Наурыз Жұмыскер | АО Отбасы банк
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Наурыз Жұмыскер

Наурыз Жұмыскер

Наурыз Жұмыскер | АО Отбасы банк

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 17 наурызынан бастап
Отбасы банкінің барлық бөлімшелерінде басталады!

Егер сіз келесі салаларда жұмыс істейтін жұмысшы мамандықтарының өкілі болсаңыз:

• ауыл, орман және балық шаруашылығы
• тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру
• өңдеу өнеркәсібі
• электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондиционерлеумен жабдықтау
• сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі;
• құрылыс
• көлік және қоймалау

онда сіз "Наурыз Жұмыскер" бағытына қатысуға құқығыңыз бар.


Ол үшін не қажет:

№1 қадам:
Өзіңіздің жұмыс мамандығыңыздың атауын Жұмыс мамандықтарының тізімінен табыңыз

Жұмыс мамандықтарының тізімі (жүктеу)

№2 қадам:
Жұмыс орнынан анықтама үлгісін жүктеп, жұмыс берушіге жүгініңіз

Жұмыс орнынан анықтама үлгісі (жүктеу)

№3 қадам:
Жұмыс беруші анықтаманы бермес бұрын, ұйымды/компанияны/кәсіпорынды экономикалық қызмет түрлері тізімінен (ЭҚТЖЖ) тізімінен тексеруі тиіс

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (жүктеу) тізімі (ЭҚТЖЖ)

№4 қадам:
Егер сіздің мамандығыңыз Жұмыс мамандықтарының тізімінде, ал жұмыс орныңыз ЭҚТЖЖ тізімінде болса, жұмыс беруші Банктің үлгісі бойынша анықтаманы беруі қажет

Жұмыс орнынан алынатын анықтама үлгісі (жүктеу)

№5 қадам:
Жұмыс орнынан алынған анықтамамен аймақтағы кез келген Банк бөлімшесіне (кеңес беру орталықтарынан басқа) алдын ала квалификациядан өту үшін тек 2025 жылдың 17 наурызынан бастап жүгіну қажет

Банк бөлімшелерінің тізімі

Маңызды!!!
Жұмыс беруші мен қызметкер анықтамадағы ақпараттың шынайылығы үшін жауапты. Егер Банк жалған ақпарат бергеніңізді анықтаса, қызметкерге шартпен қарастырылған айыппұл санкциялары қолданылуы мүмкін.

"Наурыз Жұмыскер" – "Наурыз" бағдарламасының бағыты

Несиелендіру шарттары

Несие мақсаты: Тұрғын үй сатып алу, бастапқы тұрғын үйді сатып алу және жөндеу (бір несие келісімі аясында).

Бастапқы жарна:
• 20%-дан бастап;
• 10%-дан бастап, егер бастапқы тұрғын үй таза әрлеуден өткен күйінде болса.

Несие мөлшерлемесі:
• 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) – тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар үшін;
• 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) – тұрғын үйге мұқтаждар мен басқа да ҚР азаматтары мен қандастар үшін.

Максималды несие сомасы (жөндеу сомасын қоса алғанда):
• Астана, Алматы қалалары – 36 млн теңгеге дейін;
• ҚР басқа өңірлері – 30 млн теңгеге дейін.

Жөндеу жұмыстарына арналған қосымша несие Бастапқы тұрғын үйді таза әрлеуден өтпеген күйінде сатып алу кезінде ғана қолжетімді. Жөндеу сомасы тұрғын үй бағасының 20%-ынан аспауы тиіс, бірақ жалпы несие сомасынан артық болмауы керек.


Несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Несие мөлшерлемесін төмендету (несие сомасының 50%-ын жинағаннан кейін):
3,5% (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) бастап 5% (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін) дейін төмендету мүмкіндігі.

Тұрғын үйді таңдау Баспана маркет порталынан таңдауға, броньдауға және сатып алуға болады (https://otbasybank.kz/).

Қатысушының депозитіне қойылатын талаптар

Минималды жинақ сомасы:
2 млн теңге. Кемінде 2 млн теңге болмаған жағдайда өтініш қабылданбайды. Бұл соманы өтініш берген сәтте бір реттік төлеммен салуға болады.

Тарифтік бағдарламалар:
"Табысты", "Сберегательный", "Арнау" бағдарламаларынан басқа барлық тарифтер қолжетімді.

Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау:
Қатысушы "Кейін сатып алу құқығымен жалға беру" және "Наурыз" бағдарламаларына қатыспауы тиіс.

Салымшыда инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы:
Депозит қолданысына тыйым салу, инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулерден бос болуы керек.

Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар

  • ҚР азаматы немесе Қандас мәртебесі;
  • 18-63 жас аралығында болу;
  • Соңғы 6 айда ресми табыстың болуы (жалақы, кәсіпкерлік кіріс, қызмет көрсету шарттары, жәрдемақылар, стипендия, тұрғын үй төлемдері);
  • Соңғы 3 айдағы табыс "Наурыз Жұмыскер" бағыты бойынша берілген анықтамада көрсетілген жұмыс орнынан болуы тиіс;
  • Соңғы 5 жылда өз атына тұрғын үй тіркелмеуі тиіс (ерлі-зайыптылар мен кәмелетке толмаған балалар ескеріледі);
  • Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды;
  • Бағдарламаға жұбайлардың тек біреуі ғана қатыса алады;
  • Қарыз алу және бағдарламаға қатысу туралы ақпаратты Банктің ресми сайтында жариялауға келісім беру.

Сатып алынатын тұрғын үйге қойылатын талаптар

  • Бастапқы тұрғын үй – көпқабатты үйдегі пайдалануға берілген пәтер.
  • Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй – үлестік қатысу шартымен және тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігімен.
  • Екінші нарықтағы тұрғын үй – тек моноқалаларда және ауылдық елдімекендерде (жылына бөлінген қаражаттың 30%-ынан аспайды).
Несие сомасы Бастапқы жарна - % Бастапқы жарна - сома Пайыздық мөлшерлеме Ай сайынғы төлем
(алғашқы 8 жыл)
Ай сайынғы төлем
(келесі 11 жыл)
Жалпы артық төлем (19 жылға)
30 000 000 10 3 000 000 7 % 283 000 131 708 17 553 516
9 % 333 000 22 353 516
20 6 000 000 7 % 253 000 128 010 17 185 259
9 % 303 000 21 985 259
36 000 000 10 3 600 000 7 % 339 600 160 266 21 356 677
9 % 399 600 27 116 677
20 7 200 000 7 % 303 600 155 827 20 914 769
9 % 363 600 26 674 769

Қарыз алушының Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша
міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы Банк құқықтары:

  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру