Егер сіз әкімдік кезегінде тұрсаңыз, онда бағдарламаға қатысу үшін дәл қазір өтінім бере аласыз. Ол үшін сіз «Өтінім беру» түймесін басып, өтінімді толтыру үшін ЖССБ24 Интернет банкингіне өтуіңіз қажет.
2020 жылы өтінімдер 1986-2020 жылдар аралығында әкімдікте есепте тұрған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларынан, сондай-ақ, банк салымшысы болып табылмайтын әкімдік кезегіндегі азаматтардан қабылданады.
Маңызды! «Тексеру және өтінім беру» түймесін баспас бұрын, бұл бағдарламаның сізге қаншалықты қолайлы екенін түсіну мақсатында оның шарттарымен (төменде көрсетілген) алдын ала мұқият танысуларыңызды өтінеміз. Әкімдік кезегінде тіркеуде тұрғаныңызды мына жерден тексере аласыз:
«Шаңырақ» пилот жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтар қатыса алады.
Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әрбір мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі 3,7 күнкөріс минимумынан (КМ, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап – 32 668 теңге) артық болмауы керек. Яғни 2020 жылы отбасының бір мүшесінің табысы 101 270 теңгеден аспауы тиіс.
Баспананы кез келген жаңа тұрғын үй кешенінен сатып алуға болады. "Шаңырақ" жобасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да пәтер сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар құрылыс компанияларынан үлестік қатысу арқылы (пайдалануға берілмеген үйлерден) тұрғын үй сатып ала аласыз.
Әкімдік салған несиелік тұрғын үй бойынша 1 шаршы метрге келесі баға параметрлері белгіленген:
240 мың теңгеге дейін — Алматы қаласында;
220 мың теңгеге дейін — Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта;
200 мың теңгеге дейін — Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта;
180 мың теңгеге дейін — Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалаларында және Қарағанды облысында;
160 мың теңгеге дейін — басқа аймақтарда.
Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жатады.
Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.
Егер сіздің табысыңыз несиені өтеуге жеткіліксіз болса, онда сіз 2 қосалқы қарыз алушыны тартуыңызға болады.
Негізгі кіріске жататындар:
Қосымша кіріске жататындар:
Таза артық төлем, мың теңге*
3 600
6 000
6 400
7 400
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!