Акционерлерге
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.05.2013ж. № 516 «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шаралары туралы», 22.05.2013ж. № 571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландырудың және ұлттық экономиканы дамытудың бірқатар шаралары туралы» қаулыларына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» 23.08.2013ж. № 628 бұйрығына сәйкес, Банктің қарапайым акциялары «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамына орналастырылатын акциялардың төлеміне берілді.
28.08.2013 жылдан бастап Банктің 7 830 000 (жеті миллион сегіз жүз отыз мың) қарапайым акциялары 010000, Нұр-Сұлтан қ., Орынбор к-сі, 10 үй, тел. 7 (717) 2 798457 мекенжайында орналасқан «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының меншігінде, БСН 130540020197.
I. Акциялар туралы мәлімет:
1. Эмитенттің толық атауы және орналасқан жері:
2. Орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздардың, олардың түрінің шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және саны:
3. Акциялар шығарылымы проспектісімен және олар туралы өзге ақпараттармен танысу мүмкін болатын «Отбасы банкі» АҚ бөлімшелері және лауазымды тұлғалары туралы мәлімет: «Отбасы банкі» АҚ, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91, Қазынашылық департаментінің директоры, телефон: 8 (727) 279-48-29.
4. Акцияларды орналастыру құны және олардың төлемдері туралы мәлімет:
1) жарияланған акциялар саны, түрі:
2) бір қарапайым акцияның атаулы құны — 10 000,00 теңге 3) акциялар артықшылықты сатып алу құқығымен Банктің Жалғыз акционеріне орналастырылды.
5. Тіркеуші туралы мәлімет:
II. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ішкі ережелеріне сәйкес жүргізілетін Облигацияларды орналастыру бойынша өткізілген бірінші мамандандырылған сауда-саттықты (бұдан әрі – «Өткізілген бірінші сауда-саттық») өткізу қорытындысы бойынша Эмитент тарапынан сатып алушының кем дегенде 1 (бір) өтінімі, бірақ ең көбі жылдық 10,5% қанағаттандырылатын мөлшерлеме ретінде айқындалатын болады.
Облигациялардың айналысының басталатын күні туралы және Өткізілген бірінші сауда-саттықтың қорытындысы бойынша белгіленген купондық сыйақының жылдық мөлшерлемесінің мөлшері туралы ақпарат Эмитент тарапынан Эмитенттің (www.hcsbk.kz) және «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (www.kase.kz) корпоративтік сайтында жарияланады.
Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі Облигациялардың бүкіл айналыс мерзімінде тиянақталған болып табылады.
Облигациялар бойынша сыйақы төленеді.
Төлеу күні төленетін сыйақы, купондық сыйақының жарты жылдық мөлшерлемесіне қатысты атаулы құнның туындысы ретінде есептеледі. Үтірден кейінгі таңбалардың саны және дөңгелектеу әдісі «Қазақстан қор биржасы» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес белгіленеді.
Сыйақының соңғы төлемі, облигациялар бойынша негізгі қарыз сомасын төлеумен бір уақытта жүзеге асырылады.
Облигация ұстаушысы Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасы болып табылса, Облигациялар бойынша сыйақыны төлеу, Облигация ұстаушысының Қазақстан Республикасының аумағында теңгедегі банк шоты болған кезде теңгеде жүзеге асырылатын болады.
Төлемді жүзеге асырған кезде теңгені АҚШ доллары немесе Еуро айырбастау ресімі, Эмитент төлем жүзеге асырылған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Облигация ұстаушысынан - Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғасынан тиісті жазбаша өтінішті алған кезде рұқсат етіледі. Аталған айырбас, төлем жүзеге асырылатын күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан белгіленген бағам бойынша жүргізіледі. Теңгені АҚШ доллары немесе Еуро айырбастау ресімі, Облигация ұстаушысының - Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғасының есебінен жүзеге асырылады.
Облигациялар бойынша төлемді Облигация
ұстаушысының - Қазақстан Республикасының резидентінің пайдасына жүзеге асырған кезде теңгені өзге валютаға (АҚШ Доллар мен Евродан басқа) айырбастау рұқсат етілмейді.
Облигациялар, Тиянақтау күніндегі жағдай бойынша Облигация ұстаушыларының тізілімінде тіркелген облигация ұстаушыларының ағымдағы шоттарына ақша (теңгеде) аудару арқылы, Тиянақтау күнінен кейінге күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде купондық сыйақыны бір уақытта төлеумен Облигациялардың атаулы құны бойынша өтеледі.
Эмитенттің айырбас кезінде туындайтын шығындары, Облигациялардың ұстаушысы – Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасына есептелуі тиіс сомадан шегерілетін болады.
KZP01Y07F668 (KZ2C00004133);
1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 7 жыл,
жарты жылдық купон Облигацияларды орналастыру бойынша өткізілген бірінші мамандандырылған сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады;
Таза кірісін бөлу тәртібі
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Акционерлік қоғамының дивидендтерді төлеу туралы ақпарат
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасымен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының есептілік қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін айқындау, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы, Жалғыз акционердің «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне өтініштері, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты қарау туралы (Басқарма отырысының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 23/22 хаттамасы) шешім қабылданды:
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, АО5А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91, деректемелері: жеке сәйкестендіру коды КZ - 539729722853000001, банктік сәйкестендіру коды - HCSKKZKA, бизнес сәйкестендіру нөмірі 030740001404, 2021 жылдың қорытындысы бойынша алынған есептілік қаржы жылының мөлшері 65 754 823 820,56 (алпыс бес миллиард жеті жүз елу төрт миллион сегіз жүз жиырма үш мың сегіз жүз жиырма) теңге 56 тиын:
32 877 465 300,00 (отыз екі миллиард сегіз жүз жетпіс жеті миллион төрт жүз алпыс бес мың үш жүз) теңге 00 тиын мөлшеріндегі сома таза табыс сомасының 50% есебінен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ дивидендтерін төлеуге жұмсалсын;
2) 32 877 358 520,56 (отыз екі миллиард сегіз жүз жетпіс жеті миллион үш жүз елу сегіз мың бес жүз жиырма) теңге 56 тиын мөлшеріндегі таза табыстың қалған бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының билігінде қалдырылсын.
2. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына 4 198,91 (төрт мың бір жүз тоқсан сегіз) теңге 91 тиын есебімен дивиденд мөлшері бекітілсін.
«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқармасы (Басқарманың 30.04.2019 жылғы отырысының № 23/19 хаттамасы) 2018 жылғы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемін бекіту туралы мәселе бойынша шешім қабылдады:
1. 2018 жылғы қаржы жылында алынған 26 455 168 482 (жиырма алты миллиард төрт жүз елу бес миллион бір жүз алпыс сегіз мың төрт жүз сексен екі теңге 77 тиын) көлемінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін (орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, А05А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, деректемелері: жеке сәйкестендіруші коды - KZ539729722853000001, банктік сәйкестендіруші коды - HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіруші нөмірі - 030740001404):
1) таза кірістің 7 936 550 544 (жеті миллиард тоғыз жүз отыз алты миллион бес жүз елу мың бес жүз қырық төрт теңге 83 тиын) көлеміндегі сома дивидендтерді төлеуге жұмсалсын;
2) таза кірістің қалған 18 518 617 937 (он сегіз миллиард бес жүз он сегіз миллион алты жүз он жеті мың тоғыз жүз отыз жеті теңге 94 тиын) Банктің иелігінде қалдырылсын.
2. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивидендтердің көлемі 1013 (бір мың он үш теңге 61 тиын) болып бекітілсін.
«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқармасы (Басқарманың 25.04.2018 жылғы отырысының № 15/18 хаттамасы) 2017 жылғы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемін бекіту туралы мәселе бойынша шешім қабылдады:
1. 2017 жылғы қаржы жылында алынған 25 586 569 582 (жиырма бес миллиард бес жүз сексен алты миллион бес жүз алпыс тоғыз мың бес жүз сексен екі теңге 05 тиын) теңге көлемінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін (орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, А05А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғ.,91, деректемелері: жеке сәйкестендіруші коды - KZ539729722853000001, банктік сәйкестендіруші коды - HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіруші нөмірі - 030740001404):
1) таза кірістің 7 675 970 874 (жеті миллиард алты жүз жетпіс бес миллион тоғыз жүз жетпіс мың сегіз жүз жетпіс төрт) теңге 62 тиын көлеміндегі сома дивидендтерді төлеуге жұмсалсын;
2) таза кірістің қалған 17 910 598 707 (он жеті миллиард тоғыз жүз он миллион бес жүз тоқсан сегіз мың жеті жүз жеті) теңге 43 тиыны Банктің иелігінде қалдырылсын.
2. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивидендтердің көлемі 980 (тоғыз жүз сексен ) теңге 33 тиын болып бекітілсін.
«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқармасы (Басқарманың 26.04.2017 жылғы № 19/17 отырысының хаттамасы) 2016 жылғы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемін бекіту туралы мәселе бойынша шешім қабылданды:
1. 2016 жылғы қаржы жылында алынған 22 596 429 064 (жиырма екі миллиард бес жүз тоқсан алты миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың алпыс төрт) теңге 95 тиын көлемінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін (орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, А05А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғ.,91, деректемелері: жеке сәйкестендіруші коды - KZ30125KZT1001300369, банктік сәйкестендіруші коды - HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіруші нөмірі - 030740001404):
1) таза кірістің 6 778 928 719 (алты миллиард жеті жүз жетпіс сегіз миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың жеті жүз он тоғыз) теңге 49 тиын көлеміндегі сома дивидендтерді төлеуге жұмсалсын;
2) таза кірістің қалған 15 817 500 345 (он бес миллиард сегіз жүз он жеті миллион бес жүз мың үш жүз қырық бес) теңге 46 тиыны Банктің иелігінде қалдырылсын.
2. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивидендтердің көлемі 865 (сегіз жүз алпыс бес) теңге 76 тиын болып бекітілсін.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасы жылдық қаржылық есептілікті бекіту және жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ әрекетіне Жалғыз акционердің сұрау салуы туралы ақпаратын мағлұмат ретінде қабылдау және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшерлемесі жөніндегі мәселе бойынша шешім (10.03. 2016 жылғы Басқарма отырысының № 09/16 хаттамасы) қабылдады:
1) 2015 жылғы Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер Жалғыз акционерге төленбесін және 2015 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша түскен 15 232 242 264 (он бес миллиард екі жүз отыз екі миллион екі жүз қырық екі мың екі жүз алпыс төрт) теңге көлеміндегі таза табыс Банк қарамағына қалдырылсын.
2014 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім (Басқарманың 19.05.2015 жылғы отырысының № 17/15 хаттамасы) қабылдады:
1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2014 жылғы 11 553 289 727 теңге (он бір миллиард бес жүз елу үш миллион екі жүз сексен тоғыз мың жеті жүз жиырма жеті теңге) мөлшеріндегі таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: — таза кірістің 7 166 094 300 теңгесі (жеті миллиард бір жүз алпыс алты миллион тоқсан төрт мың үш жүз теңге) дивидендтер төлеуге жіберілсін; — 4 387 195 427 теңге (төрт миллиард үш жүз сексен жеті миллион бір жүз тоқсан бес мың төрт жүз жиырма жеті теңге) мөлшеріндегі қалған бөлігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ билігіне қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері — 915 (тоғыз жүз он бес) теңге 21 (жиырма бір) тиын мөлшерінде бекітілсін.
2013 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім (Басқарманың 29.05.2014 жылғы отырысының № 18/14 хаттамасы) қабылдады:
1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2013 жылғы 5 997 096 335,13 теңге (бес миллиард тоғыз жүз тоқсан жеті миллион тоқсан алты мың үш жүз отыз бес теңге 13 тиын) мөлшеріндегі таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: — таза кірістің 1 799 177 400,00 теңгесі (бір миллиард жеті жүз тоқсан тоғыз миллион жүз жетпіс жеті мың төрт жүз теңге 00 тиын) дивидендтер төлеуге жіберілсін; — 4 197 918 935, 13 теңге (төрт миллиард жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз он сегіз мың тоғыз жүз отыз бес теңге 13 тиын) мөлшеріндегі қалған бөлігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкіміне қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері — 229,78 теңге (екі жүз жиырма тоғыз теңге 78 тиын) мөлшерінде бекітілсін.
«Байтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім қабылдады («2012 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу және „Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі“ акционерлік қоғамының бір қарапайым акциясына деген есеппен дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе бойынша Басқарманың 29.07.2013 жылғы отырысының № 02/13 хаттамасы):
1) 2 041 836 603,43 теңге (екі миллиард қырық бір миллион сегіз жүз отыз алты мың алты жүз үш теңге 43 тиын) сомасындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: — 611 979 668,29 теңге (алты жүз он бір миллион тоғыз жүз жетпіс тоғыз мың алты жүз алпыс сегіз теңге 29 тиын) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші-деңгейлі банктердің резервтік капиталының ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» 28.08.2009 жылғы № 196 қаулысының талабы негізінде резервтік капиталды қалыптастыруға жұмсалсын; — 714 879 000,00 теңге (жеті жүз он төрт миллион сегіз жүз жетпіс тоғыз мың теңге 00 тиын) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсалсын; -714 977 935,14 теңге (жеті жүз он төрт миллион тоғыз жүз жетпіс жеті мың тоғыз жүз отыз бес теңге 14 тиын) әрі қарай даму үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқаруына қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір қарапайым акциясына деген есеппен 91,30 теңге (тоқсан бір теңге 30 тиын) дивиденд мөлшері бекітілсін.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!