Ұлттық қор-балаларға
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ұлттық қор-балаларға

Сіздің балаңыз 2006 жылы дүниеге келді ме? Құттықтаймыз! Ол қазірдің өзінде (егер бала 18 жасқа толса) немесе жақын арада (18 жасқа толғанда) БЖЗҚ шотынан қаражатты Отбасы банкінде ашылған өзінің ағымдағы шотына аудара алады.

Оны https://enpf-otbasy.kz/ платформасының көмегімен онлайн режимінде жасауға болады.

  • enpf-otbasy.kz. платформасына кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
  • Егер "Ұлттық қор-балаларға" жобасының қатысушысы Отбасы банкінің клиенті болса, онда ағымдағы шот платформада ашылады. Егер жобаға қатысушы осы уақытқа дейін банктің клиенті болмаса, онда ағымдағы шотты Отбасы банкінің жаңа мобильді қосымшасында ашуға болады. Ол үшін App store / Play market дүкендерінен "Otbasy bank lite" мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет. Сондай ақ Баспана маркет порталында шот ашуға болады (otbasybank.kz), банк бөлімшелерінде, кеңесшілердің көмегімен, 300 нөміріне хабарласып немесе бейне-қоңырау арқылы ашуға болады.
  • Содан кейін платформадағы Жеке кабинетте enpf-otbasy.kz БЖЗҚ-дан қаражат алуға сұрау салу және мақсатты таңдау қажет. Мұны қалай жасау керектігі туралы қадамдық нұсқаулықты мына жерден көруге болады.

Жинақтарды тек 2 мақсатқа бағыттауға болады: тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеуге болады.

Мақсаттардың атауы

  • Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)
  • Жеке тұрғын үй салу (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда)
  • Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
  • Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
  • Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша берешекті толық өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
  • Ипотекалық тұрғын үй заемын қайта қаржыландыру
  • Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алу (құрылысты қоспағанда)
  • Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде алынған ипотекалық заем бойынша берешекті ішінара өтеу
  • Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде ипотекалық заем бойынша берешекті толық өтеу
  • Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде ипотекалық тұрғын үй заемын қайта қаржыландыру
  • Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй салу үшін (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) ипотекалық тұрғын үй қарызын алу
  • Төлемді бөліп төлей отырып, сатып алу, жекешелендіру, сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша ішінара төлем
  • Төлемді бөліп төлеу арқылы сатып алу, жекешелендіру, сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша толық төлем
  • Нысаналы мақсаты бар азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке жер учаскесін сатып алу-жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық (түпкілікті есеп)
  • Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша немесе көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы акт жасасу кезінде тұрғын үйді (пәтерді) сатып алу (түпкілікті есеп)
  • "Отбасы банкінде" одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру.
  • Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу
  • Шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу
  • Білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша "AQYL" білім беру жинақтау салымын толықтыру. Отбасы банкінде ол 2024 жылдың 5 ақпанынан бастап қолжетімді болады
  • Білім беру жинақтау-сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарнасы) түрінде қаражат енгізу
  • Білім беру кредиті бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.

Сұрақтарға жауаптар:

"Ұлттық қор – балаларға" қандай бағдарлама және ақшаны кімдер ала алады?

«Ұлттық қор - балаларға» – бұл мемлекеттік жоба, оның аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі, яғни 2006 жылғы және одан кейін туылған барлық балаларға бөлінеді.

18 жастағы бала жинақталған қаражатты қалай аудара алады?

Біз сіздерге арнап нысаналы жинақ төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-ға сұрау салуды өз бетіңізше жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нұсқаулықты дайындадық. Сілтемеге өтіңіз.

Ақшаны алу үшін арнайы шот ашу керек пе?

Ешқандай құжаттарды жинаудың, шот ашудың, қандай да бір ведомстволарға, оның ішінде БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. Бастысы- egov.kz веб-порталдағы жеке кабинетіңізде балаңыздың деректерінің (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бар-жоғын, дұрыстығын тексеру қажет. Егер онда балалар туралы ақпарат болмаса, оларды өзіңіз енгізіңіз, бұл өте жеңіл. Егер мәліметтер дұрыс көрсетілсе, ештеңе істеудің қажеті жоқ. Балалардың ата-аналары алғашқы есептеулер туралы ақпаратты 2024 жылдың ақпан айында egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте көре алады.

Егер бала 18 жасқа толса, алайда өз жинақтарын БЖЗҚ-дан алмаса, онда олар зейнетақы қорында қанша уақыт сақталады?

Нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтаушы шоттарда он жыл сақталады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін ерікті зейнетақы жарналары түрінде азаматтардың жеке зейнетақы шоттарына автоматты түрде аударылатын болады.

Сіз бүгін біздің банкте депозит аша аласыз:

Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру