Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Мемлекет сыйлықақысы

Мемлекет сыйлықақысы

Мемлекет сыйлықақысы – бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозиттеріне олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға деген ынта-ықыласын арттыру үшін республикалық бюджеттен аударылатын қаражат

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша беріледі.
Қаражат әр жылдың басында бірден барлық депозиттерге бір рет аударылады.
Жыл соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинасаңыз, ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын аласыз

Нені есте сақтау керек

Мемлекет сыйлықақысының көлемі – 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасының 20%-ы. Мемлекет сыйлықақысы бір жыл ішінде депозитке салынған, бірақ 200 АЕК-тен аспайтын ақша бойынша есептеледі.
Бір салымшыда бірнеше тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болуы мүмкін, алайда мемлекет сыйлықақысы соның тек біреуіне ғана аударылады.
Мемлекет сыйлықақысы тек ҚР азаматы болып табылатын азаматтың шотына ғана беріледі.
Ал бір жыл ішінде жинаған ақшаңыз 200 АЕК-тен асып кетсе, онда мемлекеттік сыйлықақы берілмеген жинақ ақшасы келесі жылы ескерілетін болады.
Мемлекет сыйлықақысы аралық және алдын-ала заемдар алу кезінде кепіл болып саналатын депозиттерге де беріледі.

Мемлекет сыйлықақысы осыған дейін аталған бонус есептелген жинақ сомасына берілмейді.
Үш жылдан аз уақыт қаражат жинасаңыз және депозитті мерзімінен бұрын жабамын деп шешсеңіз, мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.
Тұрғын үй заемын алған соң оны баспана жағдайын жақсартуға пайдаланбасаңыз, мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі салымды бүгін толықтырып, жыл басында сыйлықақы алыңыз!

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!