БАНК ӨНІМДЕРІ | Отбасы банк
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

БАНК ӨНІМДЕРІ

"Отбасы банк" АҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қаражат алу үшін бағдарламалардың үлкен таңдауын ұсынады. Сіз икемді пайыздық мөлшерлеме жүйесімен өзіңіз үшін ең қолайлы әдісті таңдай аласыз.

Өнімдік желі

«AQYL» білім беру жинақтау салымы» тарифтік бағдарламасының шарттары - 2024 жылғы 01 ақпаннан бастап қолданыста.

Біздің банктегі жинақтау және кредит беру жүйесінің артықшылықтары:

1. ҚДКБҚ кепілдігі - мемлекет Отбасы банктің барлық депозиттерін сақтандырады;
2. Тәуелсіздік - біздің банктегі салымдар жүйенің тұйықталуына байланысты нарықтың ауытқуына тәуелсіз;
3. Қолжетімділік - қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер төмен;
4. Тиімділік - мемлекет сыйлықақысы және қарыздарды өтеу кезіндегі салықтық жеңілдіктер;
5. Тұрақтылық - қарыз бойынша мөлшерлемелеріміз өзгермейді
(алдын ала/аралық заемынан тұрғын үй заемына ауысуды қоспағанда).

ДЕПОЗИТТЕР

"Баспана" тарифтік бағдарламасы

Отбасы банктегі барлық салымдарға барлық жинақтар тек ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі.
Жаңа салымдар “Баспана” депозиттік бағдарламасы шеңберінде ашылады.
Біздің банкте бұрын қолданыста болған тарифтер бойынша ашылған салымдарға Отбасы банк шартта айқындалған талаптар бойынша қызмет көрсетеді.
1. Отбасы банкте депозит ресімдеу үшін комиссия алынбайды.
2. Депозит бойынша жинақтау мерзімі - 3 жылдан 15 жылға дейін.
3. Отбасы банктің депозиттері бойынша тиімді мөлшерлеме - жылдық 14,4%-ға дейін. Ол банктің 2% сыйақысынан және 200 АЕК-ке дейін шоттағы жинақ сомасының 20%-ы мөлшеріндегі жыл сайынғы мемлекеттің сыйлықақысынан құралады.
4. Бағалау көрсеткішінің мәні 16-ға тең немесе одан жоғары болған кезде салымшы тұрғын үй қарызын алатынына сене алады.

Ай сайынғы депозиттік жарнаны қалай есептеу керек?

Ай сайынғы жарна шарттық соманы және жарна коэффициентін ескере отырып, келесі формула бойынша есептеледі:

Ай сайынғы жарна = Шарттық сома х Жарна коэффициенті
Жинақтау мерзімі, жыл
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
Жарна коэффициенті, %
1.5
1.05
0.83
0.66
0.58
0.52
0.44
0.38
0.34
0.31
0.28
0.26
0.25
ДЕПОЗИТ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ОПЕРАЦИЯЛАР:

Операцияның атауы

Ескертпе

1

Шарттық соманы өзгерту*

1.   Шарттық соманы 500 АЕК-ке дейін төмендетуге болады; 

2.   "Тариф 25/75" және "Тариф 25/75 (мемлекеттік)" тарифтік бағдарламалары бойынша, сондай-ақ 25/75 жинақтау схемасымен "Жеделдетілген тарифтік бағдарлама", "Стандартты тарифтік бағдарлама", "Ұзақ мерзімді тарифтік бағдарлама" тарифтік бағдарламалары бойынша шарттық соманы ұлғайтуға жол берілмейді.

2

Біріктіру

1. Бірыңғай тарифтік бағдарламалар бойынша ғана біріктіруге жол беріледі

2. "АРНАУ" депозиті бойынша салымдарды біріктіруге жол берілмейді.

3."Жас отбасы" белгісі бар салымдарды біріктіруге "Жас отбасы" белгісі бар шарттарды жасасқан ерлі-зайыптылар арасында ғана рұқсат беріледі.

3

Өтеусіз басқаға беру

1.     Банк филиалдарында басқаға беру отбасының келесі мүшелері мен туыстары: жұбайы/зайыбы, ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, ата-анасының ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, нағашылары мен ата-әжелері, нағашы ағалары мен тәтелері, жиендері мен бөлелері арасында жүзеге асырылады.

2.     Интернет-банкинг жүйесінде басқаға беру отбасының келесі мүшелері мен туыстары: жұбайы/зайыбы, ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері арасында жүзеге асырылады.

3.   Салымшы қайтыс болған кезде және соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық жағдайларын қоспағанда, шотта кемінде 50 (елу) АЕК сомасында жинақтар болған кезде басқаға беруге жол беріледі.

4."АРНАУ" депозиті бойынша шегінуге жол берілмейді.

5. "Жас отбасы" белгісі бар салымдарды беруге ерлі-зайыптылар арасында ғана рұқсат етіледі.

4

Бөлу

Бөлуге келесі жағдайларда ғана рұқсат етіледі:

1.   меншік құқығы мұрагерлік тәртібімен туындаған кезде; 

2.   заңды күшіне енген сот шешімі бойынша; 

3.   бөлу жүзеге асырылған күні жаңа салымдардың бірі міндетті түрде бұзылған жағдайда; 

4.   салымдардың бірі бойынша тұрғын үй, аралық, алдын ала қарыздар алуға кредиттік өтінім берілген күні салымдардың бірі бойынша тұрғын үй, аралық, алдын ала қарыздар алу мақсатында салымды 2 (екі) салымға бөлген кезде; 

5.   кредиттік өтінімнің қарыз сомасы азайған кезде.

Бұл ретте, 3, 4, 5-тармақтар бойынша мынадай шарттарды орындау талап етіледі:

- салымды бөлу бір Салымшыға 12 ай ішінде 1 (бір) реттен артық емес беріледі;

- бөлу операциясы нәтижесінде әрбір салымның шарттық сомасы кемінде 500 АЕК болуы тиіс;

- мемлекет сыйлықақысы бөлінген салымдарға барабар бөлінеді, бағалау көрсеткіші бөлінген салымдар үшін бөлек есептеледі;

- шотта 50 (елу) АЕК сомасында жинақтардың ең аз мөлшері болған кезде бөлуге жол беріледі.

 

5

"Баспана" тарифтік бағдарламасына көшу

"Жинақ" тарифтік бағдарламасы бойынша рұқсат етілмейді.

6

ТҚЖ туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу

Тұрғын үй қарызын алуға / тұрғын үй қарызына көшуге байланысты емес жағдайда ТҚЖ туралы шартты бұзу


Отбасы банктің интернет банкингінде депозит талаптарын өзіңіз өзгерте аласыз.

Арнайы салым бойынша депозиттік қызмет көрсетулердің ұйғарынды операциялары :

Арнайы салым

Ескертпе

1

Шарттық соманы өзгерту

1. Шарттық соманы 500 АЕК-ке дейін азайтуға болады;

2. Шарттық соманы арттыруға «25/75 тарифі» және «25/75 (мемлекеттік) тарифі» тарифтік бағдарламалары, сондай-ақ «Жеделдетілген тарифтік бағдарлама», «Стандартты тарифтік бағдарлама» , 25/75 жинақтау сызбасымен « Ұзақ мерзімді тарифтік бағдарлама» тарифтік бағдарламалары бойынша рұқсат етілмейді.

2

Біріктіру

Бірыңғай тарифтік бағдарламалары бойынша ғана біріктіруге жол беріледі.

3

Басқаға беру ақысыз

1. Арнайы қойманы басқаға беруге төмендегі жағдайларда:

- әмбебап құқықтық мирасқорлық жағдайында жол беріледі;

- Банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптармен одан әрі кредит беру үшін кейін олардың арнайы қоймаларын біріктіре отырып, жұбайының атынан басқа арнайы қоймасы бар зайыбының атына беруге жол берілерді.

2. Басқаға беру Банк филиалдарында жүргізіледі.

4

Арнайы салымды бөлу

Төмендегі 2 (екі) жағдайда арнайы салымды бөлуге жол беріледі:

1. Меншікті жинақтарымен ТҚЖ шартына арналған жекеменшік жинақтары бар болған кезде арнайы салымды бөлу;

2. Тұрғын үй төлемдері сомасын ғана қамтитын арнайы салымды бөлу.

Тұрғын үй төлемдерінің сомасын бөлу салымды меншікті қаражаттарға және тұрғын үй төлемдеріне бөлгеннен кейін ғана мүмкін болады.

Міндетті талаптар:

- бөлу операциясы нәтижесінде әр салымның шарттық сомасы 500 АЕК-тен кем болмауы тиіс;

- мемлекет сыйлықақысы бөлінген салымдарға тең бөлінеді, бағалау көрсеткіші бөлінген салымдарға бөлек есептеледі;

- бөлу екеуден артық емес салымға мүмкін болады;

- тек тұрғын үй төлемдері сомасы есебінен жинақталған немесе меншікті қаражаттар мен тұрғын үй төлемдеріне бөлу қорытындысында жинақталған арнайы салымды бөлу осындай салымның жарамды болып табылатын барлық кезеңінде бір рет болуы мүмкін. Меншікті қаражат сомасымен бөлу нәтижесінде жинақталған депозитке Өнімдер тізбесінің 16-т. талаптары таралады.

5

«Баспана» тарифтік бағдарламасына өту

«Жинақ» тарифтік бағдарламасы бойынша рұқсат етілмейді.

6

ТҚЖ шартын мерзімінен бұрын бұзу

Қызметтен қуылған тұлғаларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында анықталған тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатына жинақтар талап етілмейді.

7

Жабу

Тұрғын үй заемын алған кезде/ тұрғын үй заемына өткен кезде салымды жабу.

8

Жинақтау мерзімін өзгерту


17-1. ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатының жарамдылық кезеңінде салым бойынша депозиттік қызмет көрсетулердің ұйғарынды операциялары:

Операциялар атауы

Ескертпе

1

ТҚЖ туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу

Тұрғын үй заемын алумен/тұрғын үй заемына өтумен байланысты емес ТҚЖ туралы шартты бұзу.


17-2. Бірыңғай зейнетақы төлемдерін (әрі қарай – БЗТ) пайдалана отырып, депозит бойынша рұқсат етілген депозиттік қызмет көрсетулердің ұйғарынды операциялары:

Операция атауы

Ескертпе

1

Шарттық соманың өзгеруі

Шарттық сома 500 АЕК-ке дейін азаюы мүмкін.

2

Басқаға беру.

Тыйым салынған.

3

Бөлу

Салымды бөлу ипотекалық тұрғын үй қарызын бергенге дейін келесі жағдайларда жүргізіледі:

1. салымда меншікті қаражат + БЗТ, салымды БЗТ мен меншікті қаражатқа бөлуді жүзеге асыруға рұқсат етіледі;

2. ТҚЖ салымында 100% БЗТ орналастырылған және өз қаражаты жоқ, онда бөлу жылына 1 реттен артық емес (тек БЗТ нысаналы пайдалану кезінде);

3. ТҚЖ салымында Банктің "Жас отбасы" бағдарламасы бойынша меншікті қаражат + БЗТ, салымды БЗТ мен меншікті қаражатқа бөлуге мұрагерлік тәртібінде меншік құқығы туындаған кезде, күшіне енген сот шешімі бойынша ғана жол беріледі.

Бұл ретте өз қаражатымен депозитте "Жас отбасы" белгісі сақталады. Бөлу нәтижесінде туындаған меншікті қаражаты бар депозитке Өнім желісінің 3-тарауының 16-тармағының талаптары қолданылады.

4

Біріктіру

БЗТ белгісі бар ТҚЖ салымдарын біріктіруге кейіннен кредит беру мақсатында келесі жағдайларда жол беріледі:

1. БЗТ белгісі бар ТҚЖ салымдары бір салымшыға тиесілі;

2. БЗТ белгісі жоқ ТҚЖ салымдары БЗТ белгісі бар ТҚЖ салымымен біріктіріледі, бұл ретте ТҚЖ салымына БЗТ белгісі беріледі;

3. Тұрғын үй төлемдері белгісі бар ТҚЖ салымдары БЗТ белгісі бар ТҚЖ салымымен біріктіріледі.

5

Бұзу

БЗТ белгісі бар ТҚЖ салымдарын бұзу:

1. тұрғын үй қарызын ресімдеу кезінде;

2. БЗТ қағидаларына 2-1 сәйкес БЗТ-ні БЖЗҚ-ға қайтару кезінде;

3. БЗТ-ні БЖЗҚ-ға қайтару туралы Банк клиентінің шешімі бойынша.

6

Әмбебап құқықтық мирасқорлық

Салымшы қайтыс болған жағдайда БЗТ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған БЖЗҚ-ға қайтарылуға жатады.

2-1 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары.

ТҚЖ шартына өзгерту енгізудің басқа формасы тікелей қарастырылмаған, 01.11.2016 жылы жасалған ТҚЖ шарты бойынша, депозиттік қызмет көрсету операциялары салымшының өтініші және ТҚЖ шартына жасалған қосымша келісім негізінде жүргізіледі.

01.11.2016 жылы жасалған ТҚЖ шарты бойынша, депозиттік қызмет көрсету операциялары салымшының қабылданған/тіркелген өтініші негізінде және оған берілген сертификат негізінде жүргізіледі.

ОТБАСЫЛЫҚ ПАКЕТ

Өзіңіз қымбат көретін туыстарыңыздың болашағы туралы ойлайсыз ба? “Отбасылық пакет” шеңберінде депозит ашу арқылы Отбасы банктің салымдары бойынша отбасыңыздың табысын арттырыңыз! Оны Сіздің отбасыңыздың барлық мүшелеріне – жұбайыңызға/зайыбыңызға, ата-анаңызға, балаларыңызға, аға-әпкелеріңізге қолдануға болады.
ОТБАСЫЛЫҚ ПАКЕТТІҢ БАСТЫ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Егер Сіз отбасының әрбір мүшесіне депозит ашсаңыз, онда мемлекет сыйлықақысы әрбір ашық салымға есептеледі, алайда бір адамға бірнеше жинақтаушы шот ашылса, онда мемлекет сыйлықақысы олардың біреуіне ғана есептеледі.

"АРНАУ" БАЛАЛАР ДЕПОЗИТІ

Сыйақы мөлшерлемесі: 2% (ЖТСМ 2%-дан 6%-ға дейін)
Жинақтау мерзімі: 10 жылдан бастап, ең көп мерзім 15 жылға дейін
Депозит иелері үшін кредит беру мерзімі: 6 айдан 10 жылға дейін
Жинақтау мерзімі өткеннен кейін қарыз бойынша мөлшерлеме: жылдық 2% (ЖТСМ 2,1% бастап 3,3% дейін)
Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысы:20% (бір жылдағы жинақ сомасына 200 АЕК-ке дейін)
Депозит ашу үшін комиссия: 0%
"Арнау" депозитінде кем дегенде 10 жыл ішінде шарттық соманың 50%-ын жинақтап, Бағалау көрсеткішін (БК)
48-ге жеткізу қажет. Содан кейін депозит иесі тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй қарызын 2% мөлшерлемесі бойынша ресімдей алады.
Қарыз депозиттің кәмелетке толған иесіне ғана беріледі, яғни бала 18 жастан асқан болуы керек.
БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ!
«Арнау» депозитін бөлуге*, табыстауға және біріктіруге болмайды (мысалы «Отбасылық пакетке»);
«Арнау» депозитіне өзге тарифтік бағдарламалардан көшуге болмайды.

*«Арнау» депозиті бойынша салымды тек келесі жағдайларда ғана бөлуге болады:

  • мұрагерлік тәртібімен меншік құқығы туындағанда;
  • сот шешімі заңды күшіне енген уақытта;

бұл ретте мұрагерге «Арнау» депозитінің жеңілдікті шарттары қолжетімсіз болады.

ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН "ЖАС ОТБАСЫ" ДЕПОЗИТІ

Жинақтау мерзімі кемінде 1 жыл.
Жинақтау кезеңінде БК кем дегенде 5 болуы тиіс.
Кредиттік өтінім беру кезінде тұрғын үй сатып алу сомасының 50%-ын жинақтау немесе депозитке салу және бағалау көрсеткішінің 5,0 мөлшеріндегі ең төменгі мәніне қол жеткізу қажет.
Депозит ашылған кезде сіздің некеңіз бес жылдан аспауы керек (неке туралы куәлікке сәйкес).
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Ерлі-зайыптылардың жасына ешқандай шектеулер жоқ!
Қарыз алғаннан кейін екі жыл өткен соң мөлшерлеме тұрғын үй қарызына көшкеннен кейін жылдық 5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін басталады).
Сіз ерлі-зайыптылардың екеуіне де депозиттер ашып, оларды Отбасылық пакетке* біріктіре аласыз* және мемлекеттің ҚОСАРЛАНҒАН сыйлықақысын аласыз!
* "Жас Отбасы" өнімі бойынша Отбасылық пакетке тек ерлі-зайыптылар ғана қатыса алады.
БІЛУ МАҢЫЗДЫ!
Сіз Отбасы банктің басқа бағдарламасына ауыса аласыз, бұл ретте сіздің депозитіңіз қалады, бірақ оның талаптары жойылады
Сізде бірнеше салым болуы мүмкін, бірақ "Жас Отбасы" белгісімен бір ғана депозит болады
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының "Жас Отбасы" депозиті болуы мүмкін
"Жас отбасы" депозиттерін тек ерлі-зайыптылар арасында ғана беруге болады
"Жас Отбасы" өнімі бойынша депозитті бөлуге екі жағдайда ғана жол беріледі:
  • меншік құқығы мұрагерлік тәртібімен туындаған кезде

  • соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша, бұл ретте мұрагерге "Жас Отбасы" депозитінің жеңілдікті талаптары қолданылмайды

ҚАРЫЗДАР

Отбасы банктегі қарыздар тек ұлттық валюта - теңгемен беріледі және төленеді.
ҚАРЫЗ ТЕК ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУҒА БЕРІЛЕДІ:
ҚАРЫЗ ТҮРЛЕРІ:
  • Тұрғын үй қарыз
  • Аралық қарыз
  • Алдын ала қарыз
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАРЫЗЫ

Тұрғын үй қарызы - бұл тұрғын үй жағдайын жақсартуға жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен ең тиімді кредит алуға мүмкіндік беретін кредит беру бағдарламасы ("Бақытты отбасы" бағдарламасы және "Арнау" депозитін қоспағанда, бұл бағдарлама бойынша қарыздың сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2% құрайды).

Төмен пайыздық мөлшерлемелер -
3,5%(ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) 5%( ЖТСМ 5,1% бастап 6,9 % дейін)
Мерзімі - 6 айдан 25 жылға дейін
(жеке тұлғаның кепілдігімен - 6 жылға дейін)
Қарыз сомасы - 100 млн теңгеге дейін

Тұрғын үй қарызын алу үшін не қажет?

Шарттық соманың (тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қажетті соманың) кемінде 50%-ын құрайтын сомаға кемінде үш жыл бойы депозитте жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасының (ТҚЖ) болуы
Отбасы банктің талаптарына сәйкес қажетті қамтамасыз етуді ұсыну
Бағалау көрсеткіш 16-дан кем болмауы тиіс
Клиенттің төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар

Тұрғын үй қарызының тарифтері бойынша мөлшерлемені, мерзімді және ай сайынғы төлемдерді есептеу

Бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні
16
20
25
29
35
41
45
48
53
57
61
66
74
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, %
5
4,8
4,5
4,2
4
3,8
3,7
3,5
3,5
3,5
3,5
3,5
3,5
Қарыздың ең ұзақ мерзімі, жыл
6
7
8
9
10
11
12
14
16
18
21
23
25
Шамамен ай сайынғы төлем, шарттық сомадан %
0,81
0,7
0.62
0.56
0.51
0.46
0.43
0.38
0.34
0.31
0.28
0.26
0.25
АРАЛЫҚ ҚАРЫЗ

Аралық қарыз шотында шарттық соманың 50%-ы бар және 5 мөлшерінде бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне қол жеткізген Отбасы банктің салымшыларына беріледі.

Аралық қарыздарды алу келесі талаптар орындалған кезде мүмкін болады:

  • шарттық соманың кемінде 50% мөлшерінде ТҚЖ жинақтарының болуы;
  • бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне қол жеткізу – 5;
  • Банктің талаптарына сәйкес келетін қажетті қамтамасыз етуді ұсыну;
  • Банктің ішкі құжаттарына сәйкес клиенттің төлем қабілеттілігін растау.
Өтеу әдісіне байланысты аралық қарыздар мынадай түрлерге бөлінеді:

Әдіс Сипаттама Қарыздың ең ұзақ мерзімі
Жеңіл Негізгі борыш бойынша төлемді кейінге қалдыру арқылы өтеу 3 жылдан аспайды. Мерзімі өткеннен кейін: аннуитет не негізгі борышты тең үлестермен төлеу және азайып бара жатқан қалдықтан сыйақы. 9 жыл
Стандарт Аннуитет не борышты тең үлестермен және азайып бара жатқан қалдықтан сыйақы төлеу. 25 жыл
Жеңіл 2 Тұрғын үй қарызына ауысқанға дейін аралық қарыз бойынша негізгі борыштың 50%-ын өтеу.

Аралық қарыздың пайыздық мөлшерлемелері бағалау көрсеткішінің мәніне байланысты.

Оценочный показатель от 10,05-1 7,0-9,995-1 от 5,0 0-4,99
Стандарт қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесі 6,5% 7% 7,5% Х
Жеңіл-2 қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7% 7,5% 8%
Жеңіл қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7,5% 8% 8,5%
Жаңа тұрғын үйге қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ Банктің қазіргі заемшыларына тұрғын үй жөндеу үшін кредит беру/ Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй "жобасы бойынша кредит беру талаптары бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ "Өз үйім" бағдарламасы 6% 6,5% 7%
Бастапқы тұрғын үй сатып алуға "Отбасы Банк" АҚ-да заем алу үшін бастапқы жарна енгізу мақсаттарына аралық тұрғын үй заемдарын беру бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7%
Бастапқы/қайталама тұрғын үйлерді сатып алуға, с.і., үлестік қатысу шарты бойынша және Банктің «Жаңа Баспана» бағдарламасы бойынша тұрғын үй салуға (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) кредит беру талаптары бойынша сыйақы мөлшерлемесі 6% Х
Жаңа тұрғын үйге, құрылыс компаниясының бастапқы жарнаның бір бөлігін субсидиялауы аясында тұрғын үй сатып алуға арналған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7% Х

*5-1 Аралық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 қаулысымен бекітілген Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларына сәйкес жеке тұлғалардың "Отбасы банк" АҚ-да тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша кемінде 500 000 теңге мөлшерінде өтемақы есептелген қарыздарға қолданылады.
*5-2 Аралық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелері Өнімдік желінің 41-4 тармағына сәйкес қарыздарға қолданылады.

Пайыздық мөлшерлемелер – БК-ге қарай 6%-дан (ЖТСМ от 6,2%-дан 6,3%-ға дейін) 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 8,5%-дан 8,9%-ға дейін)

Ең көп қарыз сомасы - 100 млн теңге – қарыз алушыға және онымен байланысты тұлғаға жиынтық белгіленеді.

АРАЛЫҚ ҚАРЫЗ БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

НАРЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА

«Отбасы банк» АҚ ұсынатын нарықтық кредит беру бағдарламалары - бұл еркін нарықта таңдалған бастапқы және қайталама тұрғын үйге 6%-дан 5-2 (ЖТСМ 6,2%-дан 6,3%-ға дейін) 8.5% (ЖТСМ 8,7%-дан 8,9%-ға дейін)-ға дейінгі төмен пайыздық мөлшерлелермен аралық кредитті неғұрлым тиімді алу мүмкіндігі.

БАСТАПҚЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУҒА АРНАЛҒАН АРАЛЫҚ ҚАРЫЗДАР

Бастапқы тұрғын үйді сатып алуға арналған нарықтық кредит беру бағдарламасы - бұл жаңа құрылыстардан тұрғын үй сатып алу үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен аралық қарыз алуға болатын Отбасы банк бағдарламасы.

Кредит беру талаптары. Қарыздар 5 бағалау көрсеткішіне жеткен кезде беріледі

Пайыздық мөлшерлемелер – БК-ге қарай 6%-дан 5-2 (ЖТСМ 6,2%-дан 6,3%-ға дейін) 7%-ға дейін (ЖТСМ 7,3%-дан 8,4%-ға дейін)
Кредит беру мерзімі -
6 айдан 25 жылға дейін
Қарыз сомасы - 100 млн теңгеге дейін (қоса алғанда)

ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚТА ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУҒА АРНАЛҒАН АРАЛЫҚ ҚАРЫЗДАР

Отбасы банк тұрғын үйге кредит берудің нарықтық бағдарламасын ұсынады, ол бойынша қайталама нарықта аралық қарыз алуға болады.

Кредит беру талаптары. Қарыздар 5 бағалау көрсеткішіне жеткен кезде беріледі

Көрсеткіштер Тұрғын үй қарызының түрі
Стандарт Жеңіл Жеңіл 2
Сыйақы мөлшерлемесі (БК-ге қарай) 6,5%-дан (ЖТСМ 6,7%-дан 7,1%-ға дейін) 7,5%-ға дейін (ЖТСМ 7,9%-дан 8,1%-ға дейін) 7,5%-дан (ЖТСМ 7,8%-дан 8,4%-ға) 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 8,7%-дан 8,9-ға дейін%) 7,0%-дан (ЖТСМ 7%-дан 8,1-ға дейін) 8% (ЖТСМ 8%-дан 8,2-ға дейін)
Жекелеген бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесі "Жинақ" тарифтік бағдарламасы бойынша 12% 25 жасқа дейінгі тәрбиеленушілерге және жетім балаларға кредит беру кезінде 7 % -
Қарыз мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін 4 жылдан 9 жылға дейін 4 жылдан 9 жылға дейін
Қарыз сомасы 100 млн тг. қоса алғанға дейін

БАНКТІҢ НАҚТЫ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН АРАЛЫҚ ҚАРЫЗДАР

Бағдарлама тұрғын үй сатып алуға қарыз ресімдеген Банктің нақты қарыз алушыларына (кепіл түріне (жылжымайтын мүлік, мүліктік құқық, жеке тұлғаның кепілдігі) қарамастан) қолданылады. Негізгі талап - тұрғын үйді жөндеу және жаңғырту бұрын қарыз алушы Отбасы банктегі қарыз есебінен сатып алған тұрғын үйде жүзеге асырылуы тиіс. Осы бағдарлама бойынша 1 реттен артық емес кредит беруге жол беріледі.

Кредит беру талаптары. Қарыздар 5 бағалау көрсеткішіне жеткен кезде беріледі

Көрсеткіштер Тұрғын үй қарызының түрі
Стандарт Жеңіл Жеңіл 2
Сыйақы мөлшерлемесі (БК-ге қарай) жылдық 6% (ЖТСМ 6,2%-дан 6,3%-ға дейін)
Қарыз мерзімі 6 айдан 25 жылды қоса алғанға дейін
(Жеңіл қарызы бойынша ең аз мерзім – 4 жыл)
Қарыз сомасы 6 млн тг. қоса алғанға дейін

Салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға, оның ішінде мүліктік құқық кепілімен берілген қарыз бойынша тұрғын үйді жөндеуге арналған қарыз қарыз алушының/қарыз алушының жұбайының (зайыбының) атына меншік құқығы ресімделгеннен кейін ғана берілуі мүмкін. Тұрғын үйге меншік құқығы ресімделгеннен кейін ғана жөндеуге қарыз беру жөніндегі шектеу Банк пен тұрғын үйді жөндеу қызметтерін көрсететін ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде берілген қарыздарға қолданылмайды.

"ӨЗ ҮЙІМ" БАҒДАРЛАМАСЫ. ҚАРЫЗДАР 5 БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШІНЕ ЖЕТКЕН КЕЗДЕ БЕРІЛЕДІ

“Өз үйім” - бағдарламасы - бұл бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үйге тиімді кредит беру бағдарламасы.

Төмен пайыздық мөлшерлемелер
Салымшының құрылыс салушыны, объектіні, пәтерді өз бетінше таңдау мүмкіндігі бар
Мемлекеттік құрылыс бағдарламалары бойынша да, үлестік құрылыс шеңберінде де қарыз алуға мүмкіндік береді

Кредит беру талаптары.

Көрсеткіштер Тұрғын үй қарызының түрі
Стандарт Жеңіл Жеңіл 2
Сыйақы мөлшерлемелері жылдық 6%
Қарыз мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін 4 жылдан 9 жылға дейін 6 айдан 25 жылға дейін
Қарыз сомасы 100 млн тг. қоса алғанға дейін
"ЖАҢА БАСПАНА" БАҒДАРЛАМАСЫ

"Жаңа баспана" – бұл бастапқы/қайталама тұрғын үй сатып алу, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша, және тұрғын үй салу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) үшін қажетті соманың 50% -ы арнайы салымда жинақтаған тұрғын үй төлемдерін алушыларға арналған бағдарлама.

Кредит беру талаптары. Қарыздар 5 бағалау көрсеткішіне жеткен кезде беріледі

Көрсеткіштер Тұрғын үй қарызының түрі
Стандарт Жеңіл Жеңіл 2
Сыйақы мөлшерлемелері жылдық 6% (ЖТСМ 6,2%-дан 6,6%-ға дейін)
Қарыз мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін 6 айдан 25 жылға дейін 6 айдан 25 жылға дейін
Қарыз сомасы 100 млн тг. қоса алғанға дейін

Аралық қарыздың мөлшері мынадай талаптарды ескере отырып есептеледі:

  • ай сайынғы төлем мөлшері (кредиттік өтінімді қабылдау күніне) алынатын ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен аспауы тиіс;
  • егер ай сайынғы төлем мөлшері (кредиттік өтінімді қабылдау күніне) алынатын ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен артық болса, Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес табысты растау қажет.

ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН "ЖАС ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫ

Бастапқы/қайталама тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша, және тұрғын үй салуға (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) кредит беру бағдарламасы.

Кредит беру талаптары:

  • кредиттік өтінім беру сәтінде шарттық соманың кемінде 50%-ын жинақтау;
  • кредиттік өтінім беру сәтінде кемінде 5 бағалау көрсеткішіне қол жеткізу;
  • кредиттік өтінімді беру мерзімі "Жас отбасы" белгісі бар ТҚЖ туралы шарт жасалған сәттен бастап 1 жылдан ерте емес.

Көрсеткіштер Тұрғын үй қарызының түрі
Стандарт Жеңіл Жеңіл 2
Сыйақы мөлшерлемесі x жылдық 6% (ЖТСМ 6,3%-дан 6,8%-ға дейін) x
Қарыз мерзімі x 6 жылдан 9 жылға дейін x
Қарыз сомасы 100 млн теңгені қоса алғанға дейін
КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ЖЫЛДЫҚ 2% МӨЛШЕРЛЕМЕСІ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКПЕН КРЕДИТ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (жылдық тиімді мөлшерлеме 2%-дан 2,1%-ға дейін)

Бағдарлама ЖАО-да кезекте тұрғандарға ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 1-тармағының 1-1), 1-2) тармақшаларында, 68-бабының 2), 3) тармақшаларында айқындалған, соңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы бар адамдардың санаттары үшін) бастапқы нарықтағы тұрғын үйді (пайдалануға қабылданған әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді) сатып алуға кредит беру үшін іске асырылды.

Кредит беру талаптары:

Көрсеткіштер Тұрғын үй қарызының түрі
Стандарт Жеңіл Жеңіл 2
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2%
(жылдық тиімді мөлшерлеме 2%-дан бастап 2,1%-ға дейін)
x жылдық 2%
(жылдық тиімді мөлшерлеме 2%-дан бастап 2,1%-ға дейін)
Қарыз мерзімі 6 айдан 20 жылды қоса алғанға дейін x 6 айдан 20 жылды қоса алғанға дейін
Қарыз сомасы Ең көп қарыз сомасы 1 (бір) шаршы метрді сату құнын қамтитын сатылатын объект туралы ақпарат негізінде айқындалады
КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ЖЫЛДЫҚ 5% МӨЛШЕРЛЕМЕСІ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКПЕН КРЕДИТ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (жылдық тиімді мөлшерлеме 5,2%-дан 5,8%-ға дейін)

Бағдарлама ЖАО-да кезекте тұрғандарға ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 4) тармақшасында айқындалған адамдарды қоспағанда, 67-баптың 1-тармағында айқындалған, соңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы бар адамдардың санаттары үшін) бастапқы нарықтағы тұрғын үйді (пайдалануға қабылданған әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді) сатып алуға кредит беру үшін іске асырылды.

Кредит беру талаптары:

Көрсеткіштер Тұрғын үй қарызының түрі
Стандарт Жеңіл Жеңіл 2
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%
(жылдық тиімді мөлшерлеме 5,2%-дан 5,8%-ға дейін)
Қарыз мерзімі 6 айдан 20 жылды қоса алғанға дейін
(Жеңіл қарызы бойынша ең аз мерзім – 5 жыл)
Қарыз сомасы Ең көп қарыз сомасы 1 (бір) шаршы метрді сату құнын қамтитын сатылатын объект туралы ақпарат негізінде айқындалады
АЛДЫН АЛА ҚАРЫЗ жылдық 7% - ДАН (ЖТСМ 7,3% бастап 9% дейін)

Алдын ала қарыз - бұл Отбасы банктің салымшыларға негізгі борыш бойынша төлемді кейінге қалдырумен тұрғын үй сатып алуға жылдам қарыз алуға мүмкіндік беретін тұрғын үй кредитінің түрі. Осы кезеңде қарыз алушы ай сайын екі бөліктен тұратын төлемді төлейді. Бірінші бөлік кредитті төлеуге, ал екінші бөлігі депозитті толықтыруға бағытталады. Онда бастапқы жарна сомасы 50%-ға дейін жинақталғанда, қарыз алушы тұрғын үй қарызына ауысады. Бұлай дегеніміз - жинақ шотында жинақталған ақша қарызды өтеу шотына түседі, ал кредит мөлшерлемесі бағалау көрсеткішіне байланысты 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) 5%-ға (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9 % дейін) дейін төмендейді ("Бақытты отбасы" бойынша-жылдық 2% (ЖТСМ 2%-дан бастап 2,1%-ға дейін)).

Алдын ала тұрғын үй қарызының ең жоғары сомасы 50 млн. теңге - қарыз алушыға және онымен байланысты тұлғаға жиынтық белгіленеді.

Алдын ала қарыз алу үшін не қажет?

Таңдалған бағдарламаның талаптарына сәйкес Отбасы банктің депозитіндегі жинақ ақша шарттық соманың 0%-ынан 50%-ына дейін
Отбасы банктің талаптарына сәйкес келетін қажетті қамтамасыз ету
Төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар
АЛДЫН АЛА ҚАРЫЗ БЕРІЛЕТІН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ:
"ӨЗ ҮЙІМ" БАҒДАРЛАМАСЫ

"Өз үйім" - бұл Отбасы банктің салымшыларына жаңа ғимараттарда тұрғын үйді неғұрлым тиімді талаптармен сатып алуға мүмкіндік беретін меншікті тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы.

ТҚЖ-ның қажетті жинақтары - шарттық соманың 20%-ынан 50%-ына дейін
Пайыздық мөлшерлеме - жылдық 7%
(ЖТСМ 7,3% бастап 9% дейін)
Қарыз мерзімі - 6 айдан 8 жылға дейін
Қарыз сомасы - 50 млн теңгеге дейін (қоса алғанда)

Неліктен "Өз үйім"?

  • Бағдарлама бойынша тұрғын үй бағасы нарықтық бағадан төмен
  • Үлестік қатысу кезеңінде тұрғын үй сатып алуға болады
  • Сіз салынып жатқан объектідегі пәтерді таңдай аласыз
  • Сатып алынатын тұрғын үйдің орны бойынша тіркелу талап етілмейді
"ЖАҢА БАСПАНА" БАҒДАРЛАМАСЫ
ТҚЖ-ның қажетті жинақтары - шарттық соманың 15%-ынан 50%-ына дейін
Пайыздық мөлшерлеме - жылдық 8%
(жылдық тиімді мөлшерлеме 8,2%-дан бастап 9,4%-ға дейін)
Қарыз мерзімі - 6 айдан 8 жылға дейін
Қарыз сомасы - 50 млн теңгеге дейін (қоса алғанда)
Қарыздың нысаналы мақсаты:

- бастапқы тұрғын үй сатып алу, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша;
- бастапқы тұрғын үйді сатып алу және жөндеу, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша

Алдын ала қарыздың мөлшері мынадай талаптарды ескере отырып есептеледі:

  • ай сайынғы төлем мөлшері (кредиттік өтінімді қабылдау күніне) алынатын ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен аспауы тиіс;
  • егер ай сайынғы төлем мөлшері (кредиттік өтінімді қабылдау күніне) алынатын ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен артық болса, Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес табысты растау қажет..
"КОРПОРАТИВТІК" БАҒДАРЛАМАСЫ ЖЫЛДЫҚ 5% - ДАН (ЖЫЛДЫҚ ТИІМДІ МӨЛШЕРЛЕМЕ 5,2%-ДАН 5,3%-ға дейін)

"Корпоративтік" бағдарламасы компания қызметкерлеріне тұрғын үйді тиімді пайызбен кредитке сатып алуға мүмкіндік береді. Қарыз сомасы Банк қаражатынан және қарыз алушы қызметкері болып табылатын компания қаражатынан қалыптастырылады.

ТҚЖ жинақтары, шарттық сомадан % 0-10% 10-50% Қаржыландыру көзі
Пайыздық мөлшерлеме, жылдық % жылдық X % Ұйым қаражаты
X Y% Микширленген қаражат
Қарыз мерзімі 6 айдан 8 жылға дейін
Қарыз сомасы 50 млн тг дейін
КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ЖЫЛДЫҚ 2% МӨЛШЕРЛЕМЕСІ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКПЕН КРЕДИТ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (жылдық тиімді мөлшерлеме 2%-дан 2,1%-ға дейін)

Бағдарлама ЖАО-да кезекте тұрғандарға ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 1-тармағының 1-1), 1-2) тармақшаларында, 68-бабының 2), 3) тармақшаларында айқындалған, соңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы бар адамдардың санаттары үшін) бастапқы нарықтағы тұрғын үйді (пайдалануға қабылданған әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді) сатып алуға кредит беру үшін іске асырылды.

Кредит беру талаптары

Көрсеткіштер Талаптар
Бастапқы жарна 10%-дан 50%-ға дейін
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2%
(жылдық тиімді мөлшерлеме 2%-дан 2,1%-ға дейін)
Қарыз мерзімі 6 айдан 8 жылды қоса алғанға дейін
Қарыз сомасы Ең көп қарыз сомасы 1 (бір) шаршы метрді сату құнын қамтитын сатылатын объект туралы ақпарат негізінде айқындалады
КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ЖЫЛДЫҚ 5% МӨЛШЕРЛЕМЕСІ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКПЕН КРЕДИТ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (жылдық тиімді мөлшерлеме 5,2%-дан 5,8%-ға дейін)

Бағдарлама ЖАО-да кезекте тұрғандарға ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 4) тармақшасында айқындалған адамдарды қоспағанда, 67-баптың 1-тармағында айқындалған, соңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы бар адамдардың санаттары үшін) бастапқы нарықтағы тұрғын үйді (пайдалануға қабылданған әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді) сатып алуға кредит беру үшін іске асырылды.

Кредит беру талаптары

Көрсеткіштер Талаптар
Бастапқы жарна 10%-дан 50%-ға дейін
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%
(жылдық тиімді мөлшерлеме 5,2%-дан 5,8%-ға дейін)
Қарыз мерзімі 6 айдан 8 жылды қоса алғанға дейін
Қарыз сомасы Ең көп қарыз сомасы 1 (бір) шаршы метрді сату құнын қамтитын сатылатын объект туралы ақпарат негізінде айқындалады
"ҰМАЙ" ӘЙЕЛДЕР ИПОТЕКАСЫ

Қарыз бойынша төлемнің ай сайынғы мөлшері (тек сыйақы) таза ай сайынғы отбасылық табыстың 55%-ынан аспауы тиіс

Қарыздар бастапқы/қайталама тұрғын үй сатып алу үшін, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша, сондай-ақ тұрғын үйді жөндеу мақсаттарына беріледі.

Кредит беру талаптары

Көрсеткіштер Талаптар
Бастапқы жарна 0%-дан 50%-ға дейін
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14,4%
(жылдық тиімді мөлшерлеме 15,4%-дан бастап)
Қарыз мерзімі 6 айдан 10 жылға дейін
Қарыз сомасы
  • таза ай сайынғы отбасы табысы кезінде тұрғын үй сатып алуға:
    550 000 теңгеге дейін - бағалау құнының 85 %-ы*
    550 001 теңгеден 640 000 теңгеге дейін - бағалау құнының 80 %-ы
  • тұрғын үйді жөндеу мақсатына - 3 700 000 теңге.
Сатып алынатын тұрғын үйдің ең көп құны 30 млн. тг. қоса алғанға дейін
"ЖАСЫЛ ИПОТЕКА" БАҒДАРЛАМАСЫ

Қарыздар OMIR/ МЕМСТ Р/ BREAM/ LEED сәйкестік сертификаттары бар құрылыстың жасыл стандартына сәйкес келетін объектіде бастапқы тұрғын үйді сатып алу және жөндеу үшін беріледі

Кредит беру талаптары

Көрсеткіштер Талаптар
Бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,5% (ЖТСМ 13,3%-дан бастап)

"Алтын" деңгейінен төмен емес сәйкестік сертификаты бар объектілерде тұрғын үйді сатып алу/сатып алу және жөндеу кезінде сыйақы мөлшерлемесі:
-ЖАО кезекте тұрғандар - жылдық 7% (ЖТСМ 7,3% бастап);
-тұрғын үй төлемдерін алушылар-жылдық 8% (ЖТСМ 8,4% бастап).
Қарыз мерзімі 6 айдан 10 жылға дейін
Қарыздың ең көп сомасы 35 000 000 теңге
Қаржыландыру көзі Банк қаражаты
(бос қаражат болған жағдайда)
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру