Мемлекеттік сыйлықақы – бұл Отбасы банкі салымшыларының депозиттеріне олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға деген ынта-ықыласын арттыру үшін республикалық бюджеттен аударылатын қаражат
Мемлекеттік сыйлықақы жыл сайын күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша беріледі.
Қаражат әр жылдың басында барлық депозиттерге бір уақытта аударылады.
Жыл соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинасаңыз, ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақысын аласыз
Нені есте сақтау керек
Мемлекеттік сыйлықақысының көлемі – 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасының 20%-ы. Мемлекеттік сыйлықақы бір жыл ішінде депозитке салынған, бірақ 200 АЕК-тен аспайтын ақша бойынша есептеледі.
Бір салымшыда бірнеше тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болуы мүмкін, алайда мемлекеттік сыйлықақы соның тек біреуіне ғана аударылады.
Мемлекеттік сыйлықақы тек ҚР азаматы болып табылатын азаматтың шотына ғана беріледі.
Ал бір жыл ішінде жинаған ақшаңыз 200 АЕК-тен асып кетсе, онда мемлекеттік сыйлықақы берілмеген жинақ ақшасы келесі жылы ескерілетін болады.
Мемлекеттік сыйлықақы аралық және алдын-ала заемдар алу кезінде кепіл болып саналатын депозиттерге де беріледі.
Мемлекеттік сыйлықақы осыған дейін есептелген жинақ сомасына берілмейді.
Үш жылдан аз уақыт қаражат жинасаңыз және депозитті мерзімінен бұрын жабамын деп шешсеңіз, мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады.
Тұрғын үй заемын алған соң оны баспана жағдайын жақсартуға пайдаланбасаңыз, мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады.
Отбасы банкіндегі салымды бүгін толықтырып, жыл басында сыйлықақы алыңыз!
Бұдан да көбірек ақпарат біздің видеоларымызда:
СізАлматықаласынансыз ба?
Иә
Жоқ
Сервис жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді, жексенбі – демалыс.
Сервис жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді, жексенбі – демалыс.
Сервис жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс.
Құрметті клиенттер!
30 тамыз 2025 жылы Отбасы Банкінің байланыс орталығы жұмыс істемейді.
Осы уақытта сіз Quanysh-Ai жеке кеңесшісінің тәулік бойы қызметін пайдалана аласыз.
Бізге WhatsApp-қа +7 705 925 13 01 нөміріне жазыңыз, біз барлық сұрақтарыңызға қуана көмек
көрсетеміз!
Сіздің Отбасы Банк