Депозитті қалай ашуға болады?
-
Сізге ыңғайлы кез-келген жерде – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілері арқылы
-
Сіз тұратын қаланың Кеңес беру орталығында
-
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез-келген бөлімшесінде
-
АО «Казпошта»
АҚ бөлімшелерінде
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мобильді кеңесшілер желісі Қазақстанның
барлық облыстық орталықтарында, сондай-ақ, Алматы, Астана және Семейде жұмыс істейді.
Кеңісшіні сізге ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, үйіңізге, жұмысыңызға
немесе кез-келген жерге шақырту үшін, Сіз:
-
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөліміне кіріңіз
-
қаланы таңдаңыз
-
тізімнен кеңесшіні таңдап, көрсетілген ұялы телефон бойынша оған қоңырау шалыңыз
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық кеңесшілерінің жұмыс жасау сапасы мен тәжірибесіне клиенттер баға береді.
Әр кеңесшінің рейтингі жұлдызшалармен белгіленеді.

Кеңес беру орталықтары Қазақстанның тек ірі қалаларында ғана емес, сонымен қатар, шағын қалаларында да жұмыс істейді.
Кеңес беру орталықтарында сіз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ала аласыз, кеңесшілермен бірге жеке жинақтау жоспарын әзірлеп, сіз тұратын аймақтағы салынып жатқан тұрғын үй нысандарын көре аласыз.
Кеңес беру орталықтарының тізімін, олардың жұмыс уақытын, мекенжайы мен картада орналасқан жерін осы жерден көре аласыз.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелері өз клиенттеріне қызметтердің толық спектрін көрсетеді.
Бөлімшелердің тізімі, олардың жұмыс уақыты, мекенжайлары мен картада орналасқан жерін осы жерден көре аласыз.

Егер сіз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бағдарламаларымен таныс болсаңыз және сізге кеңейтілген
кеңестер қажет болмаса, онда Қазпошта бөлімшелерінде жедел түрде депозит аша аласыз.
Пошта бөлімшелерінің тізімін, олардың жұмыс уақытын, мекенжайлары мен картада орналасқан мекенін осы жерден көре аласыз.