Отау бағдарламасы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Банк өнімдерінің тізбесі

Отау бағдарламасы

Бағдарламаның шарттары
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 9 % (ЖТСМ 9,2% бастап 11,8% дейін) кейін жылдық 3,5 % (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5 % (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) төмендейді;
Заем сомасының 50% жинақталғаннан кейін заем бойынша мөлшерле жылдық 3,5 % (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5 % (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) төмендейді;
Бастапқы жарна: заем сомасының 20%-нан бастап;
Заемның ең жоғары сомасы:
•Астана, Алматы қалалары үшін 30 млн теңгеге дейін.
•ҚР қалған өңірлері үшін 18 млн теңгеге дейін;
Несиелеу мерзімі - 19 жылға дейін:
• алдын ала тұрғын үй заемы бойынша: 8 жылға дейін;
• тұрғын үй заемы бойынша: 11 жылға дейін.

Тұрғын үй сатып алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үй сатып алу және жөндеу

Маңызды!
Бағдарламаға Отбасы банк салымшылары ғана қатыса алады
"ОТАУ" бағдарламасына қатысушының депозитіне қойылатын талаптар:
Жинақтау мерзімі – кемінде 18 ай (Депозит мерзімі бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде кемінде 18 ай болуы керек. Жинақтау мерзімі одан аз депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды);
Депозиттегі жинақтың ең аз сомасы: кемінде 1 млн теңге (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте депозиттегі жинақтың ең аз сомасы кемінде 1 млн теңгеге тең болуы тиіс. Жинақтау сомасы бұдан төмен депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды);
Тарифтік бағдарламалар: "Табысты", "Жинақ", "Арнау" тарифтік бағдарламаларын қоспағанда, барлық тарифтік бағдарламалар ("Табысты", "Жинақ" және "Арнау" тарифтік бағдарламалары шеңберінде ашылған депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды)
Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау: Салымшыда "Кейіннен сатып алу мүмкіндігі бар жалға алу" бағдарламасына қатысушы мәртебесінің болмауы.
Салымшыда инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы:  Депозит қолданысына тыйым салу, инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулерден бос болуы керек;
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:
Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе қандасы мәртебесі;
Өтініш берген кезде қатысушының жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы керек;
Соңғы 6 ай ішінде ресми табысының болуы;
Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде (18 жасқа дейінгі балалар) соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша кез келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауы;
Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды;
Бағдарламаға қатысқаны және заем алғаны туралы ақпаратты банктің ресми сайтында орналастыруға келісім беру (бағдарламаға қатысушылар тізімінің ашықтығы үшін)
Бағдарламаға қатысу туралы өтінімді otbasybank.kz порталында беруге болады.

Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі:

  • Салым бойынша сыйақы мөлшерінің көлемі - әрбір 1 000 теңге үшін 5 балл;
  • Депозит мерзімі - әрбір жыл үшін 5 балл (клиент бағдарламаға бірнеше депозитпен қатысқан жағдайда, жинақтау мерзімі ұзағырақ депозит ескеріледі);
  • Тіркелген некенің болуы – некеде тұру жылдарына қарамастан 10 балл;
  • Балалардың болуы (18 жасқа дейінгі) – балалардың санына қарамастан 50 балл.
Бағдарламаға бірнеше депозитті пайдалана отырып қатысуға болады. Алайда өтінім беру сәтінде оларды міндетті түрде біріктіріп, "Баспана"тарифтік бағдарламасына алдын ала көшіріп қою қажет.

Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек алғашқы нарықтан ғана тұрғын үй сатып алуға болады. Басқа елдімекендерде кез келген тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі бар.

Алматы, Астана қалаларында тұрақты тіркеудің болуы міндетті.
САТЫП АЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Пайдалануға берілген, банктің кепілмен қамтамасыз ету талаптарына сай келетін алғашқы нарықтан алынатын тұрғын үй (көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер);
Салынып жатқан тұрғын үй (көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер), тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша, сондай-ақ банктің кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптарына жауап беретін сақтандырудың болуы;
Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарын қоспағанда, банктің кепілмен қамтамасыз ету талаптарына жауап беретін моноқалалардағы, ірі ауылдық елді мекендердегі, аудан орталықтарындағы екінші нарықтағы тұрғын үй

"Отау" ипотекасын алу жөніндегі нұсқаулықтарды жүктеп алыңыз.

Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру