаға тікелей елеулі ықпал етпейді. Банк тұтынатын негізгі ресурстар электр энергиясы, жылу энергиясы және су болып табылады.

Банк қоршаған ортаға қолайсыз ықпалды болдырмауды барынша жақсы қамтамасыз ететін ресурстарды ұтымды пайдалану қағидалары мен әдістерін қолданады.

Өз қызметінде Банк энергияға тиімді технологияларды енгізу, су тұтынуды азайту, электрондық құжат айналымы жүйесін және екіжақты басып шығару практикасын енгізу есебінен кеңсе қажеттіліктері үшін қағаз шығыстарын азайту арқылы ресурстарды артық тұтынуды қысқартуға және қазіргі жағымсыз экологиялық ықпалды азайтуға тырысады.

Банк «жасыл кеңсе» тұжырымдамасын енгізу мүмкіндігін қарастырады, оның маңызды құрауышы жұмыскерлердің экологиялық саналылық деңгейін көтеруге бағытталған ақпараттық науқан болып табылады.

Жауапты еңбек практикасы

Банк өз қызметкерлерімен еңбек қатынастарын заңдылық және қызметкердің жалпы мойындалған еңбек құқықтарын сақтау қағидасының негізінде құрады.

Өз қызметін жүзеге асырған кезде Банк тең мүмкіндік беру қағидасын басшылыққа алады және өз жұмыскерлерін жұмысқа қабылдау, еңбекақы төлеу, оқуға рұқсат беру, лауазымын көтеру, жұмыстан шығару кезінде жынысы, нәсілі, тілі, діни, саяси және басқа көзқарасы, ұлттық немесе әлеуметтік тегі, шектелген мүмкіндіктері секілді негіздемелер бойынша кемсітуге жол бермейді.

Банк жұмыс орындарында жұмыскерлердің еңбегін дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға тырысады.

Банкте Іскерлік этика кодексінің сақталуын қолдау, қызметкерлерге кеңес беру, дауларды қарауға бастамашылық ету үшін омбудсмен институты жұмыс істейді.

Банк еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаумен байланысты барлық оқиғалар мен проблемаларды оларды азайту немесе жою мақсатында құжаттайды және тергеп-тексереді.

Банк жұмыскерлерге еңбек қауіпсізді және еңбекті қорғау саласындағы қажетті дайындықты береді, соның ішінде жұмыскерлерді осы салада оқытады және біліктілігін арттырады.

Жауапты іскерлік практика

Банк сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын саясаттар мен практикаларды ұстанады.

Банктің барлық деңгейдегі басшылары өзіне бағынысты қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп бойынша үлгі болады, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа бейімділігін, оны ынталандыратынын және қадағалайтынын көрсетеді.

Банк өзінің лауазымды тұлғаларының, жұмыскерлерінің, контрагенттерінің сыбайлас жемқорлық және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін көтереді.

Банкте жұмыскерлерді сыбайлас жемқорлықты жою бойынша оқыту тұрақты негізде өткізіледі.

Банкте шешім қабылдау процесі мыналарға орай құрылады:

  • тұрақты даму қағидаларына бейімділікті Банктің уәкілетті органдары белгілейді;
  • шешім қабылдау процесі қаржы, табиғат және адам ресурстарын тиімді пайдалануға септігін тигізеді;
  • Банкте басқарушы лауазымдар үшін тең гендерлік және нәсілдік мүмкіндіктер берілген;
  • Банкте өзара әрекеттестікті жақсарту үшін салаларды анықтауға көмектесетін мүдделі тараптармен екіжақты ақпарат алмасу процестері белгіленген;
  • Банкте кезең сайынғы негізде басқару процестерін талдау мен бағалау, қажет болса, процестерді түзету және тиісті ақпаратты барлық мүдделі тұлғаларға хабарлау жүргізіледі.

Банк "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына мен Банктің Жарғысына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет аясында қоршаған ортаны қорғау және ол көрсететін қызметтердің әлеуметтік әсері саласында озық халықаралық практиканы қолдануға ұмтылады.

Банк тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысуды сонымен қатар жауапты инвестициялау практасын қолдануға қатысты бастамаларға қосылу арқылы біртіндеп кеңейтуге ниетті.

Қайырымдылық пен демеушілікті ынталандыру

Қайырымдылық пен демеушілік Банктің корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі және Банк қызметі жүргізілетін аумақтың әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғам өміріне қатысудың дәстүрлі бағыттарының бірі болып табылады.

Банк үшін қайырымдылық және демеушілік Банктің іскерлік беделін нығайту және ішкі корпоративтік мәдениетті дамыту тұрғысынан маңызды. Банк қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі келіп түскен барлық өтініштерді қарастырады және әр түрлі нысандағы қайырымдылық жобаларына қызметкерлерді тарту бағдарламасын дамытады: жеке ақшалай және өзге де қайырмалдықтар, әр қызметкердің ортақ іске өзінің жеке үлесін қосуға мүмкіндігі бар.

Банк қайырымдылық, демеушілік және филантропиялық көмекті "Қазақстанның Отбасы банкі" АҚ-ның қайырымдылықты жүзеге асыру ережелеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асырады.

2019 жылы екі ұйымға: 2019 жылғы 21 ақпанда Алматы қ. "WeMen in Business" форумын ұйымдастыру үшін "Парыз" қоғамдық қайырымдылық қорына және 2019 жылғы 20 ақпанда Астана қ. "JAS QANATTAR – BUSINESS TRENDS" жастар кәсіпкерлігі форумын ұйымдастыру үшін Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығына жалпы сомасы 3,5 млн. теңгені құрайтын демеушілік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Банк 2018 жылы қолдаған "Шахматты дамыту қоры" қоғамдық қорының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Барлығына арналған шахмат" атты қайырымдылық жобасы 2019 жылдың ішінде іске асырылды.

Банк қызметкерлерінің бастамасымен және олардың өз қаражаты есебінен жыл бойы мұқтаж жандарға көмек көрсету бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Банктің орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері 2019 жылдың 7 мамырында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, аз қамтылған отбасыларға және 2019 жылдың желтоқсанында Талғар қаласындағы «Нұр» отбасылық қайырымдылық балалар үйіне құттықтау және азық-түлік себеттерін сатып алу үшін қаражат жинауға бастамашылық бастады.


Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру