Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бақытты отбасы

Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй
сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы
Егер сіз әкімдікте баспанаға мұқтаж тұлға ретінде кезекте тұрсаңыз және келесі мәртебеге ие болсаңыз:
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
көпбалалы отбасы
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
толық емес отбасы
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
мүмкіндігі
шектеулі баласы
бар отбасы
Сондай-ақ:

Сіздің атыңызда және Сізбен бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмаса

Сіз «Бақытты Отбасы» бағдарламасы бойынша өз үйіңізді сатып алуға заем ресімдей аласыз

Бағдарлама шарттары
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Заем мөлшерлемесі
жылдық 2%
(ЖТСМ 2,1%-дан бастап)
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Ең төменгі бастапқы жарна
Заем сомасының 10%-ы
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Заем мерзімі
20 жылға дейін
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Заем сомасы
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент,
Ақтау, Атырау қалаларында

15 млн.теңгеге дейін
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Заем сомасы
Басқа аймақтарда
10 млн.теңгеге дейін
Не сатып алуға болады?
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Жаңа салынған үйден жаңа пәтер
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Қолданыста болған пәтер
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Жеке тұрғын үй
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Тұрғын үйді сіз әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып алуға болады
Табыс қандай болуы керек?

Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ)
артық болмауы керек (2019 жылы ЕТЖ 42 500 теңгеге тең)

Кіріс ретінде не ескеріледі?

Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік
қызметтен түсетін табыс жатады.

Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.

Негізгі кіріске жататындар:

Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Айлық жалақы
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Жеке кәсіпкерліктен түсетін кіріс (нотариус, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.)
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша түсетін табыс
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Тұрғын үй төлемдері
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Шәкіртақы (негізгі кіріс болған жағдайда)

Қосымша кіріске жататындар:

Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Зейнетақы және зейнетақы аударымдары
(негізгі кіріс болған жағдайда)
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Экологиялық төлемдер
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Өзге жәрдемақылар кіріс ретінде есептелмейді.

Мысалы, отбасында алты адам болса, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін ең жоғарғы табыс келесідей болады:

6 адам х 42 500 теңге = 255 000 теңге

Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
айына 85 000 теңгеден артық емес
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
айына 127 500 теңгеден артық емес
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
айына 170 000 теңгеден артық емес
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
айына 212 500 теңгеден артық емес
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
айына 255 000 теңгеден артық емес
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
айына 297 500 теңгеден артық емес
Қосалқы қарыз алушыны тарту жолдары

Егер сіз өтінім берген кезде жұмыссыз болсаңыз немесе кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда қосалқы қарыз алушыны тартуыңызға болады.

Сіз жұмыс істейсіз Сіз жұмыс істемейсіз
Қарыз алушының кірісі заем алуға жеткілікті Қарыз алушының кірісі заем алуға жеткіліксіз Қарыз алушының кірісі жоқ, бірақ оның жұбайының табысы болған жағдайда Қарыз алушы мен оның жұбайының кірісі болмаған жағдайда
Қосалқы қарыз алушы қажет емес Екі қосалқы қарыз алушы - үшінші тұлғаларды тартуға болады 1) Қосалқы қарыз алушы ретінде жұмыс істейтін жұбайы ресімделеді
+
2) Жұбайының кірісі жеткіліксіз болған жағдайда – қосалқы қарыз алушы ретінде үшінші тұлға ресімделеді
Бағдарламаға қатыса алмайды.

Тек жұмысқа кіргеннен кейін 6 ай өткен соң ғана қатыса алады.
Мақұлданды Мақұлданды Мақұлданды Мақұлданбады

Есептеу мысалы

Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Пәтер бағасы
10 000 000 теңге
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Заем сомасы
10 000 000 теңге
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Бастапқы жарна
(заем сомасының кем дегенде 10%-ы)
1 000 000 теңге
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Заем мерзімі
19 жыл
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Алдын ала заем
Ай сайынғы төлем
8 жыл 52 700 теңгеден
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Тұрғын үй заемы
Ай сайынғы төлем
11 жыл 36 000 теңгеден
Кеңес: бастапқы жарнаны 10%-дан артық құйсаңыз, ай сайынғы төлем бұдан да төмен болады!
Бағдарлама бойынша үйді қалай алуға болады?
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
1. Әкімдікте кезекте тұру.
Ол үшін Сізге әкімдікке барып, кезекке тұрып, отбасы мәртебесін (көпбалалы отбасы, толық емес отбасы немесе мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы) растайтын құжат алу керек.
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
2. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту.
Келісім-шартты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлімшесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегімен бекітуге болады. Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз (қоңырау шалу тегін).
Келісім-шарт бекіту үшін жеке куәлік жеткілікті.
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
3. Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту.
Ол үшін Сізге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне келесі құжаттарды тапсыру керек:
  • отбасыңыздың мәртебесін растайтын әкімдік берген құжат
  • кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жеке куәліктері және балалардың туу туралы куәліктері
  • неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік
  • соңғы 6 ай ішіндегі табыстарды растайтын құжаттар, оның ішінде ерінің немесе әйелінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосалқы заемшының атына берілген құжаттар
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Атыңызда несие бар болса, ол төлем қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін.
Басқа несиелер бойынша уақтылы өтелмеген қарыз болса, оларды жабуға кеңес береміз.
Бастапқы жарнаңыз және төлем қабілеттілігін бағалауға арналған құжаттарыңыз болса, екінші, үшінші және төртінші қадамдарды біріктіре аласыз. Мұны банк бөлімшесінде ғана жасауға болады.
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
4. Тұрғын үй таңдау.
Бұл кезеңде Сізге тұрғын үй іздеп, таңдап, кез келген бағалау ұйымы арқылы таңдалған баспананы бағалап, сатушыдан тұрғын үйдің құқық белгілеуші құжаттарының көшірмелерін алу қажет.
Назар аударыңыз: жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін және құқық белгілеуші құжаттарды төлем қабілеттілігі расталған күннен бастап үш айдан аспайтын уақыт ішінде тапсыру керек.
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
5. Заем ресімдеуге мақұлдау алу (мақұлдау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды).
Ол үшін Сізге жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін, құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін алып, банк бөлімшесіне келіп, заем ресімдеуге және Сіз таңдаған үйдің кепілі бойынша мақұлдау алу керек.
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
6. Бастапқы жарнаны аудару.
Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-на тең. Ақшаны банк бөлімшелері, интернет-банкинг, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төлем терминалдары немесе банктің серіктес ұйымдарының интернет-банкингі мен төлем терминалдары арқылы аударуға болады.
Назар аударыңыз: банк кеңесшілері жарна қабылдамайды.
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
7. Сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекіту.
Мақұлдау алған соң Сізге нотариуста сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын (қажет болған жағдайда) алу керек.
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
8. Заем алу.
Банкке жылжымайтын мүліктің сатып алу-сату келісім-шартын және жұбайыңыздың кепілге рұқсатын өткізгенен кейін банк заемы туралы келісім-шарт бекітіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста кепілді тіркеу керек. Осыдан соң заем беріледі.
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
9. Өз пәтеріңізге немесе үйіңізге көшіп кіру!

Маңызды! ҚР заңнамасына, ішкі құжаттарға және бағдарлама шарттарына сәйкес, қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс кестесі: жұмыс күндері -
09:00-ден 19:00-ге дейін,
сенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейін,
демалыс және мереке күндері - демалыс