«Дипломмен ауылға!» бағдарламасын мерзімінен бұрын толық өтеу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚКредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеуге өтініш беру бойынша қызмет алушыларға арналған НҰСҚАУЛЫҚ
«Отбасы банк» АҚ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) азаматтарға кредит беруі бойынша «Дипломмен - ауылға!" бағдарламасының операторы болып табылады.
Бағдарламаға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген немесе оқудан оралған бірқатар мамандықтар бойынша қазақстандықтар қатыса алады. Бұл сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (бұдан әрі - маман). Көрсетілген тізбені ЖАО алдағы кезеңге қалыптастырады.
Басты шарт - мамандар кредит алған кезде ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. Мамандардың кредит алуға өтініш беруі және ЖАО-ның мақұлдауы Банк порталында жүзеге асырылады. Кредит алуға өтініш беру үшін маман https://otbasybank.kz/ порталына тіркеліп, Жеке кабинетке кіруі тиіс, жеке тұлғаның ЭЦҚ болуы тиіс, мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.
Тиісті елді мекендерде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана беріледі.
Ауылдық елді мекенге жұмыс істеу үшін келген маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі ол келген (тіркелген) сәттен бастап ұзақтығы үш жылға дейін белгіленеді. Үш жылдық мерзім аяқталғаннан кейін әлеуметтік қолдау алу құқығы жойылады.
ЖАО маманға төмендегідей шарттарды ескере отырып, іріктеу үшін тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын немесе мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобаларды ұсынады:
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!