Жас Отбасы | Отбасы банкі
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жас отбасы

Жас Отбасы

Жуырда ғана некеге тұрғандарға - қаражатты бір жыл жинаған жағдайда аралық заем бар-жоғы жылдық 6%-бен беріледі!
ЖАС ОТБАСЫ, ҚАРАЖАТТЫ БІР ЖЫЛ ЖИНАҒАН ЖАҒДАЙДА АРАЛЫҚ ЗАЕМ БАР-ЖОҒЫ ЖЫЛДЫҚ 6%-БЕН БЕРІЛЕДІ!
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6 % (ЖТСМ 6,3% бастап 6,8% дейін)
Несие мерзімі: 6 жылдан 9 жылға дейін
Несие сомасы: 100 000 000 теңгеге дейін
Кепілзат: сатып алынғалы жатқан жылжымайтын мүлік
Заемның мақсаты
  • Бастапқы нарықта пәтер немесе үй сатып алу және жөндеу, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша
  • Қайталама нарықта пәтер немесе үй сатып алу және жөндеу
  • Үй салу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда)
Маңызды шарттары!
«Жас отбасы» заемын рәсімдеу үшін ерлі-зайыптылардың біреуіне (немесе екеуіне де) Отбасы банкінде ЖАҢА депозит ашып, кемінде 1 жыл бойы қаражат жинау керек
Жинақтау мерзімі өткенде бағалау көрсеткіші (ОП)
5 кем болмауы тиіс
Несиелік өтінім берерде депозитке тұрғын үй бағасының 50%-ын жинау немесе бірден
салу қажет
Депозитті некеге тұрған сәттен бастап бес жылдың ішінде ашуға болады (неке қию туралы
куәлігіңізге сәйкес)
Артықшылықтары:
Жас жұбайлардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды!
Екі жыл өткен соң, тұрғын үй заемына ауысқан кезде мөлшерлеме жылдық 5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін)
Депозитті ерлі-зайыптылардың екеуіне де ашып, Отбасылық пакетке* біріктіріп, ЕКІ ЕСЕ КӨП мемлекет сыйлықақысын алуға болады!
* «Жас Отбасы» өнімінің аясында Отбасылық пакеттің құрамына тек ерлі-зайыптылар қосыла алады.
Маңызды!
Сіз Отбасы банкінің басқа бағдарламаларына ауыса аласыз. Сонда депозитіңіз сақталады, ал оның шарттары өз күшін жояды
Бір салымшыда бірнеше депозит болуы мүмкін, алайда «Жас Отбасы» белгісі соның тек біреуіне ғана қойылады
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысында «Жас Отбасы» бойынша ашылған өз депозитінің болуына рұқсат етіледі
«Жас Отбасы» белгісі бар депозиттерді табыстау тек ерлі-зайыптылардың арасында жүзеге асырылады
«Жас Отбасы» өнімі бойынша төмендегі екі жағдайда ғана салымдарды бөлуге болады:
  • мұрагерлік тәртібінде меншік құқығы туындаған кезде
  • күшіне енген сот шешімі бойынша. Сонымен қатар, қабылдаушы «Жас Отбасы» депозитінің жеңілдіктерін қолдана алмайды
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру