Жаңа баспана - әскери қызметкерлерге тұрғын үй кредит беру бағдарламасы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жаңа баспана

Жаңа баспана

тұрғын үй жәрдемақысын алушылар үшін қол жетімді тұрғын үй
Әскери баспана
  • Әскери баспана
    Тұрғын үй төлемдерін алушылар өз баспанасын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу есебінен сатып ала алады
    Әскери баспана
    Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін, Отбасы банкінде арнайы депозит ашып, белгілі бір уақыттан кейін жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) 5%-ға дейінгі (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) мөлшерлемемен займ алу керек
    Әскери баспана
    Тұрғын үй төлемін алушылар баспана құнының 50%-ын жинағаннан кейін, еліміздегі ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй займын ала алады
    Әскери баспана
    Тұрғын үй төлемдерін пәтер жалдауға, сонымен қатар, Отбасы банкінде жинақ ретінде пайдалануға болады.
    Отбасы банкіндегі арнайы салымның артықшылықтары
    Әскери баспана
    Мемлекет сыйлықақысы
    Отбасы банкінде депозит ашу арқылы сіз жыл сайын бір жыл ішінде жинаған қаражаттың 20%-ын құрайтын мөлшерде мемлекет сыйлықақысын аласыз (мемлекет сыйлықақысы 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға беріледі)
    Әскери баспана
    Төлем қабілеттілігінің жеңілдетілген талдауы
    Тұрғын үй займын алу кезінде төлем қабілеттілігін растау процедурасы жеңілдетілген
    Әскери баспана
    Отбасы банкі арнайы салымдарды қорғайды

    Отбасы банкі – арнайы салымдары ерекше мәртебе мен қол сұғылмаушылық кепілдігіне ие жалғыз банк.

    Тұрғын үй төлемдері:

    • Бюджет есебіне алынбайды
    • Банктің алдын-ала/ аралық займдарын қоспағанда, кепіл дүниесі бола алмайды
    • Аталған шот иесінің басқа міндеттемелері бойынша тыйым салынбайды
    • • Басқа екінші деңгейлі банк қандай да бір берілген несиелер бойынша уақтылы төленбеген берешектер үшін төлем талабын қоя алмайды
  • Әскери баспана

    1. Арнайы жеке шотты ашу

    Тұрғын үй төлемдері Отбасы банкінде ашылған арнайы жеке шотқа аударылады.

    Арнайы жеке шот пен салымды ашу үшін не қажет:

    • Жеке куәлік
    • Тұрғын үй төлемін алушы туралы анықтама (әскери қызметті өтіп жатқан жердегі Тұрғын үй комиссиясы тарапынан беріледі)
    • Тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты келісімшарт (жұмыс беруші тарапынан беріледі)
    Әскери баспана

    2. Арнайы салым ашу

    Тұрғын үй төлемдерін жинақ ретінде пайдаланып, олар бойынша мемлекет сыйлықақысы мен банк сыйақысын алу үшін, сізге тұрғын үй төлемдері немесе арнайы жеке шоттан олардың бір бөлігі аударылатын арнайы шот ашу керек.

    Әскери баспана
    Тұрғын үй төлемдері немесе олардың бір бөлігі автоматты түрде ай сайын арнайы жеке шоттан арнайы салымға аударылуы үшін ұзақмерзімді тапсырманы жазу керек.
    Әскери баспана
    Ұзақмерзімді тапсырманы Отбасы банкінің өкілімен жасасуға болады. Қаражатты жинақтау процесі мен басқа да операцияларды https://online.hcsbk.kz сілтемесі бойынша Отбасы банк Интернет-банкингіндегі «Жеке кабинетте» қарай аласыз
    Банкке барудың қажеті жоқ, банк сізге өзі келеді
    Кеңес алу
  • Арнайы жеке шот пен салым ашу үшін қандай құжаттар керек?
    Әскери баспана
    Жеке куәлік
    Әскери баспана
    Тұрғын үй төлемін алушы туралы анықтама (қызмет атқаратын мекемедегі Тұрғын үй комиссияссы береді)
    Әскери баспана
    Үшжақты келісімшарт (жұмыс беруші береді)
    Әскери баспана
    Шот пен салым ашу мақсатында банк кеңесшісін шақырту үшін мына сілтемеге басыңыз.

    Кеңесші:

    Әскери баспана
    Сізге арнайы жеке шот және арнайы салым ашады
    Әскери баспана
    Жеке арнайы шот пен салым ашу кезінде тұрғын үй төлемін алушыға ОТР-код (бірреттік құпиясөз) алу үшін ұялы телефон қажет болады
  • Тұрғын үйді Қазақстанның кез-келген қаласында сатып алуға болады.
    Займ сомасына жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды қосуыңызға болады.
    Тұрғын үй төлемдерін баспана сатып алу үшін тек бір рет қана қолдануға болады!

    Әскери баспана

    Алдын ала займ

    Жаңа үйден пәтер, сондай-ақ, үлестік қатысу келісімшарты бойынша баспана сатып алу үшін алдын ала займ депозитте қаражатты жинақтаусыз бірден беріледі.

    • Бастапқы жарна – 15%дан бастап 50%-ға дейін
    • Сыйақы мөлшерлемесі – 8% (ЖТСМ 8,2% бастап 9,4% дейін)
    • Несиелендіру мерзімі – 8 жылға дейін

    Аралық заем

    Жаңа немесе қолданыстағы үйден пәтер, сондай-ақ, үлестік қатысу келісімшарты бойынша баспана сатып алу және үйдің құрылысы үшін аралық заем депозитке заем сомасының 50%-ын бөлшектеп немесе бірден салғанда беріледі.

    • Бастапқы жарна - 50%
    • Сыйақы мөлшерлемесі - 6% (ЖТСМ 6,2% бастап 6,6% дейін)
    • Несие сомасы - 100 000 000 теңгеге дейін
    • Несиелендіру мерзімі - 25 жылға дейін

    Егер ай сайынғы төлем сомасы (несиелік өтінімді қабылданған күні) тұрғын үй төлемінен көп болса, онда табысты растау қажет.

    Әскери баспана

    Тұрғын үй займы

    Жылдық 3,5%-дан бастап (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) 5%-ға дейінгі (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) мөлшерлемемен тұрғын үй займын алу үшін тұрғын үй төлемін алатын банк салымшысы Отбасы банкінде үй бағасының 50%-ын құрайтын соманы шотында жинауы қажет.

    Займ алу үшін қандай құжаттар керек?

    Қарыз алушы өткізетін құжаттар тізімі:

    • Клиенттің және жұбайының жеке басын куәландыратын құжат
    • Неке қию/бұзу туралы куәлік
    • Балалардың туу туралыы куәлігі

    Қарыз алушының табыс туралы құжаттары:

    • Барлық шегерулері көрсетілген жалақысы туралы анықтама кредиттік өтінім берілгенге дейінгі қатарынан алты ай ішіндегі
    • EGOV-тан алынған клиенттің және жұбайының зейнетақы жарналарының үзіндісі (кредиттік өтінім берілгенге дейінгі қатарынан алты ай ішіндегі)
    • Клиенттің несиелік тарихы (EGOV немесе ХҚКО-да беріледі)
    • Кредиттік өтінім берілгенге дейінгі қатарынан алты ай ішіндегі тұрғын үй төлемдерінің мөлшері туралы ақпарат: тұрғын үй төлемдерін алушының арнайы шотынан алынған Банк/ЕДБ құжаты (үзінді көшірмесі), не жалақы туралы анықтамада (құжатта), не тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтамада

    Тұрғын үйді жөндеуге арналған займдар үшін қажетті құжаттар:

    Әскери баспана
    Құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған шығыстар сметасы (банк талап еткен үлгіде)
    Әскери баспана
    Жөндеу жұмыстары жүргізілетін жылжымайтын мүліктің құқықтық құжаттары (жылжымайтын мүлік тұрғын үй төлемін алушының атына тіркелуі тиіс)
    Әскери баспана
    Тұрғын үй нысанының жөндеу жұмыстарын жүргізгенге дейінгі және одан кейінгі фотосуреттері (түрлі-түсті, кемінде 6 дана, көлемі 10х15)

    Жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға қажетті құжаттар:

    • Тәуелсіз бағалау компаниясының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі
    • Кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікке байланысты құқықтық құжаттар (сатып алу-сату, алмасу, сыйға тарту келісімшарттары, нысанды пайдалануға беруді қабылдау актісі)
    • Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есепке төленген соманы растайтын құжат
    • Кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікке байланысты техникалық паспорт/ жеке меншік құқығын беретін акт

    Сатушыға қажетті құжаттар:

    • Кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктің барлық иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар
    • Неке қию туралы куәлік және жұбайының жеке басын куәландыратын құжат (бар болса)
    • EGOV-тан алынған жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтары (шектеулері) мен техникалық сипаттамасы туралы анықтама (3 айға жарамды)
    • EGOV-тан алынған жердің тіркелген құқықтары (шектеулері) туралы анықтама

    Банк қосымша құжаттар талап етуге құқығы бар.


  • Мысал ретінде қарастырып көрейік
    Әскери баспана
    Әскери баспана

    Мысалы, Астана қаласында қызмет атқарып жүрген лейтенант жақында ғана үйленді, әзірге балалы болып үлгерген жоқ делік. Бұл жағдайда тұрғын үй төлемі 2 адамға 98 784 теңге көлемінде, яғни, 1 адамға 49 392 теңге беріледі (Астана қаласындағы тұрғын үй төлемінің сомасы).

    Егер осы отбасы бастапқы жарнасыз бірден несие алғысы келсе, онда банк оларға 9 700 000 теңгеге займ бере алады.

    Астана қаласында 9 700 000 теңгеге тек бір бөлмелі пәтер сатып ала аласыз. Алайда жас отбасы үшін бұл жеткіліксіз.

    Ал егер тұрғын үй төлемдерін банктегі шотқа жинап отыратын болсаңыз, онда бірнеше жылдан кейін кең пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін займ сомасын алуға үміттене аласыз.

    Қаражатты неліктен ұзағырақ жинақтаған тиімді?
    Жинақтарыңыз неғұрлым көбірек болса, сапалы баспананы сатып алу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары!
    Қаражатты қалай көбірек жинауға болады?
    Әскери баспана
    Тұрғын үй займын алғанға дейін қаражатты ұзағырақ жинаңыз
    Әскери баспана
    Тұрғын үй төлемдері отбасы мүшесінің санына байланысты төленеді: тұрғын үй төлемін алушыға, жұбайына, балаларына. Отбасы мүшесі неғұрлым көбірек болса, соғұрлым үлкен сомадағы қаражатты жинауға болады
    Әскери баспана
    Сіз қаражатты неғұрлым ұзағырақ жинасаңыз, соғұрлым мемлекет сыйлықақысы көбірек, ал тұрғын үй займы бойынша пайыздық мөлшерлеме төмен болады
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру