«Арнау» депозиті
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Арнау» депозиті

«Арнау» депозиті

Балаңызға пәтер сыйлаңыз!
Бала тез ер жетеді! Ұл-қызыңызға арнап «Арнау» депозитін кем дегенде 10 жылға қазір ашып қойыңыз. Ақшаны аз-аздан жинап отырыңыз. Балаңыз кәмелеттік жасқа толып, ер жеткен кезде ең төмен пайызбен заем алып, баспаналы бола алады. Және бұған табысының аз-көптігі әсер етпейді!
«Арнау» депозитінің шарттары:
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі: 2% (ЖТСМ 2%-дан 6%-ға дейін)
Ең төменгі Жинақ мерзімі: 10 жылдан бастап, максималды - 15 жылдан
Депозит иегерлеріне арналған несиелендіру мерзімі: 6 айдан 10 жылға дейін
Жинақ мерзімі біткен соң заем бойынша жылдық мөлшерлеме: 2% (ЖТСМ 2,1% бастап 3,3% дейін)
Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысы: 20% (бір жыл ішінде жиналған 200 АЕК-ке дейінгі жинақ сомасына)
Депозит ашу үшін комиссия: 0%
«Арнау» депозитінде шарт сомасының 50%-ын кем дегенде 10 жыл бойы жинап, 48 тең Бағалау көрсеткішіне (БК) қол жеткізу керек. Осы талаптар орындалған соң депозит
иегері тұрғын үй сатып алу үшін 2% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй заемын рәсімдей алады.
Заем тек кәмелеттік жасқа толған депозит иегерінің атына беріледі, яғни үй алар сәтте баланың жасы 18-ден жоғары болуы керек.
Қосымша артықшылықтар:
Төлем қабілеттілігін растау процедурасы жеңілдетілген. Әдетте еңбек жолын енді бастаған жастардың жалақысы төмен болады. Алайда «Арнау» депозитінің иесі табысы аз болған жағдайдың өзінде заем ала алады.
Депозитті 18 жасқа дейінгі кез келген балаға ашуға болады. Мысалы, баланың жасы 15-те болса және оның атына депозит ашылса, 10 жылдан кейін, яғни 25-ке келгенде 2%-бен тұрғын үй заемын рәсімдей алады.
«Арнау» депозитін сәбидің атына тек баланың заңды өкілдері (ата-анасы, қамқоршысы) ғана аша алады. Ал оған қаражатты баланың ата-анасы мен қамқоршысынан бөлек, оның әжесі, атасы, ағалары мен әпкелері, тіпті, ұйымдар да толықтыра алады.
Маңызды!
«Арнау» депозитін бөлуге*, басқа тұлғаның атына рәсімдеуге және біріктіруге (мысалы, «Отбасылық пакет» бойынша) болмайды;
«Арнау» депозитіне басқа тариф бағдарламаларынан өтуге болмайды.

* «Арнау» депозиті бойынша салымды бөлуге рұқсат етілетін жағдайлар:

  • мұрагерлік тәртібінде меншік құқығы пайда болғанда;
  • заңды күшіне енген сот шешімі бойынша;

Бұл жағдайларда «Арнау» депозитінің жеңілдетілген шарттары қабылдап алған тұлғаға қатысты қолданылмайды

Салыстырмалы есеп
Шарттар Отбасылық пакет анасы+баласы (2 стандарт депозит) «Арнау» депозиті
Жинақ мерзімі 10 жыл 10 жыл
Шарт сомасы 10 млн 10 млн
Жинақ саны Отбасы (анасы, баласы) Бала
Ай сайын аударып отыру керек сома 19 000 19 000 38 000
Мемлекет сыйлықақысы 512 900 512 900 1 010 297
Жинақ 3 077 400 3 077 400 6 139 116
Жалпы жинақ сомасы 6 154 800 6 139 116
Заем сомасы 3 845 200 3 860 884
Несиелендіру мөлшерлемесі 3,5% 2%
Несиелендіру мерзімі 10 жыл 10 жыл
Ай сайынғы төлем сомасы 38 024 35 525
Артық төлем 717 631 402 155
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру